Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otbasy_kukyk_shpor (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
13.12.2019
Размер:
388.1 Кб
Скачать
  1. Отбасы құқық қатынастарының құрамы, түрлік сипаттамасы.

Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).

Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей – тегжейлі реттелеі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылық – некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.

Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата – анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері – атасы мен әжесі болады.

Толық емес отбасы балалардың ата – анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата – аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата – анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі – зайыптыны бағып – қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі – зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекетарқыы қорғалады.

  1. Неке-отбасы заңдары, түсінігі, құрамы, қолданылу тәртібі.

Неке дегеніміз – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.

Отбасылық заңнама келесі шарттар мен тәртіптерді реттейді:

  • Некеге тұру;

  • Некені тоқтату;

  • Некені жарамсыз деп тану.

Некені қию, некені бұзу және оны жарамсыз деп тану азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдар (АХАЖ) арқылы тіркеледі.

      Неке-отбасы заңдары:

      1) некеге тұрудың, некенi тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртiбiн белгiлейдi;

      2) отбасы мүшелерiнiң: ерлi-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен мiндеттердi, мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке қатынастарды реттейдi;

      3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртiбiн айқындайды;

      4) азаматтық хал актiлерiн тiркеу және заңдарда белгiленген тәртiппен ақылы қызмет көрсету тәртiбiн реттейдi.

Ең алғашқы Римдегі классикалық кезең бойынша некенің түсінігі – неке бұл әйел мен еркек арасындағы физикалық, адамгершілік, экономикалық, заңды, діни қатынастардың орын алуы.

Некеге қатысты қатынастарды үшке бөледі:

  1. Жандүниелік қатынас;

  2. Физикалық қатынас;

  3. Материалдық қатынас.

Канттың түсінігінше неке дегеніміз – екі адамның адамгершілігі, бостандығы мен еркін сақтай отырып құрған одағы.

Шарттық теория Кавелин бойынша неке дегеніміз – бұл шарттың элементтермен байланысты, некенің мазмұны, тоқтатылуы, жағдайларының барлығы шарт ұғымымен бірдей.

Мемлекеттік теория (Иоффе) бойынша неке дегеніміз – махаббат пен өзара түсіністік негізінде ерлі – зайыптылардың құрған одағын мемлекет арқылы тану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]