Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗАКСТАН ТАРИХЫ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
239.98 Кб
Скачать

3. Ежелгі ру тайпалық құрылыстың ыдырауы.Қ. Территория-ғы т.Д. Қоғамдық қатынастың эволюциясы.

Ежелгі тас дәуір кезеңде адамдар дамуының ең төменгі даму сатысында тұрды. Тіршілік үшін жасалған шаруашылықтағы еңбек өнімділігі мардымсыз, өте төмен жағдайда еді. Адамдар арасындағы қарым-қатынас табиғи жас ерекшіліктеріне, жыныстық айырмашылықтарына, еңбек ету қабілеттеріне байланысты қауымдық бірлестікте өмір сүрді. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі- тобыр деп аталатын. Бірақ рулық құрылысқа дейінгі мұндай топ тұрақсыз болды. Ол кез-келген қажетті жағдайда бірігіп, кейін бөлініп кетіп отырған. Оның басты себебі – оларда отбасылық, ұжымдық тіршіліктің болмағандығынан еді. Тобырдан кейін кейінгі топтасу жүйесі рулық болатын, бұл кезеңінде әлеуметтік жағынан дамудың жаңа сатысына көтерілді. Алғашқы рулық құрылыс аналық рулық құрылыстан басталды. Бұл құрылыс адамдар тобының аналық жағынан қандас туыстық жақындығына байланысты. Ана руды жалғастырушы рөлінде де, он басқарушы ретінде де, шаруашылықты ұйымдастыруда да ең жоғарғы оренда тұрған. Сондықтан аналық ру кезінде анаға табуну басты оренда болған. Рулықтан кейін бір жерде тұрақты өмір сүріп, жынысына қарай еңбек етіп, ұжымдық қатынастың эволюциясынан ТАЙПА ,алғашқы рулық ұжымның жетілген жаңа әрі күрделі түрі, қалыптасты.

4. Қола дәуіріндегі Қазақстан: қоғамдық қатынастың, еңбек құралдарының, шаруашылықтың эволюциясы

Қола-әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайынның, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорыптасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды.б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында – I мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады.Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшебне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі-Қазақстан жері Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халық- тың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жер төбелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егінді оратын орақ, пішенді шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бергі өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін (б.з.б. XVIII-XVI ғасырлар) және орта кезеңін (б.з.б. XV-X ғасырлар) түгелдей қамтиды