
- •1.Отбасы құқығының түсінігі. Отбасы құқығының пәні мен әдістері.
- •Отбасы құқығының құқық салаларының арасында алатын орны.
- •Отбасы құқығының қағидалары. Отбасы құқығының жүйесі.
- •Неке-және отбасы қатынастары.Түсінігі, пайда болу негіздері.
- •Отбасы қатынастарының субъектілері.Отбасы құқығындағы құқық қабілеттілік.
- •Отбасы құқық қатынастарының құрамы, түрлік сипаттамасы.
- •Неке-отбасы заңдары, түсінігі, құрамы, қолданылу тәртібі.
- •Неке-отбасы заңдарының түсінігі. Халықаралық құқық нормаларының отбасылық қатынастарға қолданылуы.
- •Неке-отбасы заңдарының тұлғаларға, уақытына, кеңістікке қарай қолданылуы.
- •Неке-отбасы құқықтарының жүзеге асуы, тәртібі, қағидалары.
- •Неке-отбасы құқықтарын қорғау, қорғаудың тәсілдері. Соттық қорғау әдісінің ерекшелігі.
- •Отбасы құқығындағы мерзімдер. Отбасы құқығынағы талаптың ескіру мерзімі.
- •Некенің түсінігі, белгілері, некеге тұрудың тәртібі.
- •Некеге тұрудың тәртібі.Некеге тұруға қажетті жанекеге тұруға қажетті жағдайлар.Некеге тұруға кедергі келтіретін жағдайлар.
- •Некенің тоқтатылуы. Некенің тоқтау негіздері мен некенің тоқтатылу сәті.
- •Некенің бұзылуы. Ахаж органдарында некенің бұзылуы.
- •Некенің бұзылуы. Сот органдарында некенің бұзылуы.
- •Некені жарамсыз деп танудың түсінігі, негіздері.
- •Некенің жарамсыз деп танылуы. Некені жарамсыз деп танудың салдарлары.
- •Жалған некенің түсінігі. Жалған неке кезінде жұбайлардың сақталынатын құқықтары.
- •Некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туған дауларды сотта қарау.
- •Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері.
- •Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •Ерлі-зайыптылардың мүліктік режимі түсінігі мен түрлері.
- •Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі. Ерлі-зайыптылардың мүліктерін пайдалану, иелену, билік ету құқығы.
- •Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуы.
- •Неке шартының түсінігі, мазмұны.
- •Неке шартының жасалуы, өзгеруі, бұзылуы.
- •Нек шартының жарамсыз деп танылуы, неке шартының тоқтатылуы.
- •Міндеттемелер бойынша ерлі-зайыптылардың жауап беруі.
- •3. Ерлi-зайыптылардың мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiгi
- •Әке болуды, ана болуды анықтау.
- •Бала асырау кезінде туған дауларды шешу.
- •Баланы ата-анасынан немесе басқа тұлғалардан алып қою.
- •Баланың құқықтары , түрлік сипаттамасы.
- •Баланың шығу тегін анықтау.
- •Баланың тууын тіркеу. Баланың тууын тіркеуді даулау.
- •Бала асырап алу.Түсінігі мен тәртібі.
- •Бала асырап алуға құқылы тұлғалар.
- •Ерлі-зайыптылардың біреуінің бала асырап алуының тәртібі мен негіздері.
- •Бала асырап алудың туатын құқықтық салдарлары.
- •Бала асырап алудың күшін жою, оның құқықтық салдары.
- •Бала асырып алуды жарамсыз деп тану салдарлары.
- •Қамқоршылықтың түсінігі мен ерекшелігін көрсететін белгілері, қамқоршылықты тағайындау тәртібі.
- •Қорғаншылықтың түсінігі мен ерекшелігін көрсететін белгілері, қамқоршылықты тағайындау тәртібі.
- •Қамқоршы және қорғаншы органдарының құзіреті,мақсаттары.
- •Қамқоршы мен қорғаншылардың құқықтары мен міндеттері.
- •Қамқоршы мен қорғаншылықтың тоқтатылуы.
- •Емдеу және тәрбиелеу орындарындағыларға қамқоршылық пен қорғаншылықтың тағайындалуы.
- •Әрекет қабілетсіз адамдарға қорғаншылықтың тағайындалуы.
- •Патронаттық тәрбие. Асыранды отбасы.
- •Патронат тәрбиеші, оған қойылатын талаптар.
- •Кәмілетке толмаған балалар мен ата-аналардың арасындағы алименттік міндеттемелер.
- •Кәмілетке толмаған балаларға сот тәртібімен алимент төлеу тәртібі.
- •Кәмілетке толмаған балаларға тұрақты соммен алимент төлеу тәртібі.
- •Алимент төлеу туралы келісімнің түсінігі мен жасау тәртібі.
- •Кәмілетке толған балаларына ата-аналарының алимент төлеу тәртібі.
- •Кәмілетке толған балалардың ата-аналарына төлейтін алименттері.
- •Ерлі-зайыптылар мен бұрынғы жұбайлардың арасындағы алименттік міндеттемелері.
- •Отбасының басқа мүшелерінің арасындағы алименттік міндеттемелер.
- •Алименттің мөлшері. Алимент төлеу негізі.
- •Алиментті индексациялау. Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы.
- •Алимент төлеу туралы келісімнің жарамсыз деп танылуы.
- •Азаматтық хал актілері түсінігі мен түрлері, жалпы сипаттамасы.
- •Азаматтық хал актілеріндегі жазбаны жою және өзгерту.
- •Азаматтық хал актілеріне жазу барысында азаматтық хал актілерін жазу органдарының құқық бұзушылықтарына жауапкершілігі.
- •Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың отбасылық қатынастарына Қазақстан Республикасы неке және отбасы заңдарының қолданылуы.
- •Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың некеге тұруын құқықтық реттеу.
- •Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың некелерінің бұзылу тәртібі.
- •Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың бала асырап алу тәртібі.
- •Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының алименттік міндеттемелері.
Некенің тоқтатылуы. Некенің тоқтау негіздері мен некенің тоқтатылу сәті.
Некенің тоқтатылуының мынадай негіздері бар:
Некедегі жұбайлардың біреуінің қайтыс болуы;
Сот шешімімен жұбайлардың біреуінің қайтыс болды деп жариялануы;
Жұбайларының біреуінің немесе екеуінің өтінішімен некенің бұзылуы;
Сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған жұбайдың қорғаншысының өтінішімен некенің бұзылуы.
14-бап. Жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы және оны өлдi немесе олардың бiреуi хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан некенiң тоқтатылуы
1. Неке ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң қайтыс болуы немесе сот оны өлдi немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады.
2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиiстi сот шешiмi күшiн жойған жағдайда некенi ерлi-зайыптылардың бiрлескен өтiнiшi бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органы қалпына келтiруi мүмкiн.
3. Егер жұбайлардың екiншiсi жаңа некеге отырса, некенi қалпына келтiруге болмайды. Егер неке қию кезiнде тараптарға (немесе тараптардың бiреуiне) қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылған жұбайы тiрi екенi белгiлi болса, бұл ереже қолданылмайды.
Некенің бұзылуы. Ахаж органдарында некенің бұзылуы.
Некені бұзу: 1) АХАЖ органы арқылы; 2) Сот органы арқылы.
Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға жол берілмейді.
Некені АХАЖ органында бұзу:
АХАЖ органында некені бұзу: ерлі-зайыптылардың өзара келісуі жағдайында; ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша.
Ерлі-зайыптылардың өзара келісуі: Егер кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын жағдайда.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша: Ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер олардың екіншісін:- сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса; - сот әрекетке қабілетсіз деп таныса; - қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса.
Некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын даулар АХАЖ органдарында сот тәртібімен қаралады.
Некенің бұзылуы. Сот органдарында некенің бұзылуы.
Некені бұзу: 1) АХАЖ органы арқылы; 2) Сот органы арқылы.
Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға жол берілмейді.
Некені сот тәртібімен бұзу:
Сот тәртібімен бұзу мына жағдайларда жүргізіледі:
Ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалары болса;
Ерлі зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаса;
Егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса;
Ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болса;
Тоқтатылу кезі: Соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
Сот тәртібімен некені бұзу мерзімі: Ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы арыз берген күннен бастап кемінде бір ай өткен соң жүргізіледі.