Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otbasy_kukyk_shpor (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
388.1 Кб
Скачать
  1. Әрекет қабілетсіз адамдарға қорғаншылықтың тағайындалуы.

113-бап. Әрекетке қабiлеттi азаматтарды қамқоршылыққа алу

1. Денсаулық жағдайы бойынша өз құқығын жүзеге асырып, қорғай алмайтын және мiндеттерiн орындай алмайтын кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi адамның өтiнiшi бойынша оған қамқоршылық белгiленуi мүмкiн. 2. Кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқоршы орган сол адамның келiсiмi бойынша ғана тағайындауы мүмкiн.

3. Кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi қамқоршылыққа алынушыға тиесiлi мүлiкке билiк етудi қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлiктi сенiмдi басқару негiзiнде қамқоршы жүзеге асырады.

Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға және оның тұрмыстық қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмiлелердi жасауды қамқорлыққа алынушының келiсiмiмен қамқоршы жүзеге асырады.

4. Кәмелетке толған әрекетке қабiлеттi адамды қамқорлыққа алу осы адамның талабы бойынша тоқтатылуы мүмкiн.       Қамқоршылыққа алынған адамның қамқоршысы осы Заңның 115-бабында көзделген жағдайларда өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан босатылады.

  1. Патронаттық тәрбие. Асыранды отбасы.

119-бап. Патронат

1. Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның iшiнде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрiздi басқа да мекемелердегi кәмелетке толмаған балаларға белгiленедi.       2. Баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрушi адам (патронат тәрбиешi) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негiзi болып табылады.       3. Патронат туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

120-бап. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт

1. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және бiлiм беру жағдайларын, патронат тәрбиешiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, патронат тәрбиешiге қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың мiндеттерiн, сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негiздерi мен салдарларын көздеуi тиiс.       Бала патронат тәрбиешiге аталған шартпен белгiленген мерзiмге тәрбиелеуге берiледi.       2. Патронат тәрбиешiлердiң еңбегiне ақы төлеу және тәрбиелеуге алынған балалар санына қарай берiлетiн жеңiлдiктер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.       3. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт:       1) дәлелдi себептерi (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруi, баламен өзара түсiнiстiктiң болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешiлердiң бастамасы бойынша;       2) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және бiлiм беруде қолайсыз жағдайлар туған кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамасы бойынша;       3) бала ата-анасына қайтарып берiлген немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.

  1. Патронат тәрбиеші, оған қойылатын талаптар.

121-бап. Патронат тәрбиешiлер

1. Патронат тәрбиешiлер тәрбиеге алынған балаға (балаларға) қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтар мен мiндеттерге ие болады. Оларға осы заңның 108-бабында көзделген талаптар қойылады.       2. Патронат тәрбиешiлердi iрiктеп алуды қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады.

122-бап. Патронат белгiленетiн бала (балалар)

1. Шарт бойынша оны патронат тәрбиешiлерге беру үшiн баланы (балаларды) алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органмен келiсiм бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдар жүзеге асырады.       Ағалы-iнiлердi, апалы-сiңлiлердi (қарындастарын) ажыратуға жол берiлмейдi, бұған олардың мүдделерiне сай келетiн жағдайлар қосылмайды.       2. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешiлерге беру оның пiкiрi ескерiле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала (балалар) оның келiсiмiмен ғана берiлуi мүмкiн.       3. Патронат тәрбиешiлерге берiлген бала (балалар) өзiне тиесiлi алименттерге, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған кезде, тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берiлуiне құқығы бар.       Патронат тәрбиешiлерге берiлген бала (балалар) осы Заңның 52-54, 59-баптарында көзделген құқықтарға да ие болады.

123-бап. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағу

1. Әрбiр баланы асырап-бағуға Қазақстан Республикасының Үкiметi  белгiлеген тәртiппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленедi.       2. Қорғаншы және қамқоршы орган патронат тәрбиешiлерге қажеттi көмек көрсетуге, баланың (балалардың) өмiрi мен тәрбиесiне қалыпты жағдай туғызуға жәрдемдесуге мiндеттi, сондай-ақ патронат тәрбиешiлерге жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған бiлiм беру мiндеттерiн орындауға бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]