
- •1.Сақтандыру тәуекелділігін бағалаудың ақпараттық жүйесі
- •Сактандыру процесі
- •1.2 Сақтандырудың түрлері
- •2 Ақпарат жүйесін жобалау
- •2.1 Ақпараттық жүйедегі есептер кешенінің орны
- •2.2. Есеп қойылымы
- •2.3 Кіріс ақпараты
- •Жобалауды басқару бөлімінің есеп кешенін орындау үшін қолданылатын программалық құралдардың сипаттамасы
- •2.7 Жобалауды басқару бөлімінің есеп кешенін шешуге арналған программа сипаттамасы
- •Еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселелері
- •Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •Қорғалмалы желілендіруді есептеу
- •Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру
- •Жасанды жарықтандыруды есептеу
- •Тарту – сору желдетуін ұйымдастыру
- •Өртке қарсы іс-шаралар
- •3. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-іі Заңы
Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру
Жарықтандырудың өндірістегі негізгі міндеті – көруге арналған ең жақсы шарттарды қамтамасыз ету. Бағдарлама құру бөлімінде дұрыс жобаланған және орындалған жарықтандыру қалыпты өндірістік қызметті қамтамасыз етеді. Адамның көру қабілетінің сақталуы, оның орталық нерв жүйесінің жағдайы мен қауіпсіздік жарықтандыруға байланысты. Одан басқа жарықтандыруға еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнім сапасы тәуелді.
Жарықтандыру келесі талаптарға жауап беруі тиіс: 1) жұмыс орнындағы жарықтандыру көру жұмысы түріне сәйкес келуі тиіс; 2) жұмыс бетінде жарықтың біркелкі таралуын қамтамасыз ету керек; 3) жұмыс бетінде үлкен көлеңкелер болмауы керек; 4) жарықтандыру шамасы уақыт бойынша тұрақты болуы тиіс; 5) жарықтандыру құрылғыларының барлық элементтері ұзақ мерзімді, электр қауіпсіз болуы тиіс, және өрт пен жарылыстың пайда болуына себепкер болмауы тиіс; 6) қондырғы пайдалану үшін ыңғайлы және жеңіл болуы керек.
Жасанды жарықтандыруды есептеу
Көлденең жұмыс бетінде жалпы біркелкі жарықтандыруды есептеу үшін негізгі әдіс жарық ағынын есепке алатын төбе мен қабырғадан шағылатын жарық ағыны әдісі.
Лампаның жарық ағыны Фл (лк) келесі формула бойынша есептеледі:
(3.3)
бұл жерде Ен – нормаланған минималды жарықтандыру, лк; Ен=200 лк; S-жарықтандырылатын бөлменің ауданы, м2; z – қыздыру лампаларының минималды жарықтандыру коэффициенті 1,15; к – 3-кестеден алынған қор коэффициенті; - лампалардың жарық ағынын пайдалану коэффициенті, ол жарықтандырғыштың ПӘК, жарық күшінің таралуы қисығына, т төбе және қ қабырғаның шашырату коэффициентіне, жарықтандырғыштың іліну биіктігі мен бөлме көрсеткішіне тәуелді.
Жарықтандырғыштың орналасу әдісін таңдап аламыз, ол симметриялық және жергілікті болуы мүмкін. Біз жарықтандырғыштар симметриялық орналасқан деп есептейміз.
Жарықтандырғыштың жарықтандыру бетіне байланысты орналасу биіктігі
(3.4)
бұл жерде Н – бөлменің биіктігі, м; hl – төбеден жарықтандырғыштың төменгі бөлігіне дейінгі қашықтық; hр – төбеден жарықтандыру бетіне дейінгі қашықтық, м.
Жарықтандырғыштар
ара қашықтығы мен олардың іліну биіктігі
ара қашықтығы
Жарықтандырғыштарың қажетті саны n=101,1=11 дана.
Жарықтандырғыштардың жалпы саны 11 (1 қатар).
Өндірістік бөлме индексі мәнін есептейміз:
(3.5)
бұл жерде А, Б – сәйкесінше бөлменің ені мен ұзындығы, м; Нс – жарықтандырғышты ілу биіктігі,м.
Лампаның жарық ағыны
Осылайша қыздыру лампасын таңдаймыз Б 220-230-40 Фл=460 лк.
Жарықтандыру лампасының жалпы қуаты
Вт
(3.6)
бұл жерде Рл – лампа қуаты, Вт; N – жарықтындырғыштар саны, дана
.
Тарту – сору желдетуін ұйымдастыру
Желдету ауаның гигиеналық сапасын қамтамасыз етудің тиімді құралы болып табылады, ол лас ауаны сыртқа шығаруға және таза ауаны ішке кіргізуге мүмкіндік береді.
Ауаның алмасу әдісіне сәйкес желдету табиғи және жасанды болуы мүмкін. Мақсатына байланысты желдету тарту желдетуі, сору желдетуі және тарту-сору желдетуі болып бөлінеді, ал ауа алмасу әдісіне сәйкес – жергілікті және жалпы алмасу желдетуі болып бөлінеді.
Жұмыс орны тарту-сору желдеткіштерімен жабдықталады. Ауа бөлменің жоғарғы бөлігіне кіргізіліп жұмыс аймағына жұмыс орнында атмосфера қозғалысы 0,3м/с артық болмайтындай жылдамдықпен тарайды.
Тарту желдеткіштерінің ауа қабылдау тесіктері жер бетінен 2 м биіктікте жел бағытына сәйкес орнатылады. Сору желдеткіші жұмыс істеуінде таза ауа бөлмеге қоршау конструкцияларының қуыстары арқылы енеді.
Жұмыс орны зиянды және жарылыс қаупі бар заттардың бөліну көздері бар құрал – жабдықтар жергілікті тартпалармен жабдықталады. Бұл жағдайда не қолшатырлы жабынды не біріккен сору қолшатырлары пайдаланылады.
Желдету жүйесі жұмыс орнында шектелген рұқсат етілген деңгейден (ШРЕД) асатын шу тудырмауы тиіс. Ол электр-, өрт -, жарылыс қауіпсіз, құрылғысы жеңіл, пайдалануда берік және тиімді болуы керек.