Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мика_makro.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
252.91 Кб
Скачать

14.Ақша функциялары. Ақша агрегаттары. Сандық ақша теориясының теңдеуі. Ақша айналым жылдамдығы.

Негізінен қарастырғанда ақша деген-қаржы активі, жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар, сонымен қатар маңызды макроэкономикалық санат, бағаның тұрақты кезінде табыс әкелмейтін ерекше тауар. Экономиканы ақшасыз елестету мүмкін емес. Ақша деп төлем құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін кез келген нәрсені айтады. Әр түрлі даму кезеңдерінде адамзат ақша ретінде әр түрлі тауарларды, яғни тауарлық ақшаны пайдаланған: мал, асыл тастар және т.б.

Ақша функциялары:

1. айырбастау

2. ақы өлшемі

3. қор жинақтаушы

4. төлем әдісі

5. дүниежүзілік ақша

Ақша көлемін Ұлттық Банк арқылы реттейміз.

Өтімділік – активтердің құнын жоғалтпауысыз қолма-қол ақшаға жылдам аудару мүмкіндігі. Ақшаны өтімділік дәрежесі бойынша ажыратады.

Ақша агрегаттары – ақша массасын анықтайтын көрсеткіштер:

М1 = Айналымдағы қолма-қол ақша (М0)+ Ағымдағы депозиттер

Ағымдағы депозиттерден ақшаны бірінші талабымен алуға болады.

М2 = М1 + Шексіз рұқсаты бар мерзімді депозиттер

Әдетте бұл шағын мерзімді салынымдар.

М3 = М2 + Тіркелген мерзімі бар ірі депозиттер + банктік емес қаржы институттарындағы шоттар

Ақша агрегаттары әр түрлі елде түрліше айқындалады Ақша-несие саясаты ақша массасын есептеу үшін – ақша агрегаттары қолданылады.

Мо – қолма қол ақша

М1 – ең жоғары өтімділік

L – ең төмен ақша өтімділігі

Сандық ақша теориясы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К.Маркс ашқан ақша айналыс заңымен реттеледі. Теңдеуі:

MV=PY

M=PY/V

Ақша-сандық теориясының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісін бір аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек.

Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, ол жоғары жағдаяттың барлығы және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғұрлым көп айналыс жасаса,соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды.

Ақшаға сұраныс

Адамдардың ақшаны қолында ұстағысы келетінін мынадай себептері бар: трансакциялық себеп, сақтық себеп, алыпсатарлық себеп. Бірақ ақшаны қолында ұстау – оларды депозитте сақтағанда алатын пайыздардан айырылу дегенмен бірдей.

15. Ақша нарығындағы тепе-теңдік. Ақша мультипликаторы және ақша ұсынысы. Артық резервтер нормасы.

Ақша нарығындағы тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныстың теңдігімен анықталатыны бізге анық.Ақша нарығындағы тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныстың теңдігі:

Бұл ара қатынас і пайыз мөлшерлемесі мен Ү табыстың тепе-теңдік мәндерінің арасындағы байланысты ашады.

Тепе-теңдігі:

Md

R

M/P

Е

Бұл сызбада ақша нарығындағы теңдікті орнату мәселесіне келеміз. Ақша ұсынысы тік сызықпен берілген. Ақша сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады, онда пайыздық мөлшерлеме жоғары, онда өтімділікке сұраныс аз. Ақша сұранысы мен ұынысы қисығындағы нүктеде қиылысу Е тепе-теңдікті пайыздық мөлшерлемені орнатады.

Келесі кезекте ақша ұсынысының мәнін акшатын болсам: Ақша ұсынысы дегеніміз – экономикадағы қазіргі уақыт мезетіндегі бар ақша көлемі. Ақша ұсынысы келесі элементтерден тұрады: қолдағы бар ақша және депозиттер.

Ақша ұсынысы мемлекеттік саясаттың негізгі құралы болып табылады. Оны мемлекет атынан Орталық банк реттейді. Ақша ұсынысын жиі ақша массасы деп те атайды. Ақша массасының көлемін реттеу саясаты ақша саясаты деп аталады.

Ақша ұсынысын реттеудің негізгі 3 құралы бар:

(1)Ашық нарықтағы операциялар, яғни мемлекеттік құнды қағазды сату және сатып алу.

Орталық банктер құнды қағаздарды коммерциялық банктерге сатады.Бұл жағдайда артық ақшаның массалық резервтері төмендейді де, нәтижесінде экономикада мәмілелер азаяды, табыс та азаяды және керісінше.

(2)Міндетті резервтер нормасы. Ол былай белгіленеді: rr. Егер орталық банк міндетті резервтер нормасын өсірсе онда артық ақша массасы резервтері (M) төмендейді, нәтижесінде табыс деңгейі де төмендейді және керісінше.

(3)Есеп мөлшерлемесі. r пайыз өссе, артық ақша массасы резервтері төмендейді, оның нәтижесінде табыс деңгейі төмендейді және керісінше.

Ақша ұсынысы тек қана Орталық банктің саясатына ғана емес, сонымен қатар ақша иелері мен ақша сақтайтын банктердің іс-әрекетіне тәуелді.

Ақша ұсынысы деп қолдағы бар ақшадан және депозиттерден тұруын айтамыз.

Ms=C+D

C-қолма кол ақша

D-депозиттер

Ақша мультипликаторы-ақша массасы мен ақша базасының байланысын сипаттайтын коэффициент.

Ақша мультипликаторы:

m= m*MB

m=

m=

Ms=

Ақша мульти-ы формуласынан көріп тұрғанымыздай, депонирлеу коэффициентінің өзгеруі ақша мультипликаторына , сәйкесінше ақша ұсынысына әсер етеді. Оның маңызды факторлары келесі:

  1. Байлық өзгеру нәтижесі

  2. Чекті шот бойынша пайыз мөлшерлемесі

  3. Банктік дүрлігіс

  4. Көлеңкелі экономика

  5. Салық мөлшерлеменің жоғарылауы