Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Manapova_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
224.26 Кб
Скачать

7.5 Электролизді қондырғылар үшін арналған қосалқы станциясы

 Электролизді қондырғыларды қоректеу үшін жартылай өткізгішті кремний түзеткішті түрлендіргіш қосалқы станциялар қолданылады.

7.6 Доғалы және рудотермиялық электр пештер (дсп, ртп) арналған қосалқы станциялар

 ДСП мен РТП-ларды қоректендіру үшін шықпалық кернеу 200-250 В-қа дейінгі және қуаты 20 МВА және одан жоғары конструкциясы арнайы жасалған трансформаторлар қолданылады.

Трансформатор мен пеш арасындағы токөткіштегі шығындарды төмендету мақсатымен трансформаторлар цех ішінде пештін қасында орнатылады.

Пештер 6-10 кВ кернеу кезінде БТП-ның РУ қоректенуі мүмкін, қондырғылардың оперативті қосылуы мен сөндірілулері КРУ-да орнатылған сөндіргіш В арқылы іске асырылады.

Қуатты пеш трансформаторлары 35-110 кВ кернеуі қорек алады.

Доғалы болат балқыту пештер (ДСП) едәуір пик токтарды және балқу циклы ішінде қуатты тұтынудың бір қалыпты еместігін тудырады, сондықтан трансформатордың қуаты тек шихтаның балқуының алдыңғы периодтары кезінде қолданылады.

Рудотермиялық пештер (РТП) жұмыс істеу режімі ынғайлырақ және эксплуатациялық ток соққылары ауырақ болады.

Төмен cosφ-ге байланысты реактивті қуатты компенсациялау үшін, доға пештердің қондырғыларына 6-10 және 35-110 кВ кернеулі компенсациялау құрылғылары монтаждалады.

7.7 Tрансформаторлардың саны мен қуатын және қосалқы стансалардың түрін таңдау

Қосалқы стансияның санын, түрін және қоректену сұлбасын таңдау электрлік жүктеменің  шамасы мен сипатына, кәсіпорынның планында жүктеменің орналасуына, сонымен  қатар өндірістік, сәулет - құрылыс және эксплуатациялық талаптарға тәуелді болуы қажет.

Технологиялық жабдықтардың орналасуы, қоршаған ортаның шарттары, суу шарттары, өрт және электрқауіпсіздік талаптары ескерлуі қажет.

8.1 Электр магниттік тіркесушілік

 Электр магнит өріс көздері санының өсуі жердің табиғи магнит өрісіне қатысты оның  қарқындылығын бірнеше есе өсіреді (Максвелдің уақытымен салыстырғанда 10 мың есе). Бұл адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді және электр жабдықтар мен электр желілер арасындағы электр магниттік тіркесушілік мәселесін асқындырады. Бұл деген электр энергия тұтынушыларының қалыпты жұмыс істеу және электр желіге басқа тұтынушылардың жұмысын қиындататын  шектен тыс бұрмалауларды мүмкін  етпеу қабілеті.

Электр энергия сапасының төмендеуі  келесіні тудырады:

- электр жүйенің барлық элементтерінде шығындары жоғарлайды;

- айналатын машиналарды қыздырады, оқшаулама тез ескіреді, электр жабдықтардың жұмыс істеу мерзімі азаяды;

- электр энергияны тұтыну және электр жабдықтардың қажетті қуаты өседі;

- релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларының жұмысы бұзылады және жалған іске қосылады;

- электронды басқару жүйелер, есептеу техника және арнайы жабдықтардың жұмысының бұзылуы;

- машиналар мен кәбілдердің оқшауламасы ескіргендіктен бір фазалы қысқа тұйықталудың пайда болу мүмкіндігі және бір фазалы тұйықтаушылар көп фазалыға ауысуы;

- жұмыс істеп тұрған жоғары вольтті электр желілердің қасында жаңадан салынып жатқан сөндірілген сымдар мен тростарда деңгейлері  қауіпті келтірілген кернеудің  пайда болуы;

- теле- және радио аппараттарында бөгеу пайда болуы, рентген жабдығының қате жұмыс істеуі;

- электр энергия есептегіштерінің дұрыс емес жұмыс істеуі.

Нақты стандарт белгілейтін электр энергия сапасының нормалары электрмен жабдықтау жүйелеріндегі кондуктивті электр магнитті бөгеулер үшін электр магнитті тіркесушіліктің деңгейлері болып табылады.  Белгіленген нормаларды сақтағанда электр мен жабдықтау жүйелерінің электр желілері мен электр энергия тұтынушылардың электр желілерінің электр магниттік тіркесушілік қамтамасыздандырылады.

Электрмен жабдықтау жүйелеріндегі кондуктивті электр магнитті бөгеу деген - электр желінің элементтері арқылы таралатын электр магниттік бөгеттер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]