Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 7.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
468.51 Кб
Скачать

Центрден тепкіш экстракторлары

Центрден тепкіш күшті қолдану араластыруды ғана жақсартпайды, сонымен бірге экстракция кезінде фазалардың бөлінуін жақсартады.

Центрден тепкіш күш экстракторының жұмыс істеу принципі ХІІІ-25 суретте көрсетілген.

Қарсы ағынды центрден тепкіш күш экстракторларынан басқа центрден тепкіш экстрактор-сеператорлар қолданылады, оларда сұйықтардың бір ретті және көп ретті тура ағынды араласуы және эмульсиялардың бөлінуі өтеді. Бұл типті аппараттар күшті центрифугалар мен табақты сепараторлардың бірі болып табылады. Оларда сұйықтардың байланысу және фазалардың сепарациялануы барабан ішінде бөлек өтеді.

Центрден тепкіш күш экстракторларының артықшылықтары көп. Бұл аппараттар жинақы және масса алмасудың жоғары қарқындылығында өнімділігі жоғары. Оларда тығыздықтары аз айрықшаланатын сұйықтарды эффективті өңдеуге болады. Сонымен бірге, бұл экстракторлар аз ұстау қабілеттілігімен және сұйықтың аппаратта аз уақыт болуымен ерекшеленеді. Центрден тепкіш күш экстракторларының бұл ерекшелігі жеңіл ыдырайтын заттарды экстракциялауда қолданылады, мысалы, қыздыруға, сонымен қатар қалыпты температурада ерітіндіде ұзақ боуына да сезімтал антибиотиктер. Бұл аппараттар химиялық реакция жүретін экстаркцияларда жарамсыз.

Центрден тепкіш күш экстракторларының өнімділігі ротор енімен, ал алынтын сатылар саны оның диаметрімен анықталады. Өндірістік центрден тепкіш күш экстракторларында ротордың айналым саны 1200-5000 мин-1, бұл ротордың (барабанның) өлшемін шектейді, оның диаметрі 1.2—1.5 м аспайды.