- •1.Қазақстан тарихы ғылым және пән ретінде (пәннің мақсаты, деректемесі).
- •2. Қазақстандағы палеолит кезеңінің зерттелуі. Тас дәуіріндегі еңбек құралдарының және шаруашылықтың эволюциясы.
- •3. Ежелгі ру тайпалық құрылыстың ыдырауы.Қ. Территория-ғы т.Д. Қоғамдық қатынастың эволюциясы.
- •4. Қола дәуіріндегі Қазақстан: қоғамдық қатынастың, еңбек құралдарының, шаруашылықтың эволюциясы
- •5. Андронов мәдениетінің Қазақстандағы ошақтары: кезеңдері, сипаты, ерекшеліктері.
- •7. Сақтардың саяси тарихы. Евразия тарихындағы.
- •9. Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті
- •10. Сақтар туралы жазбаша деректер.
- •11Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары.
- •14. Ғұндардың әскери ұйымы және соғыс өнері.
- •16. Ғұндардың материалдық және рухани мәдениеті.
- •17 Ұлы Түрік қағанаты
- •18. Түрік қағанатының саяси құрылысы мен әлеуметтік-этникалық құрылымы және экономикасы.
- •20. Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.Б.).
- •21. Батыс Түрік қағанаты: саяси тарихы (603-704 жж.).
- •22. Батыс Түрік қағанатының әкімшілік - қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •24. Қарлұқ мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •25. Оғыз және қимақ мемлекеттері.
- •26. Қарахан мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •31.Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.
- •33.Ұлы жібек жолы және сауданың қалалық мәдениеттің дамуы
- •36. Таниршилдик Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.
- •38. Қазақстан территориясындағы Монғол ұлыстары: Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы.
- •41 Моголстан : террет-я и т.Д
- •42.Көшпелі өзбек мемлекеті: территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы.
- •44.Қазақ хандығының территориясының кеңеюі және мемлекет ретінде орнығуы: Бұрындық, Қасым хандар.
- •46.Тәуке ханның тұсындағы қазақ хандығы.
- •50. Қазақтардың XVI-XVIII ғғ. Материалдық және рухани мәдениеті (үй тұрмысы және халықтың салттары, астрологиялық таным түсінігі).
- •52. Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан. Қазақ жүздерінің ресей бодандығын қабылдаудың алғы шарттары
- •54.Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі. Аңрақай шайқасы.
- •55. 1783-1797 Жж. Сырым Датов бастаған Кіші жүздегі ұлт азаттық қозғалыс. Игельстром реформасы.
- •57. Орта Жүздегі хандық биліктің жойылуы: "1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы".
- •59.1836-1838 Жж. Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған Кіші жүздегі қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі
- •63. XIX ғ. 60-90 ж. Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары: маңызы мен салдары.
- •64. Хiх ғ. Аяғы мен хх ғ. Басындағы патша өкіметінің Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару саясаты: мақсаты, негізгі кезеңдері
- •65. Хiх ғ.Қазақстан өнеркәсібінің пайда болуы және дамуы.
- •68.Қазақстанда ресейлік қамалдардың салынуы: мақсаты, мәні, маңызы.
- •69.Патша өкіметінің аграрлық реформасы (хiх ғ.). Столыппиннің аграрлық реформасы
- •70. Xiх ғ. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.
- •71. Xiх ғ. Бірінші жартысы хх ғ. Бас. Ағарту ісі.
- •74. Ш. Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.
- •76. Ы. Алтынсарин - педагаг, ағартушы және балалар әдебиетінің негізін салушы.
- •79. Хх ғасырдың басындағы қазақ ерзімді басылымдар (дала улаяты, Айкап, Абай, Қазақ және т.Б.)
- •80. I дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •81.Ресейдегі Ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның өмірін демократияландырудағы маңызы.
- •82. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
- •83.Aлаш автономиясы жане алаш орда укимети
- •85. Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. Жер-су реформасы (1921-1925жж.).
- •86. Орта Азия және Қазақстан Республикасын ұлттық-территориялық жағынан межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ акср құрамына бірігуі (1920-1925жж.).
- •87. Хх ғ. 20-30 ж. Қазақстандағы мәдени жаңарулар.
- •91.Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери
- •92.1931-1932 Жж. Қазақстандағы аштық; себептері мен зардаптары. .
- •94.Крлаг,алжир Казакстандагы Сталиндик террордын белгиси.Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды.
- •97. Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.
- •98. Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынас. Жекелеген халықтарды Қазақстанға депортациялау.
- •99.Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Мәдени шығармашылық өзгерістер.
- •100. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.
- •101. Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және хх ғ. Соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.
- •102 Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.
- •103. Қонаев д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер
- •105. 1986Ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Қазіргі көзқарас.
- •111. Қазақстан - халықаралық қатынаста тәуелсіз субъект.
- •114. Хх ғ. Қазақстан Астанасын көшірудің тарихы мен болашағы
- •115. 1993 Жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.
- •116. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қазіргі қоғамның дамуындағы рөлі
- •117.Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты
- •118.Ұлттық құрамы Дін
- •119.Қазақстан Республикасының саяси жүйесі, оның құқықтық негіздері.
- •120 Нарықтық экономикаға көшу және экономикалық реформаны ұйымдастырудағы н.Ә.Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның 2030 жылға арналған даму стратегиясы.
- •121.Қазақстан Республикасының президенті н.Ә.Н тәуелсіз қр-ның сыртқы саясатын қалыптастырудағы еңбегі
- •123 Ұлттық бір лік туралы Доктрина
- •125.Н.Ә.НазарбаевҚазақстанРеспубликасының Президенті – ұлткөшбасшысы
- •126. Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.2001 жылғы «болашақты бірге құрайық !»Қазақстан халқына үндеуі
44.Қазақ хандығының территориясының кеңеюі және мемлекет ретінде орнығуы: Бұрындық, Қасым хандар.
Қазақ хандарының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы Қасым 1445ж шамасында туған. Қазақ хандығы өзінің ең жоғарғы қуаттылығына 16ғ-ң 1-ширегінде, әсіресе, Қасым ханның тұсында жетті. Іс жүзінде ол елді Мұрындық кезінде-ақ басқара бастады. Оның басқаруынан бастап, билік жүргізу Жәнібек ұрпақтарының қолына көшті. Мұрындық пен Қасымның өзара қарсыласуының кезінде-ақ Мұхаммед Шайбани қазақ жеріне бірнеше жорық жасады. 1510ж Мұхаммед Шайбани Сығанаққа келді, бірақ Қасым әскерінен быт-шыты шыққан жеңіліске ұшырады. Талқандалған, әрі тарыдай шашылған өзбектердің тірі қалғаны Самарқанға қашты. Сол жылдың соңында Мұхаммед Шайбани Мерв түбіндегі Хораанда Иран шахымен шайқаста қаза тапты. Қасым ханның тұсында қазақ мемл-ті туралы батыс елдеріндегілер де білді. Қазақ халқының саны 1 млн-ға жетті. Қазақ хандығы Москваға елші жіберіп, өзара байланыс бастады. Қазақ хандығының терр-сы бат-да Жайыққа, солт-де Қарқаралыға дейін, солт.шығ-да Балқаш, шығысында Жетісу аймағын, оңт-де Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі аймағын иемденді. Қасым қайтыс болғаннан кейін, 20-жылдары Жошы әулеті сұлтандарының өзара талас-тартыстары қазақ хандығын уақытша әлсіретіп тастады. Қасым ханнан кейінгі мемл-ң әлсіреуіне тойтарыс беріп, оны бұрынғы қалпына келтіру бағытында үлкен табыстарға жеткен көрнекті қазақ ханы Ақназар болды. Ол ойраттарға және моғол ханы Әбдірашидке қарсы күресті. Сүйтіп, шығ-ғы және Жетісудің оңт-гі қазақ жерлерін басып алушылықтан уақытша болса да, сақтап қалды. Сібір ханы Көшімнің жауластық әрекеттеріне төтеп беру үшін Ақназар өзбек ханы Абдоллахпен одақтастық қарым-қатынас орнатты. Ақназар өзінің әкесі Қасымнаң тұсындағы қазақ хандығының көлемді аумағын құраған жерлерге деген қазақтардың құқын қайта қалпына келтіруге тырысып бақты.
46.Тәуке ханның тұсындағы қазақ хандығы.
17 ғ басында билік үшін талас тартыс күшейе түсті. 1680-1718 ж қазақ хандығының хантағына Жәңгірдің баласы Тәуке отырды. Тәуке өзбилігін билер сияқты әлеуметтік тіректің көмегі арқылы нығайтуға ұмтылды. Билердің қолдауына сүйенген Тәуке хан биліккебағынбай ақсүйектер тобына қарсы батыл күрес жүргізді. Тәуке тұсында көзге түске билер маңызды мемлекеттік істерді шешкен кезде хан кеңесінде маңызды орын алды, хан төңірегіндегі билер сот міндеттерін де атқарды, Сырдария бойында Иәукенің хандық өкіметі нығайып,, Түркістан оның астансы болды. Тәуке ерекшелігі:Хандықтың боолшекьтенуі окталылып , бір орталыққа бағындырылуы, Жонгар шапрқыншылығы басендеп, тыныштық орнады, мемлекеттік курылыстын негізгі ұстанымдарын анықтайтын ЖЖ заңын жасады, көрші елдермен достык катынаста болуды коздеді. Тәуке негізгі мақсаты Хан билігін ныгайту. Билер кенесін ішкі және сыртқы саясаттағы аса маңызды мәселелерді шешетін басқару жүйесіне айналдырды. Билер кенесі Күлтөбеде, Битобеде откізілген. Дауды маселені шешуді билер сотына жүктеді. Тәуке Жеті жарғыны жазу үшін Көлтебенің баурайына атақты Төле би бастаған жеті билерді жинап алды. Олар Қасым мен Есім хандар ұстағ,ан ежелгі әдет ғұрып заңдарының басын құрап, Жеті жарғы деген жаңа әдет ғұрып заңдарының жинағын шығарды. Қазақ қауымы өкілдерінің өз зердесінен туған ғылымға белгілі ең алғашқы заң нұсқасы осы ЖЖ болды. Ақсүйектердің артықшылық жағдайын көздеді, құн төлеу үшін адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді; Ер кісі үшін мың қой, әйел үшін бес жүз қой толенді. Сұлтанды не кожаны олтірсе жеті адамннің кунын толеу. Урлық ушін үш тогыз толеттіріп, дүре согу, әйел зорлағанды олим жазасына кесу. Тәуке хан 1686-93 ж Сібірге бес рет елшилик жиберилип, орыс катынастарын дамытты. 17 18ғғ жонгарлар жетісудын бир болігін жаулап алып, Сарысу озені алқабына дейін жетті. Үш жүздің окілдері 1710 ж Қарақұм жиынын откізді. Нәтижесінде бірыңғай халық жасағы құрылып, жоңғарлар шығысқа ығыстарылды. 1718 Тәуке қазасынан кейін жоңғар шапқыншылығы күшейе түсті
47. Қазақ халқының қалыптасуы. Жүздер – қазақ халқының этнотерриториялық ұйымы. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды. Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
48.XVI – XVII ғғ. қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымы. Мемлекеттік басқару жүйесі.
Қазақ қоғамы 2 негізгі әлеуметтік топтан тұрды:1)ақсүйектер – Шыңғыс ұрпақтары мен қожалар (асыл сүйектер)2) қарасүйектер – мүліктік жағдайына қарамастан қоғамның қалған топтары.Шыңғыс ұрпағы қоғамның билік етуші тобы, рулық шежіреге енбейді. Қазақ ұлысындағы сұлтандардың «арқар» деп айтылатын ерекше ұраны болды. Оны қарасүйектердің қолдануына болмайтын еді. Шыңғыс ұрпақтарын билер соты соттамады, хан немесе сұлтан соттайды. Қарасүйектер өкілделінде жекелеген рулар мен тайпаларға бөліну берік сақталды. Қарасүйектер тобына билердің ғана ерекше құқықтары болды.Билер – ру және тайпа басшылары, заң ілімін меңгерген,сот қызметіе атқарушылар, әскери билік жүргізушілер.Ең ықпалды ру басшылары хан жанындағы «билер кенесіне» кірген. Билер 4 міндетті ұштастырып отырған:1)әскербасы 2)әкімшілік адамы3)би4)дала ақсүйектерінің өкілі. Батырлар – қазақ жасақтарының бастаған қолбасшылар, кәсіби әскерилер. Ақсақалдар – іс жүзінде белгілі бір заңдық өкілеттігі жоқ, жасына, сіңірген еңбегіне қарай құрметке бөленген адамдар. Қарапайым халықтар- алым-салықты төлеп, міндеткерліктерді өтеушілер. Құлдар- ең құқықсыз әлеуметтік топ. Қазақ хандығында облыстық басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар бойынша) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болды. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Ол қазақ хандығына бағынды. Хан – қазақ хандығының азаматтық, әскери, әкімшілік және сот құқын қолына ұстады.
Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды билер, руларды ру басылары, аймақтарды (аталар) ақсақалдар, ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Бұл жеті сатылы басқару жүйесі көшпелі екінші қазақ қоғамында тым ертеден келе жатқан тәртіп болатын
49 «Жеті жарғы» - XVI – XVII ғғ. қазақ қоғамының құқықтық негізі.
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады. Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
