
- •1.1 Электрлік жабдықтауда қолданылатын негізгі анықтамалар мен шамалар
- •1.2 Электрэнергияны тұтынатын негізгі салалар
- •1.3 Электр қабылдағыштардың негізгі топтары
- •2.1 Электр энергияны өнеркәсіптік тұтынушылардың сипаттамалары, электр жүктемелерінің графиктері
- •3 Сурет
- •2.2 Өнеркәсіптік өндірістің электрлік жүктемелері
- •2.3 Электр қабылдағыштарды және олардың жүктеме графиктерін сипаттайтын көрсеткіштер
- •3.1 Орташа жүктемені анықтау
- •3.2 Есептік жүктемелерді анықтау
- •3.3 Электр жүктемелерді есептеу кезіндегі негізгі ережелер:
- •3.4 Есептік жүктемені анықтау әдістері
- •4.2 Реактивті қуаттың физикалық мәні
- •4.3 Реактивті қуатты өндіру
- •4.4 Реактивті қуаттың теңдігі немесе балансы:
- •4.5 Қуат коэффициенттері
- •4.6 Реактивті жүктемелерге арналған өтемелегіш қондырғылар
- •5.1 Кәбілдер мен сымдарды төсеу әдістері
- •5.2 Сымдарды қорғаныс құбырларда төсеу
- •5.3 Сымдарды ашық жағдайда төсеу
- •5.4 Күштік және жарықтық тораптардың сұлбалар және құрылымдық орындалуы
- •5.6 Электр торабын кернеу шығыны бойынша есептеу
- •5.7 Электрлік жарықтандыру тораптары
- •6.1 Сақтандырғыштар
- •6.2 Автоматты ауа ажыратқыштары
- •7.1 Өнеркәсіптік кәсіпорынның электрмен жабдықтау жүйесіне қойылатын талаптар
- •7.2 Қосалқы станциялардың электрмен жабдықталу сұлбалары
- •7.3 Қосалқы станциялардың тарату құрылғылары (қстқ) (ру)
- •7.4 Комплектті трансформаторлық қосалқы станциялар (ктп)
- •7.5 Электролизді қондырғылар үшін арналған қосалқы станциясы
- •7.6 Доғалы және рудотермиялық электр пештер (дсп, ртп) арналған қосалқы станциялар
- •7.7 Tрансформаторлардың саны мен қуатын және қосалқы стансалардың түрін таңдау
- •8.1 Электр магниттік тіркесушілік
- •8.2 Электрэнергия сапасының көрсеткіштері
- •8.3 Электрэнергия сапа көрсеткіштерін анықтаудың негізгі формулалары
6.2 Автоматты ауа ажыратқыштары
Олар қалыпты режімде төмен кернеулі тізбектерді ажырату және қосу үшін, қысқа тұйықталудан сақтау үшін қолданады.
Автоматтарда 3 түрлі ажыратқыш болуы мүмкін:
ж
ылулық ажыратқыш, ол уақыт ұстамы бойынша токқа кері тәуелділігі бар биметалдық пластинкадан тұрады, ол асқын жүктемеден қорғайды.\
2
)
максималды ток ажыратқышы - (электрмагниттік)
қысқа тұйықталудан немесе біршама үлкен
асқын токтардан қорғайтын электр магнит.
3) аралас ажыратқыш асқын жүктемеден де, қысқа тұйықталу тогынан да қорғайды.
|
|
|
|
Автоматты ажыратқыштарды таңдау
Жылулық ажыратқыш (магнит қосқыштық жылулық релесі)
I
жылу.ажыр
≥ Iұзақ.
Электр магнитті немесе аралас ажыратқыш
Iэл ≥ Iұзақ.
Электр магнит немесе аралас ажыратқыштың іске қосылу тоғы
Iэл.і.қ ≥ 1,25 ∙ Iқысқ.уақ.
Жалғыз қозғалтқыш тармағы үшін Iқысқа = Iі.қ.
Сипаттамасы токқа кері тәуелді реттелетін ажыратқыштың іске қосылу тогы
Iажыр.і.қ≤ 1,25 Iұзақ.
Жарылысқа қауіпті бөлмелер үшін Iұзақ= 1,25∙ Iқозғ.ұзақ
Барлық жағдайда қорғаныс аппараттары қысқа тұйықталу кезінде сенімді ажырату қажет. Ол үшін бейтарабы жерге тұйықталған желілерде Iқ.т.бірфаз. және бейтарабы оқшауланған желілерде Iқ.т.екіфаз тоққа кері тәуелді Iном.ажыр. 3 немесе одан да көп есе үлкен болуы керек; электр магнитті ажыратқышы бар автоматтың жұмыс тогынан 1,1 немесе одан да көп есе үлкен болуы керек.
7.1 Өнеркәсіптік кәсіпорынның электрмен жабдықтау жүйесіне қойылатын талаптар
Қазіргі заманғы кәсіпорындардың электрмен жабдықтау жүйелері келесідей талаптарға сай болуы қажет:
а) экономикалық және сенімділік;
в) қауіпсіздік және эксплуатация ыңғайлылығы;
с) МЕСТ - 13109 сәйкес электрэнергияның тиісті сапасын, кернеулердің деңгейлері мен ауытқуларын, жиіліктің тұрақтылығын және т.б қамтамасыз ету;
д) түрлі-түсті металдар мен электрэнергияны үнемдеу;
е) салу және эксплуатация периоды кезінде электржелілердің негізгі варианттарын елеулі қайта құрусыз одан ары дамуына мүмкіндік беретін жүйенің икемділігі;
ж) желілік аралық трансформациялану сатылары мен буындардың минимумын, алғашқы шығындардың төмендеуін және сенімділікті жоғарлату мен қатар электрэнергия шығындарын азайтуды қамтамасыз ету үшін тұтынушылардың электрқондырғыларына жоғары кернеуі қорек көздерін максималды жақындату.
7.2 Қосалқы станциялардың электрмен жабдықталу сұлбалары
Электрмен жабдықтау жүйесі ең қолайлы және дұрыс шешілген болса, жоғарғы кернеу көздері тұтынушыларға максималды жақын болып орналасады, ал электр энергияны қабылдау бірнеше пункттерге бөлінеді, бұл торап буындарының санын және аралық трансформациялау сатыларын минималды деңгейге жеткізеді.
Электрмен жабдықтау сұлбасы оның барлық элементтері үнемі жүктелген болатындай салынады (суық резерв, қалыпты режім кезінде сөндірілген, ол төтенше жағдайда ғана қолданылады).
Резервтеу электрмен жабдықтау сұлбасының өзінде ескеріледі. Бұл кезде, электржабдықтардың аса жүктелу қабілетін қолданып және кейбір жағдайларда жауапты емес тұтунушыларды сөндіріп, сөндірілген жүктемелер желінің жұмыс істеп жатқан басқа бөліктер арасында қайта тарату жолымен іске асырылады. Қоректенудің қалпына келуі автоматты түрде іске асырылады. Әдетте ЭЖС (СЭС) элементтерінің бөлек-бөлек жүмыс істеуі қолданылады: желілер, шиналар секциялары, токөткізгіштер, трансформаторлар. Параллель жұмыс істеу ерекше жағдайда ғана рұқсат етіледі:
- соқпалы кенет айнымалы жүктемелер қоректенген кезде;
- электрқозғалтқыштардың өздігінен қосылу жағынан қоректенудің қажетті тез мезгілді қалпына келуді АВР қамтамасыз етпесе.
Қосалқы станция дегеніміз – трансформаторлардан немесе және басқа да электр энергияның түрлендіргіштерінен, тарату құрылғысынан (ТҚ), сонымен қатар көмекші құрылғылардан (аккумулятор батареясы немесе басқа да екіншілік тізбектің қорек көздері, конденсаторлар батареясы, тығыздалған ауа алатын компрессорлық станцияларды, басқару орындары, үй-тұрмыс орындары және т.б.) тұратын электр энергияны түрлендіру мен таратуға арналған электрқондырғы.
Өндірістік кәсіпорындар үшін трансформаторлы қосалқы станциялар (БТҚ (ГПП), ТҚ (ТП)) ең ыңғайлы. Олардан басқа жартылай өткізгішті, машиналы және басқа да ток немесе жиілік түрлендіргіші бар түрлендіргіш қосалқы станциялар (ПП) қолданылады, олардың жалпы құрамы жағынан трансформаторлар қосалқы станциясының аз ғана айырмашылығы бар.
Қорек көзінен келетін энергия түрлендірілмей, тек электрэнергия қабылдағыштарына таратылса, мұндай қосалқы станция таратқыш қосалқы станция (РП) деп аталады.
Ірі энергосыйымдылықты кәсіпорындарда жоғарғы кернеулі 35-220 кВ терең енгізу түріндегі, 6-35кВ ток сымдар түріндегі ЭЖЖ (СЭС).
Кейбір кезде терең енгізу мен ток сымдар қатар қолданылады.
Терең енгізу деп тұтынушылардың электр қондырғыларына жоғарғы кернеу 35-220 кВ максималды жақындатылған ЭЖЖ-ні атаймыз. Бұл кезде аралық трансформациялау сатысының саны және аппараттар саны минималды болады.
Өте ірі кәсіпорындарда желінің қоректенетін кернеуі 330-550 кВ болған кезде, электр энергия U=110-220кВ трансформацияланады. Терең еңгізу магистралды және радиалды сұлбалар бойынша орындалады.