Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мика_makro.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
252.91 Кб
Скачать

17. Жұмыссыздық, оның түрлері әсер ететін факторлар. Оукен заңы, оның теңдеуі.

Жұмыссыздық – бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артық болуы. Сонымен қатар- іскерлік белсенділіктің өзгеруімен қатар жүретін маңызды көрсеткіштердің бірі. Жалпы мемлекеттің өзі макроэкономикалық саясатында толық жұмысбастылыққа тартылуға ұмтылады. Жұмыссыздық түрлері:

Фрикциондық жұмыссыздық – бұл адамдардың жұмыс орнын ауыстыруымен немесе жаңа жұмыс орнын іздеуімен байланысты болатын жұмыссыздықтың түрі. Құрылымдық жұмыссыздық – бұл еңбекке деген сұраныс құрылымының еңбек ұсынысына сай келмеуінен пайда болатын жұмыссыздық түрі. Мұндай сәйкессіздік жұмысшылар мамандығының бір түріне сұраныстың жоғарылап, ал екінші түріне төмендеуінен, ұсыныстың мұндай өзгерістерге баяу бейімделуінен болады. Циклдік жұмыссыздық – бұл құлдырау кезеңімен байланысты пайда болатын жұмыссыздық түрі. Толық жұмыстылық немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Бұл кезде тек фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық түрлері болуы мүмкін. Циклдік жұмыссыздық 0-ге тең.

Жұмысқа тартылғандар (Е) мен жумыссыздар (U) қосындысы елдің жұмыс күшін корсетеді (L) : L=E+U

Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыссыздар санының жұмыс күшіне қатынасымен есептеледі, ол пайыздық түрде сипатталады: u=(U/L)*100%. Бірге алынған фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жұмыссыздықтын табиғи деңгейі деп аталады.Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі келесі формула бойынша есептеледі:

,

мұнда: U* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;

F* – оларға жұмыс орны бар жұмыссыздар саны;

R – эк-қ белсенді халық;

q – жұмысын жоғалтып жатқан жұмысшылар үлесі;

µ – жұмыс тауып жатқан жұмыссыздар үлесі.

Жұмыссыздық табиғи деңгейіне Әсер ететін факторлар.Бірге алынған фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жұмыссыздықтын табиғи деңгейі деп аталады.Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі келесі формула бойынша есептеледі:

,

мұнда: U* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;

F* – оларға жұмыс орны бар жұмыссыздар саны;

R – эк-қ белсенді халық;

q – жұмысын жоғалтып жатқан жұмысшылар үлесі;

µ – жұмыс тауып жатқан жұмыссыздар үлесі.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне әсер ететін факторлар:

а) демографиялық фактор;

б) еңбекақының төменгі деңгейі

в) еңбек одақтарының әрекеттері.

Оукен заңы нақты ЖІӨ мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділікті анықтайды.Оукен заңы бойынша нақты ЖІӨнің 2%-ға төмендеуі жұмыссыздық деңгейін 1%-ға жоғарылатады:

U

Оукен қисығы мына жағдайларда орын алады:

Толық жұмыстылық кезінде ұлттық табыс өзгерсе

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өзгерсе

18.Филипс қисығы, оның теңдеуі мен графигі. Инфляция, оның теңдеуі мен түрлері.

Филлипс қисығы – инфляция мен жұмыссыздық арасындағы тәуелділікті көрсететін қисық болып табылады. Ендігі кезекте оның әрбір негізіне тоқталып өтсем:

Инфляция деңгейі 3 фактормен шартталған:

а) күтілетін инфляция;

б) жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен ауытқуы;

в) шикізат бағаларының өсуімен пайда болған ұсыныс шоктары:

,

мұнда: π – инфляцияның нақты деңгейі,

πе – күтілетін инфляция деңгейі,

u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі,

u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі,

ε – ұсыныс шоктары,

β – эмпирикалық коэффициент, 0-ден жоғары,инфляцияның циклдік жұмыссыздыққа реакциясын көрсетеді.

Бұл жағдай жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің қисығы арқылы түсіндірілді. Яғни ұзақ мерзімді кезеңде Филлипс қисығы тік болады

π

u

Инфляция –елдегі бағалар деңгейінің ұзақ және тұрақты өсуі. жалпы баға деңгейінің көтерілуінен ақшаның құнсыздануы.Инфлияцияның себептері(ішкі себептеріне): тұтыну тауарларын өндіретін слааллардың өндіріс құралдарына қарағанда азырақ артта қалуы.мемл бюджет тапшылығы,эконом циклдағы макро-микро с»йкессіздіктер,сыртқы саудадағы мемл монополистерінің көбеюі, (сыртқы): әлемдік дағдарыстар,ұлттық валютаның төмендеуі.Инфляция қарқыны: бағаның жалпы деңгейінің өзгеру қарқыны.

Инфляция деңгейі мына формуламен есептелінеді:

,

мұнда: π – инфляция деңгейі,

P – ағымдағы жылдағы бағалардың орташа деңгейі,

P – базалық жылдағы бағалардың орташа деңгейі.

Инфляция келесі белгілер бойынша бөлінеді:

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің дәрежесіне байланысты:

Ашық – нарықтық экономикаға тән еркін баға кезіндегі әрекет ететін инфляция.

Жасырын – қатаң мемлекеттік реттеу кезінде әрекет ететін инфляция. Ол тауарлар мен қызметтер тапшылығынан байқалады.

2. Бағалардың өсу қарқынына байланысты:

Тұрақты – жылдық қарқыны 10%-ға дейін болатын инфляция.

Секірмелі – жылдық қарқыны 20-200%-ға дейін болатын инфляция.

Гиперинфляция – жылдық қарқыны 200%-дан артық немесе айлық қарқыны 50%-дан асатын инфляция.

3. Алдын ала болжау дәрежесіне байланысты:

Күтілетін инфляция әсерінен болатын жоғалтулардың алдын алуға немесе азайтуға мүмкіндік береді.

Күтілмеген инфляция нақты табыстардың төмендеуіне және несие беруші мен алушының арасында табыстардың қайта бөлінуіне әкеледі.

4. Инфляцияны тудыратын факторларға байланысты:

Сұраныс инфляциясы – жиынтық сұраныстың жиынтық ұсыныстан артуынан пайда болатын инфляция.

Шығындар инфляциясы – өнім бірлігіне кететін орташа шығындардың артуынан пайда болатын инфляция. Бұл кезде ұсыныс көлемі сұраныстан қалып отырады.

Р Р

AS1 AS2 AS

P1

P 0 AD1

AD P2 AD

У1 У0 Y У1 У0 Y

Сұраныс және шығындар инфлияциясы графигі