- •1.Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, функциялары
- •12. Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі
- •13. Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
- •14. Әлеуметтік институттар мен ұйымдар.
- •15.Э.Дюркгейм енгізген аномия ұғымы
- •16.Отбасы әлеуметтік институты ретінде
- •17.Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты мен міндеті
- •18.Социологиялық сұхбаттасуға сипаттама беріңіз
- •19.Қоғам құрылымындағы тұлға
- •20.Әлеуметтік институттардың негізгі белгілері
- •21.Әлеуметтік стратификация
- •22. Этноәлеуметтану объектісі және пәні
- •23. Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
- •24. Сауалнаманың құрылымы
- •26. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы
- •27. Мәдениет әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні
- •28. Әлеуметтік жанжалдар қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Л.Козер, р.Дарендорф жанжалды зерттеудегі қосқан үлестері
- •29. «Мәдениет» және «субмәдениет» арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Субмәдениеттің түрлері
- •30.Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні
- •38.Бүгінгі таңда жас отбасыларында қандай өзекті
- •41.Қазіргі қоғамдағы маскүнемдік пен нашақорлықтың әлеуметтік мәселе ретінде алатын орнына сипаттама беріңіз
- •42.Социологиялық зерттеулердің бағдарламасы не үшін қажет? Жауабыңызға дәлелдеме келтіріңіз
- •43.Қазіргі таңдағы қазақ отбасындағыы әлеуметтік мәселелерін атаңыз. Өз жауабыңызға талдау жасаңыз.
- •44.Сауалнамалар қандай сұрақтарын тұрады және олардың атқаратын қызметі қандай?
- •45. Зерттеудің сапалық және сандық әдістерін өзара салыстырыңыз
- •46. Тұлғаның әлеуметтенуі, кері әлеуметтенуі және қайта әлеуметтенуі түсініктеріне сәйкес келетін әлеуметтік сипаттама беріп, мысал келтіріңіз
- •47. Девиантты мінез-құлықтың қандай түрлері мен формалары бар және бүгінгі таңда олардың себеп-салдарлары қандай?
- •48. Қазіргі заманғы некенің формалары және оларға қоғамның қарым-қатынасы қандай?
- •49. Қазіргі заманғы қазақстандық отбасыларында қандай гендерлік өзекті мәселелер бар?
- •50. Аномия дегеніміз не? Қоғамға аномия қауіпті ме?
- •51.Қазіргі қоғамда тұлғаның қалыптасуына отбасы институтының атқаратын рөлі қандай?
- •52. Қазақстандық қоғамдағы жұмыссыздық мәселелері. Мемлекеттік жұмысбастылық бағдарламалары туралы пікіріңіз.
- •53. Бүгінгі таңда жас отбасыларында қандай өзекті
- •54.Сауалнамалар қандай сұрақтардан тұрады және олардың атқаратын қызметі қандай?
- •55.Сауалнамалар қандай сұрақтарын тұрады және олардың атқаратын қызметі қандай?
- •59.Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде. Өз пікіріңіз, нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтер келтіріңіз.
- •60.Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.
24. Сауалнаманың құрылымы
Социологиялық талдаудың әр түрлі құралдары ішінде сауалнама - ең көп таралған болып табылады. Социологиялық сауалнама - бұл талдау объектісі мен пәнінің сандық-сапалық сипаттамасын анықтауға бағытталған, бірыңғай зерттеу ойымен біріктірілген сұрақтар жүйесі.
Мысал ретінде қоғамдық пікір мониторингін жүргізу үшін қралдар жиынтығының құрылуын қарастырайық. Мониторинг режимінде зерттеу жүргізу келесі талаптарға сәйкестілікті белгілейді:
сұрақтар айқын тұжырымдалып, респондентке түсінікті болуы тиіс; оның есте сақтау мен хабардарлығы мүмкіндіктерінен аспау керек;
негізгі сұрақтар блогы бүкіл мониторинг бойы өзгертілмей қала береді;
сауалнамада ұсынылған сұрақтар мен жауаптардың нұсқалары тым көп болмауы керек;
сұрақ қағазы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады, сұрақтар жағымсыз эмоция тудырып, респонденттердің намысына қол тигізбеуі қажет.
Сауалнама - бұл респондентпен әңгімелесудің өзінше бір сценарийі. Сондықтан, сауалнаманың бірінші бетінде респондентке қысқаша үңдеу орналасып, онда зерттеудің тақырыбы мен мақсаты, сұрақ қағазын толтыру бойынша нұсқау көрсетіледі.
Сауалнаманың ең басында респондентті қызықтырып, жағымды эмоциялық жағдай туғызатын ең қарапайым сұрақтар орналасады.
Республикадағы мониторинг режимінде жүргізілетін социологиялық зерттеулердің құралдар жиынтығында көбінесе сұрақтардың жабық және ашық араласқан типтері орын алады. Мысалы, осы мысалда жауаптың соңғысының алдындағы нұсқасы өз бетінше толтыруды қажет етеді.Жауаптардың шүбасыздығын көтеруге бірқатар әдістемелік талаптардың сақталынуы көмектеседі: респондент жауаптан бас тарту, жауап беруге қиналамын, бағалау қиын (жоғарыдағы мысалды қараңыз) деген анықталмаған пікір білдіру мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Сауалнаманың едәуір көлемінде сұрақтар блок бойынша орналасады:
Мысал:
1.“N” қаласында әлеуметтік-экономикалық жағдайларды бағалау;
2. халықтың қалалық әкімшілік қызметіне көзқарасы;
3.қалалық билік құрылымдары басшыларының рейтингін анықтау
Сауалнаманы толтыру техникасы бойынша нұсқаулық тапсырмалардың да үлкен маңызы бар:
Мысал:
Сіз болашақта басқа қалаға тұрақты тұруға ауысқыңыз келе ме?
1. Иә
2. Әлі шешкен жоқпын
3. Жоқ (( 3 сұраққа көшу)
4. Жауап беруге қиналамын ((3 сұраққа көшу)
Құралдар жиынтығына қойылатын талаптардың бірі оның жеңіл оқылатындығы болып табылады. Сондықтан, сауалнаманың дайындалуына ерекше көңіл аудару керек: шрифт, мәтіннің қағазда орналасуы, қағаздың сапасы, кестелердің ажырауы және т.б.
Сұрақ қағазының соңында “шағын төлқұжат” орналасып, онда респондент (немесе сұхбат алушы) әлеуметтік-кәсіби өлшемдерді белгілейді. Сауалнама респондентке үндеумен басталады, алғыс айтумен аяқталады.
Анықтауды қажет ететін респондент өлшемдерінің саны зерттеудің талдамалық міндеттеріне байланысты. Болжамда зерттеуші мынадай болжам жасайды дейік: қалалық билік органдарының қызметін бағалау белгілі бір дәрежеде респонденттің білім деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне байланысты болады. Бұл жағдайда, тиісінше сауалнаманың “шағын төлқұжатына” білім мен әлеуметтік-кәсіби жағдайына қатысты сұрақтар енгізіледі.
25.Әлеуметтанулық зерттеудің кезеңдері
Жалпы, социологиялық зерттеудің логикасы оның өткізілу кезеңдерімен анықталады. Социологиялық зерттеу кезеңдерінің көпшілік мақұлдаған жіктелімін келтірейік:
1 кезең. Социологиялық сұрауға дайындалу:
Бағдарлама жасау (мақсаттар мен міндеттер қою, негізгі және жұмыс болжамдарын ұсыну, ұғымдардың операциялануы, репрезентативтілікті есептеу);
Эмпирикалық ақпарат жинау үшін құралдар жиынтығын (сауалнама) жасау.
2 кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:
сұрауды ұйымдастыру (сұхбат алушыларды іріктеп алу, сұрау учаскелерін бөлу, қаржы-техникалық мәселелерін шешу және т.б.); сұрау жүргізу (респонденттерді іздеу, байланысқа шығу,, сұхбат алу және т.б.).
3 кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру:
алынған ақпаратты компьютерлік мәліметтер базасына енгізу (макет дайындау, сауалнамаларды енгізу);
сызықтық есептер мен әлеуметтік-демографиялық салалар бойынша есептерді өңдеу және шығару;
4 кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
Алғашқы талдау жүргізу (сұрау нәтижесінде анықталған тәуелділіктерді тіркеу, кестелер, диаграммалар жасау және т.б.);
Мәліметтерді қайта талдау (салыстырмалы талдау, қосымша ақпарат тарту, жаңа болжамдар ұсыну);
Зерттеудің соңғы есебін дайындау;
Талдамалық қысқа хаттар, әр түрлі материалдар, мақалалар және т.б. жазу;
Оқулықтың осы бөлімінде социологиялық зерттеу кезеңдерінің әрқайсысында жасалынатын социологтар қызметінің сипаттамасы берілген. Бұл тарауда кез келген социологиялық зерттеуді дайындаудың екі принциптік кезеңдері - оның бағдарламасын және зерттеудің іріктеу есебін жасау жөнінде айтылады.
