
- •1.Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, функциялары
- •12. Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі
- •13. Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
- •14. Әлеуметтік институттар мен ұйымдар.
- •15.Э.Дюркгейм енгізген аномия ұғымы
- •16.Отбасы әлеуметтік институты ретінде
- •17.Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты мен міндеті
- •18.Социологиялық сұхбаттасуға сипаттама беріңіз
- •19.Қоғам құрылымындағы тұлға
- •20.Әлеуметтік институттардың негізгі белгілері
- •21.Әлеуметтік стратификация
- •22. Этноәлеуметтану объектісі және пәні
- •23. Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
- •24. Сауалнаманың құрылымы
- •26. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы
- •27. Мәдениет әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні
- •28. Әлеуметтік жанжалдар қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Л.Козер, р.Дарендорф жанжалды зерттеудегі қосқан үлестері
- •29. «Мәдениет» және «субмәдениет» арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Субмәдениеттің түрлері
- •30.Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні
- •38.Бүгінгі таңда жас отбасыларында қандай өзекті
- •41.Қазіргі қоғамдағы маскүнемдік пен нашақорлықтың әлеуметтік мәселе ретінде алатын орнына сипаттама беріңіз
- •42.Социологиялық зерттеулердің бағдарламасы не үшін қажет? Жауабыңызға дәлелдеме келтіріңіз
- •43.Қазіргі таңдағы қазақ отбасындағыы әлеуметтік мәселелерін атаңыз. Өз жауабыңызға талдау жасаңыз.
- •44.Сауалнамалар қандай сұрақтарын тұрады және олардың атқаратын қызметі қандай?
- •45. Зерттеудің сапалық және сандық әдістерін өзара салыстырыңыз
- •46. Тұлғаның әлеуметтенуі, кері әлеуметтенуі және қайта әлеуметтенуі түсініктеріне сәйкес келетін әлеуметтік сипаттама беріп, мысал келтіріңіз
- •47. Девиантты мінез-құлықтың қандай түрлері мен формалары бар және бүгінгі таңда олардың себеп-салдарлары қандай?
- •48. Қазіргі заманғы некенің формалары және оларға қоғамның қарым-қатынасы қандай?
- •49. Қазіргі заманғы қазақстандық отбасыларында қандай гендерлік өзекті мәселелер бар?
- •50. Аномия дегеніміз не? Қоғамға аномия қауіпті ме?
- •51.Қазіргі қоғамда тұлғаның қалыптасуына отбасы институтының атқаратын рөлі қандай?
- •52. Қазақстандық қоғамдағы жұмыссыздық мәселелері. Мемлекеттік жұмысбастылық бағдарламалары туралы пікіріңіз.
- •53. Бүгінгі таңда жас отбасыларында қандай өзекті
- •54.Сауалнамалар қандай сұрақтардан тұрады және олардың атқаратын қызметі қандай?
- •55.Сауалнамалар қандай сұрақтарын тұрады және олардың атқаратын қызметі қандай?
- •59.Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер етуде. Өз пікіріңіз, нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтер келтіріңіз.
- •60.Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.
38.Бүгінгі таңда жас отбасыларында қандай өзекті
мәселелер бар? Дәлелдер келтіріңіз
Жас отбасы – әлеуметтік жұмыстың маңызды және күрделі обьектісі. Оның маңызлылығын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» атты Президенттің халқына Жолдауында атап өткен болатын: «Жасқа байланысты құрылған саясатта біз жастарға және жас ұрпаққа, жас отбасыларына баса назар аударуымыз керек».
Дәл ғылыми тұрғыда «жас отбасы» деген терминнің анықтамасы жоқ. Әртүрлі авторлар некенің ұзақтығының шегі мен жас жұбайлардың жастарын әртүрлі көрсетеді. Дегенмен көпшілігі жас отбасы бірге 3 жыл өмір сүрген, жұбайлардың жастары 30-дан аспаған және екеуі де бірінші рет некеге отырған жастар деп есептейді. Отбасылық өтіл үшін 3 жылдың таңдалуы зерттеушілердің дәл осы уақытта отбасылық қатынастардың дамуында дағдарыс жағдайы аса жоғары болып, осы уақытта айырылысу саны көп болатынмен байланыстырылады.
Жас отбасы – дамудың бастапқы кезеңін басынан кешіріп, жұбайларды таңдауды жүзеге асыру кезеңіндегі отбасы. Осы кезеңде басқадан (жұбайынан) некеге дейінгі адамнан да күрделі адамды көру феномені ашылады, мінез-құлықтардың «үйренісуі», яғни барлық өмір салтын өзгерту басталады. Жас отбасының өмірінің қалыптасуы бірнеше жоспардан тұрады: физиологиялық, әлеуметтік және психологиялық. Отбасын құрудың өмірлік мақсатын шешуде және оны жүзеге асыруда физиологиялық жоспар өз денесі мен басқа адамның денесінің кеңістігін меңгеруден тұрады. Мұның оңай емес екенін сексолог-дәрігерлер мен сексопотологтар ғана емес, психологтар да айтып жүр.
Жас отбасын құрудың мақсаттарын шешудегі әлеуметтік жоспар некелік серіктердің біріге отырып құрған отбасы идеалына сай және қауымдастықты құру іскерлігінен тұрады. Мамандардың айтуынша, өзінің жаңа отбасында ата-аналарын отбасылық мінез-құлқын қайталау (олар әртүрлі, кейде қарама-қайшы болуы мүмкін) – отбасы өміріндегі жеке басының мақсаттарын шешудәі кең тараған қате жолдарының бірі.
Жас отбасының өмірлік мақсаттарын шешудегі әрбір осы алған жоспар шартты түрде бөленген: бірге өмір сүруді құрудың күнделікті тіршілігінде, тіпті күнделікті, қарапайым және мағынасыз әрекеттерде: үй жинау, тамақ әзірлеу, ыдыс жуу, бірге уақыт өткізу және тағы басқа олар арасыласып жатады.
Жас отбасының қалыптасуы үшін маңызды фазаға – баланың тууы жатады. Әдетте, бірінші бала жас отбасының бірге тұрған бір-екі жылында дүниеге келеді. Әрине, баланың тууылуына қарай отбасын материалдық шығыны да өсе түседі, оның үстіне ата-анасының жұмыстан бос уақыты баланы күту мен тәрбиеге кетеді. Ана мен әке болудың әлеуметтік рольдерін меңгеру – жас жұбайлар үшін ғана емес жалпы жас отбасылардың қауымдастығы үшін де үлкен сын.
Өмірлік бағдарға, отбасында рольдерді бөліп алуына, балалы болуына байланысты жас отбасыларын бірнеше түрге бөлуге болады. Жас отбасын бірінші түрі ерлі-зайыптылардың тек қана отбасылық құндылықтарға, екі балаға ғана бағдарлануымен сипатталады. Онда көшбасшы күйеуі, бірақ көшбасшылық көбіне оның отбасы қарым-қатынасындағы экономикалық саласында ғана анықталады және шектеледі (қаржы, тұрғын-үйді қамтамасыз ету). Бұл ерлі-зайыптылардың достары бір, ортақ, көбіне бірге, жабық.
Екінші түрлі жас отбасы жеке бастың дамуына бағдарланған, аз балалы отбасы болуды жоспарлаған. Отбасындағы көшбасшылық жариялылықты ұстанады: отбасы өміріне байланысты бірге немесе бөлек. Мұндай отбасы социум үшін ашық та, жабық та болуы мүмкін.
Үшінші түрлі жас отбасы – ерлі-зайыптылар думан тойға бағдарланған отбасы. Жағарыда айтылған жас отбасылардың түрлері жалпы қалыпты тіршілік етуге ешбір «қауіп» туғызбайтын белгілері бойынша жіктеледі. Мұндай түрлер, оны білу әлеуметтік қызметкер үшін қажет.
39 |
ХІХ ғасырда әлеуметтану ғылымының пайда болу себептерін атаңыз |
Социология ғылымы пайда болмас бұрын алдымен ол философия құрамында протосоциологияға дейін дамыған болатын. Протосоциология ғылымы алғаш қалыптас болатын, ілімнің ежелгі заманнан ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі эволюциясын бірқатар елеулі шектеулермен және кемшіліктермен сипатталады:
- басым болған идеологиялардың үстемдігі;
- түрлі жағдайларда немесе құбылыстарды дәлелдеуге нақты эмпирикалық логикалық дәйектер жетіспеген кезде құдыретті күшке және өзге де дәлелденбеген нәрселерге жиі жүгінуі ол кездің білімі барлық қағидалар мен тұжырымдардан қатаңдықты, логикалық үйлесімділікті және дәйектілікті талап ететін ғылыми өлшемдерге жауап бере алмады;
- қоғамның қазіргі күйін емес, оның болашағын суреттеу;
- әлеуметтік құбылыстарды шешетін диалектиканың болмауы. Қоғам әлдебір сыртқы күштер арқылы біржолата реттеліп жасалған немесе керісінше, тәуелсіздердің ыңғайы мен қалауына толық бейімделген қауым ретінде қабылданды. Қоғам қолдамаған кейбір өте сирек болатын әлеуметтік тенденциялар заңды процесс ретінде емес, әлдебір тұрақты сурет немесе билеушілердің шексіз зорлық-замбылығының жемісі ретінде қарастырылды.
- Жалпы теориялық тұжырымдардың шынайы өмірден қол үзуі қатаң бақылаулармен басқа да объективті ғылыми рәсімдерге жүгінетін мәліметтердің жоқ болуы. Сондықтан мұндай әлеуметтік ілім абстрактілі сипат алды.
Социологияның дербес ғылыми пән ретінде бөлініп шығуы қоғамды тануда аталмыш шектеулер мен жетіспеушіліктердің орнын толтыруда пайда болған қажеттіліктермен тікелей байланысты. Қоғамды социологиялық жағынан зерттеу бірнеше шарттардың орындалуын талап етті.
Біріншіден, ол өзінің зерттеу объектісіне тікелей тәжірибелік ықпал етуден бас тартуы керек. Екіншіден, зерттеу сол заманның ғылыми қауымы социологияны ғылым ретінде есептеуіне мүмкіндік беретін белгілері - принциптермен, амал-тәсілдермен толықтырылуы тиіс болды. Басқаша айтқанда, социологияның қалыптасуы жөніндегі алғышарттардың бірінің пайда болуына қоғам идеясы мен қоғам туралы ғылым идеясының бірігуі әсер етті.
Социологияның ғылым ретінде қалыптасуының келесі бір алғышарты әлеуметтік детерминизм түсінігі болып табылады. Бұл түсінік бойынша қоғамды былық пен зорлық-замбылық билемейді, керісінше, кеңістіктік және уақыттың реттелу, себеп-салдарлы байланыстары бір құбылыстардың басқа процестерге себепші болу шарттары билейді. Әлеуметтік заңдар идеясы социологияның қалыптасуы мен құрылуында маңызды орын алады. Осы идеяға сәйкес әлеуметтік құбылыстар табиғи құбылыстар сияқты туынды айла-шарғыларға көнбейді, олар едәуір мықты және тұрақты болып келеді, сондықтан оларды белгілі бір шекте және тек олардың өздеріне сүйене отырып басқаруға болады; оларға түсінуге оңай кеңістіктік және уақыттық реттелу тән. Мұның барлығы әлеуметтік құбылыстар жөніндегі ғылымның қажеттілігін айқындай түседі.
Белгілі бір мағынада, социология әлеуметтік дамуға жататын үш заңның белгіленуінен дамыды деп айтуға болады:
әлеуметтік даму бар және ол тұрақты және әмбебап сипат алады;
қиын кезең негізіне ғылыми білімнің өсуі жатыр, ол техника мен өндірістің дамуымен жүзеге асады;
қоғам өзінің дамуында жетіле түседі, яғни онда прогресс заңы әрекет етеді.
Соңғы заң алдыңғы екеуін белгілі бір мағынада қорытындылай келіп, социологияның қалыптасуының алғышарттары ретінде маңызды орын алады.
Әлеуметтік заң социологияның пайда болуымен бір мезгілде онтологиялық және эпистинологиялық негізін білдірді. Сонымен қатар әлеуметтік заңдарды танып білуде түрлі тәсілдердің болуын және пайда болуын дәлелдеу талап етілді. Жаңа ғылымды құру үшін оның методологиялық мәртебесін бекіту қажет болды.
40 |
«Тұлғаның әлеуметтенуі», «тұлғаның дамуы», «тұлғаның тәрбиесі» түсініктеріне талдау жасаңыз |
Социологияның бірінші кезектегі проблемаларының бірі - әлеуметтену процесі болып табылады. “Әлеуметтену” ұғымы жалпылама түрде индивидтің әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және индивидке қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеруі процесін сипаттайды.
Әлеуметтенуден бейімделуді (жаңа шарттарға үйренудің уақыт бойынша шектелген процесі), оқытуды (жаңа білім алу), тәрбиені (әлеуметтендірудің агенттері мен институттарының индивидтің рухани аясы мен мінез-құлқына мақсатты түрде ықпал етуі), есеюді (адамның 10 жастан 20 жасқа дейінгі кезеңде әлеуметтік психологиялық қалыптасуы) және ержетуді (адам организмінің жеткіншектік және жастық шағындағы нығаюының физикалық-физиологиялық процесі) ажырата білу қажет.
Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесінің нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты.
Адамның жеке басының және тарихи дамуының түрлі деңгейлеріндегі нақты-тарихи даму ерекшеліктерін көрсету үшін “индивид” ұғымымен қатар “тұлға” ұғымы пайдаланылады. Тұлға - индивид дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы. Тұлға даму нәтижеснде қалыптасқан болатын болса, тұлғаның дамуы – ол жаңа құндылықтар мен нормаларды өзінің өмір жолында қабылдауы.
Тұлғаның тәрбиесі – ол тұлғаның әлеуметтенуі мен дамуы барысында мәдени нормалар мен құндылықтарды игеру дәрежесі.