
- •1.Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, функциялары
- •12. Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі
- •13. Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
- •14. Әлеуметтік институттар мен ұйымдар.
- •15.Э.Дюркгейм енгізген аномия ұғымы
- •16.Отбасы әлеуметтік институты ретінде
- •17.Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты мен міндеті
- •18.Социологиялық сұхбаттасуға сипаттама беріңіз
- •19.Қоғам құрылымындағы тұлға
- •20.Әлеуметтік институттардың негізгі белгілері
- •21.Әлеуметтік стратификация
- •22. Этноәлеуметтану объектісі және пәні
- •23. Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
- •24. Сауалнаманың құрылымы
- •26. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы
- •27. Мәдениет әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні
- •28. Әлеуметтік жанжалдар қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Л.Козер, р.Дарендорф жанжалды зерттеудегі қосқан үлестері
- •29. «Мәдениет» және «субмәдениет» арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Субмәдениеттің түрлері
- •30.Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні
- •38.Бүгінгі таңда жас отбасыларында қандай өзекті
- •41.Қазіргі қоғамдағы маскүнемдік пен нашақорлықтың әлеуметтік мәселе ретінде алатын орнына сипаттама беріңіз
- •42.Социологиялық зерттеулердің бағдарламасы не үшін қажет? Жауабыңызға дәлелдеме келтіріңіз
- •43.Қазіргі таңдағы қазақ отбасындағыы әлеуметтік мәселелерін атаңыз. Өз жауабыңызға талдау жасаңыз.
- •44.Сауалнамалар қандай сұрақтарын тұрады және олардың атқаратын қызметі қандай?
- •45. Зерттеудің сапалық және сандық әдістерін өзара салыстырыңыз
- •46. Тұлғаның әлеуметтенуі, кері әлеуметтенуі және қайта әлеуметтенуі түсініктеріне сәйкес келетін әлеуметтік сипаттама беріп, мысал келтіріңіз
- •47. Девиантты мінез-құлықтың қандай түрлері мен формалары бар және бүгінгі таңда олардың себеп-салдарлары қандай?
- •48. Қазіргі заманғы некенің формалары және оларға қоғамның қарым-қатынасы қандай?
- •49. Қазіргі заманғы қазақстандық отбасыларында қандай гендерлік өзекті мәселелер бар?
- •50. Аномия дегеніміз не? Қоғамға аномия қауіпті ме?
- •51.Қазіргі қоғамда тұлғаның қалыптасуына отбасы институтының атқаратын рөлі қандай?
- •52. Қазақстандық қоғамдағы жұмыссыздық мәселелері. Мемлекеттік жұмысбастылық бағдарламалары туралы пікіріңіз.
- •53. Бүгінгі таңда жас отбасыларында қандай өзекті
- •54.Сауалнамалар қандай сұрақтардан тұрады және олардың атқаратын қызметі қандай?
- •55.Сауалнамалар қандай сұрақтарын тұрады және олардың атқаратын қызметі қандай?
- •59.Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде. Өз пікіріңіз, нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтер келтіріңіз.
- •60.Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.
22. Этноәлеуметтану объектісі және пәні
Этносоциология ғылыми бағыт ретінде этнология, әлеуметтік психология мен социологияның тоғысқан жерінде пайда болды.
Этносоцилогия әр түрлі этникалық орталар мен әлеуметтік топтардағы этникалық процестерді анықтайтын әрі зерттейтін ғылыми пән.
Этносоциология арнайы социологиялық орта деңгей теориясы ретінде эмпирикалық зерттеулер негізінде қалыптасты.
Этносоциологияның пәні - этникалық топтардың дамуының әлеуметтік аспектілерін және қызмет етуін, олардың бірдейлігін, өзін-өзі ұйымдастыру формалары мен мүдделерін, ұжымдық жүріс-тұрыс заңдылықтарын, этникалық топтардың әрекеттесуін, осы топтарға енген тұлғалардың өзара байланысын және әлеуметтік ортасын зерттейді [1].
Этносоциологиялық зерттеудің саласы өте кең. Олар - әлеуметтік өзгерістердің этникалық ерекшеліктері, кәсіби ұстанымдардағы тенденциялар, этникалық топтардағы әлеуметтік жылжулар қарқыны, ішкі және сыртқы көші-қон, отбасы ішіндегі қатынастардың этникалық өзіне тән ерекшелігі, тілдердің дамуындағы этнолингвистикалық жүріс-тұрыс пен тенденциялар, мәдени аралық өзара әрекеттесу, мәдени аралық шекаралар проблемалары, мәдени ара қашықтықтағы діннің рөлі, этникалық өзіндік сана-сезім, авто және гетеро таптаурындар, этносаралық ынтымақтастық, этникалық мүдделер мен этносаралық тілдесуге нұсқама, этносаралық ұстанымдар, шыдамдылық пен шыдамсыздық, ұлтшылдық проблемалары, этносаралық жанжалдардың әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық негіздері.
Этносоциология қоғам өмірінің барлық әлеуметтік маңызы бар салаларының этникалық өзіне тән ерекшеліктерін социологиялық өлшемдер мен социологиялық зерттеу әдістерін қолдану тұрғысынан қарастырып, зерттейді.
Этникалылық терминінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар, ол этникалылықты әр түрлі әлеуметтік ғылымдар мен жекелеген ғалымдардың есімдері арнасында қарастырған теориялар мен көзқарастардың дамуымен байланысты [2].
Этникалылық түсінудегі мазмұнды аспектісінің рөліне қатысты пікірталастар өткен ғасырдың 70-ші жылдарында басталды. Бүгінгі күннің өзінде анықталмаған, келісілмеген сәттер көп кездеседі. Кейбір ұғымдар түсініксіз немесе қазіргі жағдайды шынайы көрсете алмайды. Пікірталастардың пайда болуы этникалық проблеманы бірінші жоспарға шығарған әлемдегі этносаяси процестермен байланыстырылады. Этносоциологияның категорияларын (этнос, ұлт және этникалылық) тыңғылықты теориялық талдаудан өткізу қажеттілігі туындады. Кең көлемде қолданылуына қарамастан “этникалылық аса жаңа түсінік болып көрінеді”, - дейді Н.Глейзер мен Д.П. Мойнихан. Олар мынадай фактіге назар аударады: бұл терминнің алғашқы түсіндірмесі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігінде тек 1972 жылы ғана пайда болды. Бұл терминді ғылыми айналымға енгізу Л.Уорнер мен П.Лунтуға тиесілі, олар бұл ұғымды “қазіргі кездегі қауымдардың мәртебелік жүйесі” атты жұмыста қолданды.
23. Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан түрлі әлеуметтік топтармен қарым-қатынас жасайды. Ол белгілі бір топтың ғана мүшесі болатын жағдай іс жүзінде кездеспейтіндіктен индивидтің әр түрлі топтарға қатысты жағдайын, сондай-ақ оның әрбір топқа қатысты функционалдық мүмкіндіктерін талдау үшін социологияда әлеуметтік мәртебе мен әлеуметтік рөл ұғымдары пайдаланылады.
Әлеуметтік мәртебе деп адамның топтағы немесе қоғамдағы позициясын, жағдайын айтады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жан-жақты және сонымен бірге жалпылама сипаттамасын: кәсібін, біліктілігін, атқаратын жұмысының сипатын, лауазымын, материалдық жағдайын, саяси ықпалын, іскерлік байланыстарын, ұлтын, дінін, жасын, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды.
Барлық әлеуметтік мәртебелерді негізгі екі түрге бөлуге болады: белгіленген және қол жететін мәртебелер.
Тұлғаның күш-жігері мен сіңірген еңбегінен тыс қоғам тарапынан белгіленген мәртебе этникалық шығу тегі, туған жері, отбасы, жынысы мен жасы т.б. факторлармен байланысты. Қол жеткен мәртебе адамның өзінің күш жұмсауымен анықталады (мысалы, жазушы, генерал, студент, директор және т.с.с.).
Адамның қандай да бір мәртебеге ие болғаны (кей кезде тіпті оның тұлғасының осы мәртебемен теңестірілуі) сәйкестендіру деп аталады. Және де сәйкестендіруге туғаннан ие болғанына немесе күш-жігер жұмсауының нәтижесінде қол жеткізгеніне қарамастан, қалай болған күнде де оны жеке адам өзінің айналасындағы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау процесі арқылы меңгереді.
Мәселен, бір адам көптеген мәртебеге ие болады, осылайша көптеген топтар мен ұйымдарға қатысады. Ол - еркек, әке, ұл, бауыр, оқытушы, профессор, партия мүшесі және т.с.с. Бір адам иеленген барлық мәртебелер жиынтығы мәртебелік жиым деп аталады. Әдетте, адамды басқа адамдармен сәйкестендіретін немесе оның өзін-өзі сәйкестендіретін мәртебелерінің бірі басты мәртебе, сол адамның өзіне тән болады. Басты мәртебе салыстырмалы түрде алынады - ол адамның жынысына, нәсіліне немесе кәсібіне байланысты емес. Өмірдің сәні мен салтын, адамның мінез-құлық үлгісін анықтайтын мәртебесі әрқашан басты мәртебе болып табылады. Мұндай мәртебе көбінесе негізгі жұмыс орнындағы лауазымына байланысты болады.
Бір адамда әлеуметтік мәртебе және жеке басының мәртебесі болатынын ажырата білген жөн. Жеке басының мәртебесі - адамның өз айналасында ие болған позициясы, оған туысқандарының, әріптестерінің, достарының берген бағасы. Бірдей мәртебеге ие болған адамдар әр түрлі әлеуметтік мәртебелерге де ие болуы мүмкін және керісінше. Мынадай айырмашылығын көрсетуге болар еді: жеке басының мәртебесі -адамның шағын (әдетте бастауыш) топтардағы жағдайы, ал әлеуметтік мәртебесі - үлкен әлеуметтік қауымдастықтағы позициясы. Әлеуметтік мәртебенің сипатты белгісі оның жеке адамға қатысты болмайтындығы, ал жеке басының мәртебесі адамның жеке қасиетін білдіреді.
Әлеуметтік мәртебенің және жеке басының мәртебесінің айырмашылығы адамның өзі қатысатын ресми немесе бейресми ұйымның құрылымында ие болатын беделі мен ықпалынан айқын көрінеді. Жеке басының мәртебесіне қол жеткізу әлеуметтік мәртебеге қарағанда әлдеқайда жеңіл.
Қоғамдық пікірде басқаларға қарағанда көбірек бағаланатын мәртебелер мен әлеуметтік топтардың иерархиясы жасалып, қолдау табады, бірақ ешбір құжатта белгіленбейді. Мұндай иерархиядағы орын “дәреже” деп аталады [16]. Индивид бір топта жоғары, ал екіншісінде төмен дәрежені иеленетін болса, не болмаса бір мәртебенің құқықтары мен міндеттері басқа мәртебенің құқықтары мен міндеттерін орындауға қайшы келетін немесе кедергі жасайтын болса, онда топтар арасында немесе топтар ішінде қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін.
Қоғамның адамға қоятын талаптарының жиынтығы нақты әлеуметтік мәртебемен байланысты. Әлеуметтік жүйеде берілген мәртебені иеленетін адамның орындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы әлеуметтік рөлдің мазмұнын білдіреді.