Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология(12345).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
25 Кб
Скачать
☆

6.Фильтрлер (жұмыс істеу принциптері,түрлері)

7. Қ.Р-ның «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңындағы экологиялық нормаланулар.

Қ.Р-ның экологиялық қауіпсіздік концепциясы-Қ.Р президентінің шешімімен мақұлданған,1996ж.-дың 30 сәуірінде.1997ж.:1) «Қоршаған ортаны қорғау туралы заң»;2) «Қ.Р азаматтарының денсаулығын сақтау» туралы заң;3) «Ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар» туралы заң; 4) «Экологиялық экспертиза» туралы заң;5) «Атом энергиясын пайдалану» туралы заң;6) «Қ.Р-ның озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясына қосылу» туралы заң;7) «Қ.Р-ның озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасына қосылу» туралы заң.1993ж.: 1)Су кодексі;2)Жануарлар дүниесін қорғау,қалпына келтіру және пайдалану;3) «Орман кодексі».1999ж: «Стандартизация туралы заң».1998ж: «Халықтың радиация қауіпсіздігі» туралы заң.

8.Құрғақ түрде шаң аулағыштар:

Құрғақ шаң аулағыш-бұл аппараттарға циклон жатады.Егер шаң бөлшектері 20 мкм-ден жоғары болса,циклон тиімді істейді.

9.Қазақстан энергетикасы және тұрақты даму.

10. Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы.

Экологияның мақсаты және міндеті.

Экология-тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, организмдердің бір-бірімен өзара байланысын зерттейтін ғылым.Экология ғылымының басты мақсаты-ғаламдық проблемаларды бақылай отырып,ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. «Адам-қоғам-табиғат» арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып,табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды негіздеу. Экологияның негізгі міндеті-популяция, биоценоз және оларда болып жатқан өзгерістерді зерттеп, қазіргі таңдағы планетаның индустриализация және урбанизация жағдайында экологиялық процестер заңдылықтарын ашып,түсініп басқару.

11.Өндірістік ақаба сулардың классификациясы.

Ақаба су-бұрын өндірісте,тұрмыста немесе ауылшаруашылығына пайдаланған, сондай-ақ, қандай да бір лас аймақ,оның ішінде елді-мекен арқылы өткен су немесе адамның тұрмысына және өндірістік іс-әрекетінде пайдаланылғаннан кейін шыққан су.Ол гетерогенді түрдегі жүйе болып саналады.Өндірістік ақаба сулардың құрамы технологиялық процесі мен қолданылатын материалдар түріне және шикізаттың химиялық қасиеттеріне тәуелді.Өндірістік ақаба су ластанған және нормативті таза болып ажыратылады. Ластанған өндірістік ақаба суларының құрамында әр түрлі қоспалар болады және 3 топқа бөлінеді: көбінесе минералдық қоспалармен ластанған; минералдық және органикалық қоспалармен ластанған сулар.

12.Әлеуметтік-экономикалықкризис және тұрақты даму.

13.Қазақстанның жер қорының экологиялық жағдайы.Жер шарының 2%-ын алып жатқан Қазақстан жері солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600км,шығысынан батысына қарай 3000км-ге созылып жатыр.Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары көлік,ауылшаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық жауын-шашын,апатты жағдайда тасталынатын шығарындылар,әскери-өндірістік кешендер жатады. Топырақтың ластану дәрежесінің көрсеткіші ретінде мына формула арқылы есептеп анықтайды: ЛіКК=Хі/ШРКі немесе ЛіКК=Хі/Хф

14. Зиянды заттардың атмосфераға таралуы. Санитарлы қорғаныс зонасы. Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен 1-орында көмірқышқыл газы тұр.Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосферада жиналуға қабілетті. Күкіртті газ әсіресе өсімдіктер үшін қауіпті. Олар жануарлар мен адамға қарағанда бұл газға өте сезімтал. Күкірткөміртек-улы қосылыс,түссіз,оңай жанатын сұйық. Ауамен жарылғыш қоспа түзеді.Санитарлы қорғаныс зонасы-атмосфераны ластайтын кәсіпорындарды елді-мекеннен бөліп тұратын міндетті түрде ағаш егілген, зиянды заттектер қауіпсіздік деңгейге дейін таралатын және арнайы гигиеналық талаптар орындалатын аумақ.

15.Өндіріс қалдықтарының классификациясы. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауылшаруашылығын, үй-жай шаруашылығы жатады.Өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері 1 адамға шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді. Өнеркәсіп қалдықтарының табиғатына байланысты күйіне жіктелуі: 1) Газ тәрізді.а)Шығарынды газдар;б)Түтіндер; 2)Сұйық. а) сулы ерітінділер мен сулар; 3) Қатты.а) Шаң; б) Жанғаннан қалған қалдық шыққан көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтар 2 топқа бөлінеді:өндіріс және тұтыну қалдықтары. Өндіріс қалдықтарына бұйым алу процесінде шыққан жартылай немесе түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттардың, материалдардың, шама бұйымдарының қалдықтары жатады. Тұтыну қалдықтарына пайдалануда болғаны үшін тозып, өздерінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады.

16. Қазақстанның су қорлары және мәселелері. Республикамызда жалпы су қорының көлемі 12000000 га. Су қоры 100млрд. га жер. 56,5% Қазақстан территориясында кездеседі, ал 44% көрші елден ағып келеді. Республикада ұзындықтары 1000-нан 7 өзен бар (Ертіс,Есіл,Жайық,Тобыл,Шу,Іле,және т.б.). Су ең мол өзен-Ертіс. Ұзындығы 4,5мың км.Қазақстанда 1,7мың км Ертіс өзенінің 8 % Қарағанды каналына жіберілген. Қазақстан жер астында 40млрд. текше метр сулар бар.Қазақстанда су қажеттілігі 36мың м3 , әр адамға 6 мың м3 Шығыс Қазақстанда 290 мың м3,ал Батыс Қазақстанда,Атырау,Маңғыстауда 360 мың м3.

17. Газ және бу қоспалары концентрациясын бақылау әдістері. Қалалардың ауа бассейнін нормативтік талаптарға сәйкес қорғау үшін конструкторлық-техникалық, жоспарлық және санитарлық-техникалық шаралар жүзеге асырылады. Санитарлық-техникалық шаралар ұстағыш және газ тазалаушы аппараттарды қолдану арқылы атмосфераға шығарылатын ауада қалқып жүретін және газ тәріздес ластағыштарды азайтуға бағытталған.

18. Суды ластау себептері, көздері және су қорларын пайдалану. Судың ластану себептері: оның барлық жерде қолданылуы, өндірістік-шаруашылық қажеттіліктерді өтеуі,арнайы технологиялық үрдістерді қамтамасыз етуі, утилитарлық функцияларды атқаруы, адамның, жануардың және өсімдіктердің тазалығын қамтамасыз етуі. Ластану көздері:жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді, микроорганимздерді және жылуды енгізетін көзді ластаушылар,судың сапалық нормасын бұзатын ластағыш заттар. Су қорларын пайдалану 2-ге бөлінеді: шығындалады және шығындалмайды.Мысалы, гидроэнергетика және суды тұтыну.

19. Атмосфераны ластаудың жалпы сипаттамасы (қоректену көздері). Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез келген физикалық,химиялық заттектерді және биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды. Ластағыштарға:көмірқышқыл газы, радионуклидтер,күкірт пен азот оксидтері, күкірттісутек жатады.Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады.Атмосфералық табиғи жолмен ластануына жанартау атқылауы, тау жыныстарының үгітілуі,шаң дауылы,орман өрттері, теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі, организмдердің іріп-шіру процессі, космостан келіп түсетін шаң және т.б.

20.Табиғатты пайдалануды дамыту және адамзат болашағы үшін экологияның негізгі биологиялық пән ретіндегі маңыздылығы. Табиғатты пайдалануды дамыту-баға белгілеу жүйесіне экологиялық сипаттамаларды енгізуді, табиғат пайдаланудың ақылық жүйесін жетілдіруді және міндетті экологиялық сақтандыруды көрсетуді көздейді. Табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау қызметін қаржы ынталандыруын құрумен,сондай-ақ,қорғау қызметіндегі қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық құралдарын енгізумен айқындалады. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ресурстарды нормативтен тыс пайдаланғаны немесе нормативтен тыс шығарымды және ластаушы заттардың төгінділері үшін ставкаларды арттырудың тетігі арқылы қоршаған ортаның ластануын азайтуды, экономикалық ынталандыруды қамтамасыз етеді.

21. Альтернативті экологиялық таза энергия көздері. Альтернативті таза энергия көздеріне: 1) Өзен ағысы;2) Толқындар;3) Тасулар,құйылулар; 4) Жел; 5) Күннің сәулеленуі; 6)Теңіз бен мұхит сулары;7) Биогаз жатады. Күн – өте үлкен қуатты энергия көзі.Оның 22 күн ішінде Жерге берген энергия қуаты бүкіл жер әлеміндегі органикалық отынның қуатына тең. Болашағы зор потенциалды энергия түріне мұхиттардың жылу, ағыс, толқындар мен тасу энергия түрлерін жатқызуға болады. Альтернативті экологиялық таза энергия көздері: 1) Геотермалды энергия; 2) Биогаз; 3) Күн сәулесі энергиясы; 4) Өзен ағысы,толқындар, тасулар,құюлар;5) Жел; 6) Мұхиттардың ағыс энергиясы.

22. Кәсіпорындарында қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздері. Ластанудың көздері: өнеркәсіп орны, жылуэнергетикалық кешен, тұрмыстық қалдықтар, мал шаруашылығының қалдығы, химиялық заттар. Ортаны ластау, ол энергия, еңбекті,заттарды орынсыз кеміту, жоғалту процесі. Ластаудың аяғы қайтымсыз бүлдіру,қирату болады.Ластаудың салдарынан құнарлы топырақ азаяды. Биосфера мен экожүйенің өнімділігі төмендейді. Қоғамның бас өндіру күші-адамның физикалық, әрі моральдік жағдайын ластаушы тура, әлде қосымша ластатып жібереді. Табиғатты қолайлы пайдалану проблемасының ішіндегі бүгінгі және келешек ұрпақтары үшін ортаның сапасын сақтау.

23. Туман аулағыштар (талшықты фильтрлер). Туман аулағыштар – газдың ағындарының құрамынан, мөлшері 10мкм-ден кем емес болатын тамшыларды бөліп алатын құрылғы.Туман аулағыштар - газдарды тазарту үшін және олардың құрамынан құнды зат бөлшектерін бөлу үшін атмосфераны өндірістік ластанудан санитарлық тазарту үшін және т.б. қолданылады. Туман аулау үшін электрофильтрлер, арнайы скубберлер, жіңішке демисторлар және т.б. қолданылады.Жұмыс жасау принципі,шаң аулағыштардың жұмыс жасау принципімен ұқсас,бірақ оларға қарағанда туман аулағыштар өзін-өзі тазарту тәртібінде жұмыс жасайды. Туман аулағыштардың негізінен 3 типі бар: төмен және жоғары жылдамдықты туман аулағыштар, торлы-қалталы туман аулағыштар.

24.Табиғи қорлардың жіктелуі. Табиғи қорлардың – табиғи ортаның, қоғамдық-материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін өндірісте пайдаланатын бөлігі.Табиғи қорлардың минералды, климаттық, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлардың дүниесі, теңіздің көтерілуі мен қайтуы және жердің ішкі жылуы,және т.б. түрлері болады.1)Минералды қорлар өнеркәсіпте пайдалануына қарай:отын энергетикалық, рудалық,тау-кендік, табиғи құрылыс материалдар және жерасты минералды сулар болып бөлінеді. 2)Климаттық қорларға Күн мен жел энергиясы,жауын-шашын түрлері және т.б. жатады.3)Су қорларына жер беті сулары,жерасты сулары жатады. 4)Топырақ қорына ауылшаруашылығына жарамды топырақ түрлері жатады.5)Өсімдік қорына ағаштар,бұталар,жем-шөп, жабайы жеміс-жидектер, тағамдық, дәрілік,техникалық өсімдік түрлері жатады.

25.Атмосферадағы зиянды қоспалардың нормалануы (олардың негізгі түрлері, адам организміне әсері, ШРК).Зиянды заттектер үшін биосфераның әр компанентіне арнайы белгіленген ШРКжз-ның шамалары бар.ШРК – жұмыс зонасының ауасындағы зиянды заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/м3. ШРКМБ-елді-мекеннің ауасындағы заттектердің шекті рауалы максималды бір жолдық концентрациясы,мг/м3. ШРКОТ-елді-мекеннің ауасындағы улы заттектердің шекті рауалы орташа тәуліктік концентрациясы ластағыш заттектердің мөлшері кәсіпорындардың территориясында ШРКЖЗ-ның 0,3 бөлігінен аспайтын етіп белгіленеді.ШРКС – шаруашылық-ауыз су мен мәдени-тұрмыстық жағдайға қолданатын су қоймаларындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы,мг/л. ШРКБС - балық шаруашылығында қолданылатын суаттарының сусындағы заттектердің шекті рауалы концентрациясы, мг/л.