
- •1.Қоршаған ортаны қорғау бойынша
- •2.Табиғатты қорғау және тұрақты даму.
- •3.Атмосфераны қорғау бойынша шаң аулау процестерінің параметрлері (түрлері).
- •4.Тұрақты даму стратегиясы және оның механизмі.
- •5.Қазақстандағы экологиялық проблемалар.
- •6.Фильтрлер (жұмыс істеу принциптері,түрлері)
- •8.Құрғақ түрде шаң аулағыштар:
- •9.Қазақстан энергетикасы және тұрақты даму.
- •10. Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы.
- •11.Өндірістік ақаба сулардың классификациясы.
- •12.Әлеуметтік-экономикалықкризис және тұрақты даму.
1.Қоршаған ортаны қорғау бойынша
ҚР-ның конституциясы.
ҚР пре-ті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ бас ассам-
блеясында жасаған баяндамасында тұрақты
дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі
ҚР-ның белсенді қызметін дәлелдейтін мысалдар айтты. 1992-1998жж. Қ. 1-інші болып ядролық полигонды жауып, ядролық қарудан бас тартты. Дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің конституциялары 1948ж. БҰҰ қабылдаған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясындағы» заңдарға сүйенеді.ҚР конституциясында «Әрбір азамат өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар,»-делінген.Мемлекеттегі адамдар арасындағы қарым-қатынастар жалпыға бірдей міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі. 1997ж. «Қоршаған ортаны қорғау туралы заң» қабылданды. ҚР-ның қоршаған ортаға қатысты заңдары дүниежүзілік хаттама мен шарттарға сүйене отырып жазылған.
2.Табиғатты қорғау және тұрақты даму.
Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді,реттелген,табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз,ұзақ уақыттық,бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды-тұрақты даму деп атайды. Табиғатты қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына,қоршаған ортаның сапасын жақсартуға,табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.
3.Атмосфераны қорғау бойынша шаң аулау процестерінің параметрлері (түрлері).
Ауаны тазалауға арналған құралдар 4-ке бөлінеді:
құрғақ және ылғалды шаң ұстағыштар;маталы сүзгіш және электр сүзгіш.Шаңның түріне,оның физикалық және химиялық қасиетіне,дисперсиялық құрамы мен жалпы ауадағы мөлшеріне шығарындыларының температурасына қажетті тазалау дәрежесінің деңгейіне байланысты осы құралдардың ішінен белгілі бір үлгісі таңдалады.Құрғақ шаң ұстағыш аппараттарында қалқыма бөлшектерді тұндыру әр түрлі механизмдерге:гравитациялық,инерциялық,
сыртқа тепкіш және сүзгіштіке негізделген.
4.Тұрақты даму стратегиясы және оның механизмі.
Халықтың қазіргі уақыттағы қажеттіліктеріне сәйкес келетін даму,бірақ келешек ұрпақтардың қажетсінулеріне қанағаттандыру мүмкіншілігінен айырмау.
5.Қазақстандағы экологиялық проблемалар.
Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін негізгі экологиялық проблемалар су ресурсын пайдалануға,радиация әсеріне және қалдықтарға байланысты.Арал теңізі-негізгі экологиялық катастрофа және әлеуметтік-экономикалық проблема эпицентрі ретінде болып отыр.Сумен қамтамасыз ету және оның сапасы Қазақстанда алаңдатушылық туғызуда және орнықты даму үшін Ұлттық жоспарда қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарының бірі.Сәулеленуге ұшырау мәселелері Қазақстан территориясында бұрынғы Одақтық ядролық полигондардың болуына байланысты.Сондай-ақ тазаланбаған өнеркәсіп қалдықтарының көптеп бөлінуі де үлкен экологиялық проблема туғызуда.Сонымен қатар,жер мен ландшафтардың деградацияға ұшырауы,су ресурсының жетіспеуі,елдегі су айдындарының экологиялық мәселелері,елдегі мекендердегі атмосфералық ауа мен топырақтың ластануы биологиялық әр алуандылықтың азаюы да өзекті болып отыр.