
- •1.Отбасы құқығының түсінігі. Отбасы құқығының пәні мен әдістері.
- •Отбасы құқығының құқық салаларының арасында алатын орны.
- •Отбасы құқығының қағидалары. Отбасы құқығының жүйесі.
- •Неке-және отбасы қатынастары.Түсінігі, пайда болу негіздері.
- •Отбасы қатынастарының субъектілері.Отбасы құқығындағы құқық қабілеттілік.
- •Отбасы құқық қатынастарының құрамы, түрлік сипаттамасы.
- •Неке-отбасы заңдары, түсінігі, құрамы, қолданылу тәртібі.
- •Неке-отбасы заңдарының түсінігі. Халықаралық құқық нормаларының отбасылық қатынастарға қолданылуы.
- •Неке-отбасы заңдарының тұлғаларға, уақытына, кеңістікке қарай қолданылуы.
- •Неке-отбасы құқықтарының жүзеге асуы, тәртібі, қағидалары.
- •Неке-отбасы құқықтарын қорғау, қорғаудың тәсілдері. Соттық қорғау әдісінің ерекшелігі.
- •Отбасы құқығындағы мерзімдер. Отбасы құқығынағы талаптың ескіру мерзімі.
- •Некенің түсінігі, белгілері, некеге тұрудың тәртібі.
- •Некеге тұрудың тәртібі.Некеге тұруға қажетті жанекеге тұруға қажетті жағдайлар.Некеге тұруға кедергі келтіретін жағдайлар.
- •Некенің тоқтатылуы. Некенің тоқтау негіздері мен некенің тоқтатылу сәті.
- •Некенің бұзылуы. Ахаж органдарында некенің бұзылуы.
- •Некенің бұзылуы. Сот органдарында некенің бұзылуы.
- •Некені жарамсыз деп танудың түсінігі, негіздері.
- •Некенің жарамсыз деп танылуы. Некені жарамсыз деп танудың салдарлары.
- •Жалған некенің түсінігі. Жалған неке кезінде жұбайлардың сақталынатын құқықтары.
- •Некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туған дауларды сотта қарау.
- •Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері.
- •Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.
- •Ерлі-зайыптылардың мүліктік режимі түсінігі мен түрлері.
- •Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі. Ерлі-зайыптылардың мүліктерін пайдалану, иелену, билік ету құқығы.
- •Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуы.
- •Неке шартының түсінігі, мазмұны.
- •Неке шартының жасалуы, өзгеруі, бұзылуы.
- •Нек шартының жарамсыз деп танылуы, неке шартының тоқтатылуы.
- •Міндеттемелер бойынша ерлі-зайыптылардың жауап беруі.
- •3. Ерлi-зайыптылардың мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiгi
- •Әке болуды, ана болуды анықтау.
- •Бала асырау кезінде туған дауларды шешу.
- •Баланы ата-анасынан немесе басқа тұлғалардан алып қою.
- •Баланың құқықтары , түрлік сипаттамасы.
- •Баланың шығу тегін анықтау.
- •Баланың тууын тіркеу. Баланың тууын тіркеуді даулау.
- •Бала асырап алу.Түсінігі мен тәртібі.
- •Бала асырап алуға құқылы тұлғалар.
- •Ерлі-зайыптылардың біреуінің бала асырап алуының тәртібі мен негіздері.
- •Бала асырап алудың туатын құқықтық салдарлары.
- •Бала асырап алудың күшін жою, оның құқықтық салдары.
- •Бала асырып алуды жарамсыз деп тану салдарлары.
- •Қамқоршылықтың түсінігі мен ерекшелігін көрсететін белгілері, қамқоршылықты тағайындау тәртібі.
- •Қорғаншылықтың түсінігі мен ерекшелігін көрсететін белгілері, қамқоршылықты тағайындау тәртібі.
- •Қамқоршы және қорғаншы органдарының құзіреті,мақсаттары.
- •Қамқоршы мен қорғаншылардың құқықтары мен міндеттері.
- •Қамқоршы мен қорғаншылықтың тоқтатылуы.
- •Емдеу және тәрбиелеу орындарындағыларға қамқоршылық пен қорғаншылықтың тағайындалуы.
- •Әрекет қабілетсіз адамдарға қорғаншылықтың тағайындалуы.
- •Патронаттық тәрбие. Асыранды отбасы.
- •Патронат тәрбиеші, оған қойылатын талаптар.
- •Кәмілетке толмаған балалар мен ата-аналардың арасындағы алименттік міндеттемелер.
- •Кәмілетке толмаған балаларға сот тәртібімен алимент төлеу тәртібі.
- •Кәмілетке толмаған балаларға тұрақты соммен алимент төлеу тәртібі.
- •Алимент төлеу туралы келісімнің түсінігі мен жасау тәртібі.
- •Кәмілетке толған балаларына ата-аналарының алимент төлеу тәртібі.
- •Кәмілетке толған балалардың ата-аналарына төлейтін алименттері.
- •Ерлі-зайыптылар мен бұрынғы жұбайлардың арасындағы алименттік міндеттемелері.
- •Отбасының басқа мүшелерінің арасындағы алименттік міндеттемелер.
- •Алименттің мөлшері. Алимент төлеу негізі.
- •Алиментті индексациялау. Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы.
- •Алимент төлеу туралы келісімнің жарамсыз деп танылуы.
- •Азаматтық хал актілері түсінігі мен түрлері, жалпы сипаттамасы.
- •Азаматтық хал актілеріндегі жазбаны жою және өзгерту.
- •Азаматтық хал актілеріне жазу барысында азаматтық хал актілерін жазу органдарының құқық бұзушылықтарына жауапкершілігі.
- •Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың отбасылық қатынастарына Қазақстан Республикасы неке және отбасы заңдарының қолданылуы.
- •Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың некеге тұруын құқықтық реттеу.
- •Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың некелерінің бұзылу тәртібі.
- •Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың бала асырап алу тәртібі.
- •Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының алименттік міндеттемелері.
Қамқоршылықтың түсінігі мен ерекшелігін көрсететін белгілері, қамқоршылықты тағайындау тәртібі.
103-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық белгiленетiн адамдар
1. Қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (осы Заңның 101-бабының 1-тармағы) балаларға, оларды асырау, тәрбиелеу және бiлiм беру мақсатында, сондай-ақ олардың мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн белгiленедi. 2. Қорғаншылық және қамқоршылық әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн де белгiленедi.
105-бап. Қамқоршылық
1. Қамқоршылық он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ спирттi iшiмдiктерге немесе есiрткi заттарға салынуы салдарынан сот әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп таныған адамдарға белгiленедi. 2. Денсаулығының жай-күйiне байланысты өзiнiң құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыра алмайтын және мiндеттердi орындай алмайтын кәмелетке толған әрекет қабiлеттiлiгi адамдардың арызы бойынша оларға қамқоршылық белгiленуi мүмкiн.
Қорғаншылықтың түсінігі мен ерекшелігін көрсететін белгілері, қамқоршылықты тағайындау тәртібі.
104-бап. Қорғаншылық
1. Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл-есiнiң кемдiгiнен сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамдарға белгiленедi. 2. Қорғаншылық қайтыс болған немесе соттың шешiмiмен өлдi немесе хабарошарсыз кеткен деп танылған кәмелетке толмаған адамның, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамның мүлкiне тағайындалады. Егер қорғаншылық және қамқоршылық белгiленген адамның басқа жерде мүлкi болса, онда осы мүлiктi басқару үшiн қорғаншы және қамқоршы органдар мүлiктiң тұрған жерiнде қорғаншы тағайындай алады.
107-бап. Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгiлеу
1. Қорғаншы және қамқоршы органдар қорғаншылық пен қамқоршылықты қажет ететiн адамның тұрғылықты жерi бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық белгiлейдi. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық пен қамқоршылық қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты жерi бойынша белгiленуi мүмкiн. 2. Адамды әрекетке қабiлетсiз немесе оның әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп тану туралы шешiм заңды күшiне енген кезден бастап үш күн iшiнде сот бұл туралы оған қорғаншылық және қамқоршылық белгiлеу үшiн сол адамның тұрғылықты жерi бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға мiндеттi. 3. Адамға қорғаншылықты және қамқоршылықты белгiлеу қажеттiгi туралы тиiстi органдарға белгiлi болған кезден бастап бiр ай iшiнде қорғаншылық және қамқоршылық белгiленедi. 4. Қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға мүдделi адамдар сот тәртiбiмен шағымдануы мүмкiн.
Қамқоршы және қорғаншы органдарының құзіреті,мақсаттары.
106-бап. Қорғаншы және қамқоршы органдар
1. алып тасталды - 2006.01.10 N 116 Заңымен.
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары қорғаншылық және қамқоршылық жөнiндегi өз функцияларын: - кәмелетке толмағандарға қатысты бiлiм беру мен денсаулық сақтаудың жергiлiктi уәкiлеттi органдары арқылы; - кәмелетке толғандарға қатысты халықты әлеуметтiк қорғаудың жергiлiктi уәкiлеттi органдары арқылы жүзеге асырады. 3. Қорғаншы және қамқоршы органдар баланың және оны тәрбиелеуге үмiткер адамның (адамдардың) тұрмыс жағдайларына зерттеу жүргiзуге және зерттеу актiсiн сотқа табыс етуге мiндеттi. 4. Қорғаншы және қамқоршы органдар өздерiнiң мiндеттерiн осы органдар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ереже негiзiнде жүзеге асырады.