Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
socio EK11K!.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
13.12.2019
Размер:
173.8 Кб
Скачать

12. Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі

Білімнің деңгейіне қарай социология теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді. Теориялық білім - бұл теориялық білімнің социологиялық теориялары, болжамдары, типологиялары және т.б. нысандары. Эмпирикалық білім - эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері, фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары. Егер де социологияны “теориялық” және “эмпирикалық” деп бөлу білімнің деңгейімен (теориялық және эмпирикалық) байланысты болса, ал социологияны “іргелі” және “қолданбалы” деп бөлу - социологияның өзінің ғылыми немесе қолданбалы бағдарларына (функциясына) байланысты. Эмпирикалық зерттеу іргелі социологияның да, қолданбалы социологияның да шеңберінде жүргізілуі мүмкін. Егер оның мақсаты - теория жасау болса, онда ол іргелі социологияға (бағыты бойынша) жатады. Егер де оның мақсаты - тәжірибелік ұсынымдар жасау болса, онда ол қолданбалы социологияға жатады. Алатын білімнің деңгейіне қарай эмпирикалық зерттеу шешетін есебінің сипаты бойынша қолданбалы болуы мүмкін - шынайылықтың түрленуі. Бұл теориялық зерттеулерге (білім деңгейі бойынша) қатысты. Сөйтіп қолданбалы зерттеулер ерекше деңгей жасамайды. Бұл эмпирикалық және теориялық зерттеулердің өзі (білім деңгейі бойынша), бірақ қолданбалы бағытта болады.

13. Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы

Отандық социологияның қалыптасуы едәуір дәрежеде бұл ғылымның кеңестік қоғам дәуірінде дамуымен байланысты. Социология ғылымының осы кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін атап өтейік. ХХ ғасырдың басында Ресейдегі социологияның дамуы өрлеу үстінде болды. 1917 жылғы революцияға дейін мұнда айтарлықтай жоғары интеллектуалдық әлеует қалыптасты. Ол мыналардан көрінді: а) академиялық социологияның теориялық зерттеулері басым маркстік емес дәстүрінен - Н.И. Кареев, П.А. Сорокин, К.М. Тахтарев және басқалар; б) саяси күресте социологияны радикалдандыру басым марксистік дәстүрмен - А.А. Богданов, В.И. Ленин, Е.А. Энгель және басқалар. [21, 72‑б.]. ХХ ғасырдың 80-ші жылдары социология қоғамға саяси және экономикалық дағдарыстан шығуға көмектесетін ғылымға айналды. Партия ұйымы кәсіпорындар мен ұйымдарға социологтарды тарту, социологиялық зерттеулерді қолдану жөнінде нұсқаулар берді және т.с.с. 1988 жылы “Қоғамдағы түйінді әлеуметтік проблемаларды шешудегі маркстік-лениндік социологияның рөлін көтеру туралы” қаулы шығып, ол социологтарды практикаға кеңінен тартудың ресми бастамасы болды. 1988 - 89 жылдары Одақ бойынша 13 жоғары оқу орнында халық шаруашылығы мамандарын даярлайтын, қайта даярлайтын және біліктілігін көтеретін социологиялық факультеттер мен бөлімшелер ұйымдастырылды. 1988 - 89 оқу жылында социологиялық мамандықтар бойынша елімізде барлығы 1000 шақты студент пен 85 аспирант білім алды [27, 6-б.]. 1987 жылдың жазында Кеңес социологиялық ассоциациясының Қазақ бөлімшесі құрылды. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философиялық-экономикалық факультеті базасында социология бөлімшесінің ашылуы Қазақстан социология ғылымының қалыптасуында шешуші болды және мамандар даярлауда базалық болды. 1988 жылдың екінші жартысында екі ғылыми орталық ашылды: Қоғамдық пікірді зерделеудің республикалық орталығы (ҚПЗРО) - Бүкілодақтық орталықтың филиалы және ҚазКСР ҒА Экономика институтының жанындағы социологиялық орталық. 1988 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың БКИ жанында Ю.Дуберманның төрағалығымен “Социолог” кооперативі ұйымдастырылып, ол екі бағыт бойынша қызмет көрсетті: жеке ұйымдардың тапсырыстары бойынша социологиялық зерттеулер жүргізу және халық шаруашылығы мамандарының социологиялық біліктілігін көтеру. Қазақстандағы социологияның институттану мәртебесін ҚР Ғылым академиясының департаменті бейіні бойынша ғылыми кадрлар даярлауға, докторлық және кандидаттық ғылыми дәрежелер алу үшін ізденуге болатын ғылым ретінде бекітті. 1991 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың жанында социология ғылымдарының кандидаты және докторы ғылыми дәрежесін алуға іздену үшін диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Аспирантура мен докторантурада мамандарды даярлау әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар мен процестер мамандықтары бойынша жүреді. Қорғауға шығарылатын диссертациялардың ғылыми тақырыптары әр алуан, жалпы алғанда қазіргі заманғы қазақстандық социумның проблемалары көрініс тапқан. Диссертациялық кеңес жұмыс істеген кезеңде қырықтан аса ғылыми зерттеулер қорғауға ұсынылған.Жоғары оқу орындарындағы социологияның қалыптасуы мен дамуына 1996 жылы социологиялық ғылымдардың докторы, профессор К.Ғабдуллинаның жетекшілігімен құрылған “Социологтар академиясы” социологиялық орталығы үлкен рөл атқарды. Қазақстандық социологияның дамуы мен қалыптасуына Нариман Әбдірахманұлы Аитов ерекше үлес қосты. Ол ондаған ғылыми еңбектер, алғашқы жаңа буын оқулықтарын жазған. А.Ә. Аитовтың жаңа еңбектерінің бірі “Тең емес адамдардың теңдігі” марксистік және қазіргі заманғы әдістемелердің өзіндік ара жігін ашушы болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]