
- •1.1 Электрлік жабдықтауда қолданылатын негізгі анықтамалар мен шамалар
- •1.2 Электрэнергияны тұтынатын негізгі салалар
- •1.3 Электр қабылдағыштардың негізгі топтары
- •2.1 Электр энергияны өнеркәсіптік тұтынушылардың сипаттамалары, электр жүктемелерінің графиктері
- •3 Сурет
- •2.2 Өнеркәсіптік өндірістің электрлік жүктемелері
- •2.3 Электр қабылдағыштарды және олардың жүктеме графиктерін сипаттайтын көрсеткіштер
- •3.1 Орташа жүктемені анықтау
- •3.2 Есептік жүктемелерді анықтау
- •3.3 Электр жүктемелерді есептеу кезіндегі негізгі ережелер:
- •3.4 Есептік жүктемені анықтау әдістері
- •4.2 Реактивті қуаттың физикалық мәні
- •4.3 Реактивті қуатты өндіру
- •4.4 Реактивті қуаттың теңдігі немесе балансы:
- •4.5 Қуат коэффициенттері
- •4.6 Реактивті жүктемелерге арналған өтемелегіш қондырғылар
- •5.1 Кәбілдер мен сымдарды төсеу әдістері
- •5.2 Сымдарды қорғаныс құбырларда төсеу
- •5.3 Сымдарды ашық жағдайда төсеу
- •5.4 Күштік және жарықтық тораптардың сұлбалар және құрылымдық орындалуы
- •5.6 Электр торабын кернеу шығыны бойынша есептеу
- •5.7 Электрлік жарықтандыру тораптары
- •6.1 Сақтандырғыштар
- •6.2 Автоматты ауа ажыратқыштары
- •7.1 Өнеркәсіптік кәсіпорынның электрмен жабдықтау жүйесіне қойылатын талаптар
- •7.2 Қосалқы станциялардың электрмен жабдықталу сұлбалары
- •7.3 Қосалқы станциялардың тарату құрылғылары (қстқ) (ру)
- •7.4 Комплектті трансформаторлық қосалқы станциялар (ктп)
- •7.5 Электролизді қондырғылар үшін арналған қосалқы станциясы
- •7.6 Доғалы және рудотермиялық электр пештер (дсп, ртп) арналған қосалқы станциялар
- •7.7 Tрансформаторлардың саны мен қуатын және қосалқы стансалардың түрін таңдау
- •8.1 Электр магниттік тіркесушілік
- •8.2 Электрэнергия сапасының көрсеткіштері
- •8.3 Электрэнергия сапа көрсеткіштерін анықтаудың негізгі формулалары
7.3 Қосалқы станциялардың тарату құрылғылары (қстқ) (ру)
Әр қосалқы станцияда тарату құрылғылары бар, яғни оларға коммутациялық аппараттар, қорғаныс және автоматика құрылғылары, қосымша құрылғылары, өлшеу аспаптары, жинау және қосу шиналары кіреді.
Конструктивті орындалуына қарай РУ ашық және жабық болып бөлінеді. Олар комплектті немесе жинақталған (қолданылатын жерде жиналады) болады.
Ашық таратушы құрылғылары (АТҚ) (ОРУ) деген - барлық немесе негізгі жабдықтары ашық ауада орналасқан таратушы құрылғы. Жабық таратушы құрылғылар (ЖТҚ) (ЗРУ) жабдықтары ғимаратта орналасқан.
Комплектті таратушы құрылғы (КТҚ) (КРУ) бөлшектеп немесе түгелдей жабылған шкафтардан немесе аппараттар орналасқан блоктардан, қорғаныс және автоматика құрылғыларынан, өлшеуіш аспаптарынан, көмекші құралдарынан тұратын және іште орналастыруға арналған таратушы құрылғы. Ол жиналған болып немесе жинауға толық дайын болып әкелінеді.
Сыртта орнатылатын комплектті тарату құрылғы (КРУН) – бұл сыртта орнату үшін арналған КРУ.
Таратушы ауыстырып қосатын пункт (РП) - түрлендірмей және трансформацияламай бір кернеуде электр энергияны қабылдау және тарату үшін арналған тарату қондырғы.
Ашық тарату қондырғылары (ОРУ). 35 кВ және жоғары кернеу үшін әдетте бөлек элементтері үшін зауыдта жасалған ірі блокті жүйіндерді қолданатын ашық тарату қондырғылары (ОРУ) салынады. ОРУ- лардың конструкциялары түрлі және жоғарғы мен төменгі кернеулерге, электр жалғанулардың қабылданған сұлбасына, жоғары кернеу (ВН) жағында сөндіргіш немесе оларды қысқа түйықтағыш КЗ және ажыратқыш ОД бар болуына және олардың ауа желісі ЛЭП пен трансформаторға қатысты орналасуына тәуелді болады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың БТП-да 110-35/10 кВ кернеулі РУ, әдетте, ашық қылып орындайды және ауасы қатты ластанған өндірістер үшін, бос территория жоқ болған кезде, қоршаған ортаның температурасы өте төмен кезде немесе ерекше талаптар кезде - жабық болып орындайды.
ОРУ-ды қолдану қосалқы стансаларды салу мерзімін азайтады және бағасын төмендетеді. Электр жабдықтарды ауыстыру және демонтаж жасау кезінде ОРУ-лар жабдықтарға оңайырақ болады. Бірақ ОРУ-ды күту жабыққа қарағанда күрделірек. Сонымен қатар, сыртта орналастыру үшін қымбатырақ электржабдықтар қажет, өйткені олар ауа райы әсерлеріне шыдау қажет.
ОРУ-дің тіреу конструкцияларында темірбетон немесе металл қолданылады, ошиновка әдетте иілгіш сымнан жасалады, ол оқшаулағыштар гирляндасы көмегімен тірекке жалғанады.
ОРУ-дың конструкциясы қолданыс кезінде трансформаторға кедергісіз кіруді мүмкін ету керек. Трансформатордың төменгі кернеулі РУ-мен қосылуы әдетте иілгіш сыммен немесе шиналар (токөткізгіштер) пакеттері арқылы орындалады. Блок сұлбасы «трансформатор - токөткізгіш» болған кезде токөткізгішті трансформатордың қысқыштарына тікелей қосады, ал төменгі кернеулі тарату құрылғысы (РУ) болмайды.
3-6-10 кВ төменгі кернеулі тарату құрылғыларын жабық (КРУ) және ашық (КРУН) комплектті тарату құрылғылары ретінде орындауға болады.
7.4 Комплектті трансформаторлық қосалқы станциялар (ктп)
Толық жиналған немесе жинауға дайын болып дайындаушы зауыттардан жеткізіледі. КТП іште орнату үшін. КТПН сыртта орнату үшін дайындалады. Олар ашық және жабық болуы мүмкін.