Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otbasy_kukyk_shpor (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
388.1 Кб
Скачать
  1. Некенің түсінігі, белгілері, некеге тұрудың тәртібі.

Неке дегеніміз – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.

13-бап. Некеге тұру тәртiбi

      1. Некеге тұратын адамдардың тiкелей қатысуымен неке мемлекеттiк азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында қиылады.

Некеге тұруға ниет бiлдiрген адамдардың бiреуi азаматтық хал актiлерiн жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жерi бойынша қиылуы мүмкiн.

Неке қию кезiнде өкiл жiберуге жол берiлмейдi.

      2. Некенi қию некеге тұруға тiлек бiлдiрушiлер азаматтық хал актiлерiн жазу органына арыз берген күннен бастап бiр ай мерзiм өткен соң жүргiзiледi.

Дәлелдi себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттiк тiркеу орны бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органы бiр ай өткенге дейiн неке қиюға, сондай-ақ осы мерзiмдi ұзартуға, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға рұқсат етуi мүмкiн.

Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктiлiк, бала тууы, бiр тараптың өмiрiне тiкелей қауiп төнуi және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтiнiш берiлген күнi қиылуы мүмкiн.

      3. Неке қиюды мемлекеттiк тiркеу азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      4. Азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының некенi тiркеуден бас тартуына некеге тұруға тiлек бiлдiрушi адамдар не олардың бiреуi сотқа шағым жасай алады.

  1. Некеге тұрудың тәртібі.Некеге тұруға қажетті жанекеге тұруға қажетті жағдайлар.Некеге тұруға кедергі келтіретін жағдайлар.

13-бап. Некеге тұру тәртiбi

1. Некеге тұратын адамдардың тiкелей қатысуымен неке мемлекеттiк азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында қиылады.

Некеге тұруға ниет бiлдiрген адамдардың бiреуi азаматтық хал актiлерiн жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жерi бойынша қиылуы мүмкiн.       Неке қию кезiнде өкiл жiберуге жол берiлмейдi.

2. Некенi қию некеге тұруға тiлек бiлдiрушiлер азаматтық хал актiлерiн жазу органына арыз берген күннен бастап бiр ай мерзiм өткен соң жүргiзiледi.

Дәлелдi себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттiк тiркеу орны бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органы бiр ай өткенге дейiн неке қиюға, сондай-ақ осы мерзiмдi ұзартуға, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға рұқсат етуi мүмкiн.

Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктiлiк, бала тууы, бiр тараптың өмiрiне тiкелей қауiп төнуi және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтiнiш берiлген күнi қиылуы мүмкiн.

3. Неке қиюды мемлекеттiк тiркеу азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

4. Азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының некенi тiркеуден бас тартуына некеге тұруға тiлек бiлдiрушi адамдар не олардың бiреуi сотқа шағым жасай алады.

Некеге тұру үшін қажетті жағдайлар:

  1. Еріктілік;

  2. Неке жасы;

  3. Тараптардың бір жынысты болмауы.

Некеге тұруға кедергі келтіретін жағдайлар:

  1. Туысқандық байланыс;

  2. Әрекет қабілеттіліктің жоқтығы;

  3. Асырап алушылар мен асырап алынғандар арасындағы байланыс;

  4. Бұрынғы некенің бұзылмауы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]