Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikum_po_sostavleniyu_grazhdansko-pravovykh...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
217.6 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ гуманитарлық заң университеті азаматтық құқық кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Ұлттық құқық жоғары

мектебінің Проректор-Директоры

з.ғ.д., профессор

У. Шапақ _____________

«______»___________________2012 ж.

Жұмыс оқу бағдарламасы

Пәннің атауы: «Азаматтық құқықтық шарттардың толтырылу тәжірибесі»

Мамандығы: «Халықаралық құқық» - 5B030200 (4 жылдық оқу)

Оқу нысаны: күндізгі

Барлығы:

2 кредит

Семестр: 4

Курс:

2

Аралық бақылаулардың

саны

2

Бақылау нысаны: емтихан

4 семестр

Еңбек көлемі 90 с.

Астана - 2012

Жұмыс оқу бағдарламасы бакалавриаттың 5В030100-«Құқықтану» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандартының негізінде әзірленген.

Жұмыс оқу бағдарламасын азаматтық құқық кафедрасының аға оқытушысы, құқықтану магистрі Естемиров Марат Асанұлы әзірледі.

Пәннің сипаттамасы

«Азаматтық құқықтық шарттарды толтыру тәжірибесі» пәні экономика мен кәсіпкерлік қызметтің дамуына байланысты маңыздылығы артып, арнайы курс ретінде жоғары оқу орындарында енгізілу қажеттілігі туып отыр. Заңгердің заң құжаттарын сауатты және дұрыс толтыра білуі үшін тек заңды білуді ғана емес, сонымен бірге заңда қарастырылмаған немесе жеткілікті қарастырылмаған кейбір жағдайларды ескере білуін және тәжірибеде оны пайдалана білуін қажет етеді. Қоғамда экономикалық және әлеуметтік қатынастардың қарқынды дамуы азаматтық-құқықтық қатынастардың күрделенуіне алып келді. Пәнді оқып үйренуде студенттердің басты міндеті әрекеттегі ҚР заңнамасының ерекшеліктерін, құқықтың пайда болуы мен дамуының заңдылығын, негізгі заң категориялары мен олардың құрылымын меңгеру. Осымен бірге – олар заң нормаларын өз бетінше анализдеп, құқық субъектілері арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормативті актілерді тәжірибеде пайдалануды үйренулері тиіс.

Курсты оқыту барысында көзделетін басты мақсаттар:

  • Азаматтық құқықтық шарттарда қамтылуы тиіс ережелерді реттейтін құқықтық актілердің мағынасын дұрыс түсіне білу және талдай білуге, сондай-ақ алынған білімді мамандық бойынша жұмыс барысында қолдана білуге студенттерді баулу;

  • Әралуан азаматтық құқықтық шарттарға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын саралай білуді қалыптастыру;

  • Шарттардың жекелеген түрлеріне жан-жақты тоқталу;

  • Шарттардың құқықтық реттелуінің шетелдік тәжірибесіне тереңірек тоқталу;

  • Сот тәжірибесіндегі шарт институтына байланысты туындайтын даулардың шешілуіне баса назар аудару және ондағы ерекшеліктерді талдау;

Азаматтық құқықтық шарттардың құқықтық реттелуін зерттеу танымдық және ғылыми-тәжірибелік маңызға да ие. «Азаматтық құқықтық шарттардың толтырылу тәжірибесі» пәнін зерттеу барысында студенттерге келесідей міндеттер жүктелмек:

  • Аталған пән бойынша дәрістерге қатысу және оқытушы назар аударған тұстарын жазып алуға;

  • Уақытылы аралық бақылауды (тестілеуді, жазбаша бақылау жұмыстарын орындауды, коллоквиумдарды) және қорытынды емтиханды тапсыруға міндетті болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]