Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otbasy_kukyk_shpor (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
388.1 Кб
Скачать
  1. Неке-отбасы құқықтарының жүзеге асуы, тәртібі, қағидалары.

6-бап. Неке-отбасы қатынастарындағы құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асыру

1. Егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, азаматтар өздерiне тиесiлi неке-отбасы қатынастарынан туындайтын құқықтарды, оның iшiнде осы құқықтарды қорғауға арналған құқықты өз қалауы бойынша қолданады.       Неке-отбасы құқықтарын жүзеге асыру және мiндеттердi орындау отбасының басқа мүшелерi мен құқықтың өзге субъектiлерiнiң құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерiн бұзбауға тиiс.

2. Неке-отбасы құқықтары заңмен қорғалады, бұған осы құқықтардың мақсатына қайшы келетiн жағдайлар қосылмайды.

Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары:

      1) еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi;

      2) ерлi-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдiгi;

      3) отбасының iсiне кiмнiң болса да өз бетiнше араласуына жол берiлмеушiлiк;

      4) отбасы iшiндегi мәселелердi өзара келiсiммен шешу;

      5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсiп-жетiлуi мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;

      6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсiз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға басымдық беру;

      7) отбасы мүшелерiнiң өз құқықтарын кедергiсiз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкiндiктерi;

      8) отбасының барлық мүшелерiн салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптерiне негiзделедi.

  1. Неке-отбасы құқықтарын қорғау, қорғаудың тәсілдері. Соттық қорғау әдісінің ерекшелігі.

7-бап. Неке-отбасы құқықтарын қорғау

Неке-отбасы құқықтарын қорғауды азаматтық сот iсiн жүргiзу ережелерi бойынша - сот, ал осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк органдар немесе қорғаншы және қамқоршы органдар осы Заңның тиiстi баптарында көзделген тәртiппен жүзеге асырады.

8-бап. Неке-отбасылық қатынастарға талап-арыздың ескiруiн қолдану

1. Талап-арыздың ескiруi неке-отбасы қатынастарынан туындайтын талаптарға қолданылмайды, бұған бұзылған құқықты қорғауға арналған мерзiм осы Заңмен белгiленген жағдайлар қосылмайды.

2. Талап-арыздың ескiруiн белгiлейтiн нормаларды қолдану кезiнде сот Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 177, 179, 180, 182-185-баптарының ережелерiн басшылыққа алады.

  1. Отбасы құқығындағы мерзімдер. Отбасы құқығынағы талаптың ескіру мерзімі.

Некенi қию некеге тұруға тiлек бiлдiрушiлер азаматтық хал актiлерiн жазу органына арыз берген күннен бастап бiр ай мерзiм өткен соң жүргiзiледi.       Дәлелдi себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттiк тiркеу орны бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органы бiр ай өткенге дейiн неке қиюға, сондай-ақ осы мерзiмдi ұзартуға, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға рұқсат етуi мүмкiн.       Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктiлiк, бала тууы, бiр тараптың өмiрiне тiкелей қауiп төнуi және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтiнiш берiлген күнi қиылуы мүмкiн.

ҚР Азаматтық Кодексінің 7-тарауында талап мерзiмi туралы айтылған:

      177-бап. Талап қою ұғымы

      1. Талаптың ескiруi - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденiң бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкiн болатын уақыт кезеңi.       2. Талап қою мерзiмдерi және оларды есептеу тәртiбi заңмен көзделедi және оларды тараптардың келiсуiмен өзгертуге болмайды.

      178-бап. Талап қою мерзiмдерi

      1. Талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi.       2. Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.       3. Осы Кодекстiң 177, 179-186-баптарының ережелерi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, талап қоюдың арнаулы мерзiмдерiне де қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]