Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otbasy_kukyk_shpor (1).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
388.1 Кб
Скачать
  1. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың некелерінің бұзылу тәртібі.

204-бап. Некенiң бұзылуы

1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некенi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер арасындағы некенi бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жұбайымен некенi оның азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының сотында бұзуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес некенi азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында бұзуға жол берiлетiн жағдайда неке Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде бұзылуы мүмкiн.

3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некенi бұзу тиiстi шет мемлекеттiң заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.

4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шетелдiктер арасындағы некенi бұзу тиiстi шет мемлекеттiң заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.

  1. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың бала асырап алу тәртібі.

209-бап. Бала асырап алу

1. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуы, соның iшiнде бала асырап алудың күшiн жою осы заңның 76-78, 82-84 және 96-баптарының талаптарын сақтай отырып Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

2. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдiк болып табылатын баланы асырап алған жағдайда баланың заңды өкiлiнiң және бала азаматы болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органының келiсiмiн, сондай-ақ егер аталған мемлекеттiң заңдарына сәйкес талап етiлетiн болса, асырап алуға баланың да келiсiмiн алу қажет.

3. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын баланы асырап алуды бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттiң құзыреттi орган жүргiзген ретте Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кеткенге дейiн баланың тұратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органынан немесе оның ата-анасынан (олардың бiреуiнен) бала асырап алуға алдын-ала рұқсат алынған жағдайда Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.

4. Егер бала асырап алудың нәтижесiнде баланың Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген құқықтары бұзылса, бала асырап алудың күшi сот тәртiбiмен жойылуға тиiс.

5. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды шетелдiктерге асырап алуға берудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi .

6. Шетелдiктерге асырап алуға берiлген балаларға бақылау жасауды Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]