Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗАКСТАН ТАРИХЫ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
239.98 Кб
Скачать

9. Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті

Сақтар темірден үзеңгі, ауыздық жасауды үйреніп, соғыс құралдарын, қару-жарақтарды, жебенің ұштарын, қысқа семсерлер-ақинақ, қанжар, ұзын семсерлер, найза, түрлі балталар жасады. Металл өңдеумен бірге қолөнердің тұрмыстық ыдыс-аяқ жасау, тас қашау, суйек ою, тері илеу, жіп иіру және тоқымашылықтың түрлері де болды. Темірден пышақ, металдан ыдыс, балта, темір ілгектер, шоттар, қашаулар т.б. заттар жасалынды. Сақтардың зергерлік өнері жоғары дәрежеде жетілдірілді.Әсіресе ойып жасған бейнелер мен әндік бұйымдар алтынмен аптау ісі кең тарады.Зергерлік өнердің тамаша туындылары Есік және Шырық Раббат қоныстарынан табылды. Сақтардың әлеуметтік қоғамы жөніндегі айтқанда, олардың басты үш топқа бөлінгенін көрсетуге болады. Бірінші-әскери топтар, екіншілері-ауқатты бай топтар, діни адамдар, жрецтер, үшіншілері-жай қатардағы сақтар, бұлар кедейлер, оларға соқа және екі өгіз тән болған.Сақ діни нанымдармен ғұрыптардын негізгі бағыты ата баба аруағына сиыну . Арнайы улық зираттарға мәйтпен қоса ,рның дүние мүлкңн бірге жерлеген. Өлген адамның аруағына сиынып , о дүниеде қайта тіріледі деп сенген. Мәйітті сақтау үшін бальзамдау мен мумиалау әдісін қолдана білген. От пен күннің символы мәйіттерге қызыл бояу, ал қабір басына от жағу.Сақтардын б.з.б VII от храмдарын археоогтар Жетусудан тапқан. Сақ заманында анимизм, тотемизм және маия секілді ең ежелгі діни ұғымдарға сенген. Отырықшы сақтар жерді киелі деп санаса,көшпелі сақтар күнге,отқа табынған.

10. Сақтар туралы жазбаша деректер.

Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» деп аталатын еңбегінде және басқа қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар массагеттер, каспийші- лер, исседондар, кейініректе алаңдар, сарматтардан тұрған. Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы (Персополға жақын) тас жазуларында Сақ тайпалары үш топқа:сақ-хаумаваргаларға (хаома сусынын дайындайтын сақтар), Сақ-тиграхаудаларға (төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар), Сақ-парадараяндарға (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) бөлінеді делінген. Бірінші топтоғы сақтар Ферғана жерінде мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы жағындағылар болған.Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден іселінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер.Квинт-Квирций-Руф сақ тайпаларының көктен түскен сиқыры жайлы жазба деректер қалдырған.

11Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары.

Үйсіндердің мемлекеттік құрылыс б.з.д. І мың. Аяғында Жетісу, Тянь Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, ол Қытай деректерінде Үйсін елі аталды. Алғашында олар Данхэ өзенінің бойында мекендеген, б.з.д ІІІ ғ. Юечжи тайпаларының қыспағынан моңғолияға көшіп баруға мәжбүр болды, Хұндардан соққы алғаннан кейін Жетісу мен Жоңғарияға келді. Үйсін мемлекетінің басында Күнбек титулы бар билеушісі тұрды. Үйсін мем. Құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол одан тез босанып осы аймақта ең күшті мемл. Айналды. Үйсін этнонимі бүгінгі күнге жетті, Қаз.дың Ұлы жүзінің бір руы аталады.Кангюй атауы, қытайша Канцзюй алғашқы рет деректерде б.з.д ІІ ғ. Кездеседі. Б.з.д. 138 ж. Қытай императоры Уди Чжан Цянь бастаған сауда елшілігін батыс елдеріне жібереді,ол елшілік тек 13 жылдан кейін қайтып келеді. Оның жазбаларында бұған дейін Қытайға мәлім болмаған мемл. Сипатталған. Солардың ішінде Чжан Цянь билеушісінің ордасында болған Кангюй мемлекеті де бар. Халқының этникалық сипаты әлі де күрделі сұрақ, қай тілде сөйлеген туралы жоқ мәлімет. Бернштамның пікірінше, олар түркі тілдес болған. Басқа зерттеушілер оларды солтүстік Иран малшы тайпалары, б.з. І ғ. Ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпал. Келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен.

12. Ғұндардың тайпалық одағы. Атилла. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з.д. ІІғ. Қазақстан территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан, қангар тайпалары ІІІ ғасыр бойы көшіп, Иран Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси қатынасқа түсті. Осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерінен айырылып, ассимиляцияға түсті. Осыдан жаңа этнос пайда болды. Енді Хунну емес Ғұн дейді, олай батыс деректер де айтылады. 55 жылы аса құдіретті ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып екі елге бөлінеді. Ғұндардың қаһармандықпен қарсы тұрғанына қарамастан, қытайлар сыртқы ағаш қабырғаны өртеп, қамкесектен тұрғызылған дуалды опырып тастап, қалаға басып кіреді де, ішкі қамалды алады. Чжи-чжи төңірегінлегі көптеген ағайын туыстарымен, бала-шаға,текті бекзаттарымен бірге 1518 адам тұтқынға алынып, өлтірілді. Ғұндардың қоңыс аударуының екінші толқыны б.з. 93 ж. басталады. Олар бірқатар тайпаларды бағындырып, екіншілерін соңынан ертіп, Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б.з. IV ғас. Олар Европадан бой көрсетеді. Ғұндар қоғамындағы өкіметтің тұрпаты туралы мәліметте. Елді шанью басқарған, ол шексіз билеуші болған, оған іле шала жалпы аты түменбасы деп аталатын бекзаттар жүреді.

13.Ғұндардың әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы. Б.з.б. Iмың жылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі күшейе түсті. Осы өңірде, Байқалдан Оңтүстікке таман және Ордосқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты тобы б.з.б. IV-III ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді.Сюннулар (хунну немесе ғұндар деп аталады), әсіресе б.з.б. III ғасырда мейілінше күшейді. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Ғұн тайпаларының бірігіп топтасуы б.з.б. 209 жылы “ғұн үйінің өрлеуі” кезінде іске асты. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде (Боғда) батырдың есімімен байланысты. б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды. Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығының маңызы ерекшеболды . Ол туралы қытай деректерінде былай деп жазған:«Қытайдың солтүстігінің сырт жағын мекендейтін олар өздерінің малымен бір жайылымнан екінші жайылымға көшіп жүреді. Шонжарларынан бастап бәрі де үй малының етімен тамақтанады, олардың терісін киім қылады. Ғұндардың қойы да көшпелілердің күллі қажетіне жараған . Әсіресе, қ ойдың етін, терісін, жүнін және аң терілерін пайдаланды. Қой терісі мен жүннен киім, аяқ киім жасайды, жүннен киіз басады.Мал өсіру, әсіресе, жылқы өсіру басты рөль атқарды.Жылқы болмаса көшпелі мал шаруашылығының өзі өмір сүре алмас едi. Малдың бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жағып бағылды. Сондықтан жазда қуаңшылық немесе қыста көктайғақ болған жылдары малдары жұтқа ұшырайтын болған. Ғұндар отырықшылық пен егіншілікті де білген. Деректемелерде «Солтүстік жерлерде суық ерте түседі, сондықтан тары себуге қолайсыз болса да, ғұндардың жерінде тары себіледі» -деп жазылған.Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алды. Ғұндар негізінен киіз үйлерде тұрды. Жүннен жасалған текемет,кілемдерді төсеніш етті. Ағаштан төсек және үй қажетіне керек заттаррды жасаған. Ғұндар өздері қолмен жасаған заттарын қадірлеп ұстайтын болған. Киіз үйдің төрінде қамшы, ағаштан жасаған қынабы бар семсер, садақ жебелерін салған оқшантай т.б ілулі тұрған. Ат әбзелдерін өрнектері бар темірлермен әшекейлеген. Ал алтын, күміс сияқты бағалы заттардан көбінесе әшекей бұйымдарын жасаған. Байлары қола және күміс қаптырмалармен әшекейленген кемер белдік буынған. Ғұн әйелдері құлағына жарты ай тәрізді әдемі әр түрлі тастарме әшекейленген сырға, саусақтарына алтын жүзік, шашына алтын, күмістен жасалған шаш түйреуіштер таққан