Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
socio EK11K!.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
173.8 Кб
Скачать

47. Девиантты мінез-құлықтың қандай түрлері мен формалары бар және бүгінгі таңда олардың себеп-салдарлары қандай?

Әлеуметтену кемшілігінің көрініс табуы девианттік мінез-құлық болып табылады. “Девианттік мінез-құлық” категориясы мазмұнының үш қырын бөліп қарауға болады - біріншіден, девиация деп нормадан кез келген ауытқуды, тіпті прогрессивтік ауытқуды айтуға болады. Екіншіден, дәстүр бойынша девианттік деп әлеуметтік “жамандықтың” жағымсыз көрінісі ретіндегі девиацияны айтады. Үшіншіден, неғұрлым тар ұғымында девианттік мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады

48. Қазіргі заманғы некенің формалары және оларға қоғамның қарым-қатынасы қандай?

Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет. “Азаматтық неке” деген шарасыздықтан қойылған шартты атауы ғана. Оны Дін мүл

дем неке деп санамайды, Аллаһтың алдында куәлік келтірмей, жұртқа жария етілмей ерлі-зайыптылардың бір шаңырақтың астында тұруын зинақорлыққа ғана балайды. Бүгін Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмаған балалардың 22%–некесіз туылғандар. Некелескен ерлі-зайыптыларға көптеген жауапкершіліктер жүктеледі. Ер азаматқа отбасын адал табыспен асырап-бағу, оларға қамқор болу секілді міндеттер жүктелсе, ұл-қыздың тәрбиесіне көңіл бөліп, үй шаруашылығымен айналысу әйелдің еншісінде. Олар қалай болғанда да өздерінің ерлі-зайыпты екенін сезінулері керек. Ал, «азаматтық некеде» мұндай жауапкершіліктер атымен жоқ. Олар бір-бірін сынау мақсатымен бір шаңырақтың астында есеппен өмір сүреді. Сосын дәм-тұзы жарасып жатса, асықпай үйлену тойының қамына кіріседі. Ал, бір-бірінің ойынан шықпай жатса, «біз бір-бірімізге сай емес екенбіз, мен іздеген адам басқа екен» деп күнделікті теледидардан көретін батыс киноларындағы көріністі қайталайды. Мұнымен қоса азаматтық некеде әйел мен еркектің әрмен қарай тұрмыс құрып кетулері екі талай нәрсе. Мұндай отбасында дүниеге келген сәби әкесі мен шешесі ажырасқан жағдайда бала көбінде анасының қолында қалып, әкелік тәрбиеден, мейірімнен жырақта болу қаупі бар.

49. Қазіргі заманғы қазақстандық отбасыларында қандай гендерлік өзекті мәселелер бар?

Қазіргі заманғы қазақстандық отбасындағы гендерлік өзекті мәселе деп мен қазақстан халқының санын,яғни демографиялық жағдайды көтеру, көп бала туу мәселесін айтар едім. Өзіміз білетіндей Қазақтың жері ұлан байтақ,ал халық саны өте аз болып саналады.Халық санын көбейту тек қана Қазақстан жерін адамдармен толықтыру ғана емес, қазақ елінің экономикасының дамуына, рухани құндылықтардың жоғарылауы , салт- дәстүрдің сақталуына да елеулі түрде әсер ететіні белгілі.Яғни жер бетіндегі қазақтардың саны 12 млн-дай болса,Қазақстандағы таза қазақтардың саны 8-9 млнды ғана құрайды.Бұл өте аз көрсеткіш,осы көрсеткішті өзгерту және осы көрсеткішті көбейту еліміздегі гендерлік мәселелер ішіндегі өзектісі болып табылады. Осыған байланысты көптеген ынталандыру шаралары бар. 5 баладан көп туған аналарымызға «Алтын алқа» белгісі беріледі, бала туғаннан кейін 1 жасқа дейін көптеген жәрдемақылар беріледі. Және дүниеге келген әр балаға «жөргек» деп аталатын жәрдемақы беріледі.т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]