Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otbasy_kukyk_shpor (1).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
388.1 Кб
Скачать
  1. Қамқоршы мен қорғаншылардың құқықтары мен міндеттері.

112-бап. Баланың қорғаншысының (қамқоршысының) құқықтары мен мiндеттерi

1. Баланың қорғаншысы (қамқоршысы) қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани дамуына қамқорлық жасауға құқылы және мiндеттi.       Қорғаншы (қамқоршы) баланың пiкiрi мен қорғаншы және қамқоршы органның ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ осы Заңның 64-бабында көзделген талаптар сақталған жағдайда қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) баланы тәрбиелеудiң әдiстерiн дербес белгiлеуге құқылы.       Қорғаншы (қамқоршы) баланың пiкiрiн ескере отырып, ол орта бiлiм алғанға дейiн балаға бiлiм беру мекемесi мен оқытудың нысанын таңдауға құқылы және баланың орта бiлiм алуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 2. Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығындағы (қорғаншылығындағы) баланы өздерiнде заңды негiздерсiз ұстап отырған кез келген адамнан, соның iшiнде баланың жақын туыстарынан қайтарып берудi сот арқылы талап етуге құқылы.       3. Баланың өз ата-аналарымен және басқа жақын туыстарымен қарым- қатынас жасауына, мұндай қарым-қатынас баланың мүдделерiне сай келмеген жағдайларды қоспағанда, бөгет болуға қорғаншының (қамқоршының) құқығы жоқ. 4. Қамқорлыққа алынушылар, балалар немесе емдеу мекемелерiнде тәрбиеленуде немесе емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың қорғаншылары мен қамқоршылары өздерi қамқорлыққа алғандармен бiрге тұруға мiндеттi. Қамқоршының он алты жасқа толған қамқоршылыққа алынушыдан бөлек тұруына, бұл қамқоршылыққа алынушының тәрбиесiне және оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауға қолайсыздық туғызбайтын жағдайда, қорғаншы және қамқоршы органның рұқсатымен жол берiледi.       Қорғаншылар мен қамқоршылар тұрғылықты жерiнiң өзгеруi туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға хабарлап отыруға мiндеттi.  5. Қорғаншы кемiнде жылына бiр рет қорғаншы және қамқоршы органға қамқоршылыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы және оны тәрбиелеу жөнiндегi, сондай-ақ оның мүлкiн басқару жөнiндегi жұмыс туралы есеп берiп отыруға мiндеттi.

  1. Қамқоршы мен қорғаншылықтың тоқтатылуы.

116-бап. Қорғаншылықты және қамқоршылықты тоқтату

1. Қамқоршылыққа алынушыны әрекетке қабiлеттi деп тану немесе қорғаншының, қамқоршының немесе қорғаншы және қамқоршы органның арызы бойынша оның әрекет қабiлеттiлiгi шектеулiлiгiнiң күшiн жою туралы сот шешiм шығарған жағдайларда кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық тоқтатылады.       2. Жасөспiрiм қамқоршылыққа алынушы он төрт жасқа жеткен соң оған қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық мiндетiн жүзеге асыратын адам бұл туралы қосымша шешiмсiз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады.       3. Кәмелетке толмаған балаға қамқоршылық он сегiз жасқа жеткен кезде арнайы рұқсатсыз, сондай-ақ ол некеге отырған кезде және кәмелетке толғанға дейiн ол әрекетке толық қабiлеттi болған басқа да жағдайларда қамқоршылық тоқтатылады.

  1. Емдеу және тәрбиелеу орындарындағыларға қамқоршылық пен қорғаншылықтың тағайындалуы.

110-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тәрбие және емдеу мекемелерiндегi балалардың құқықтары

1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тәрбие, емдеу және басқа да мекемелерiндегi балалардың:       1) асырап-бағылуға, тәрбиеленуге, бiлiм алуға, жан-жақты дамуға, өздерiнiң адамгершiлiк қадiр-қасиеттерiнiң құрметтелуiне, өз мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiне;       2) өздерiне тиесiлi алименттердi, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтiк төлемдердi алуға;       3) тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтауға, ал тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй -заңдарына сәйкес тұрғын үй-жай алу құқығына ие болуға;       4) аталған мекемелерде тұруы аяқталған соң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмысқа орналасу кезiндегi жеңiлдiктерге ие болуға құқығы бар.       2. Қорғаншы және қамқоршы органдар осы баптың 1-тармағында аталған мекемелерде тұрып жатқан балаларды асырау, тәрбиелеу, оларға бiлiм беру жағдайларын бақылауды жүзеге асырады.       3. Осы мекемелер түлектерiнiң құқықтарын қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледi.       4. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және осы баптың 1-тармағында аталған мекемелерде тұратын балалар осы Заңның 52-54, 59-баптарында көзделген құқықтарға да ие болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]