Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otbasy_kukyk_shpor (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
388.1 Кб
Скачать
  1. Баланы ата-анасынан немесе басқа тұлғалардан алып қою.

74-бап. Баланың өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қатер төнген жағдайда баланы айырып алу

1. Баланың өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қатер төнген жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланы ата-аналардан (олардың бiреуiнен) немесе оны қамқоршылыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы.

Баланы дереу айырып алуды республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы  органының тиiстi актiсi негiзiнде қорғаншы және қамқоршы орган жүргiзедi.

2. Баланы айырып алу кезiнде қорғаншы және қамқоршы орган прокурорға дереу хабарлауға, баланы уақытша орналастыруды қамтамасыз етуге және баланы айырып алу туралы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының актiсi шыққаннан кейiн жетi күн iшiнде сотқа ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе олардың ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап қоюға мiндеттi.      75-бап. Баланы айырып алуға байланысты iстер бойынша сот шешiмдерiн орындау

1. Баланы ата-анасынан айырып алуға және оны басқа адамға (адамдарға) беруге байланысты шешiмдi мәжбүрлеп орындау қорғаншы және қамқоршы органның және баланы алатын адамның (адамдардың) мiндеттi түрде қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда iшкi iстер органдары өкiлiнiң қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда iшкi iстер органдары өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiлуге тиiс.

2. Баланы беру туралы сот шешiмiн оның мүдделерiне нұқсан келтiрмей орындау мүмкiн болмаған жағдайда бала соттың ұйғарымымен тәрбие, емдеу мекемесiне немесе басқа мекемеге уақытша орналастырылуы мүмкiн.

  1. Баланың құқықтары , түрлік сипаттамасы.

52-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы

1. Он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.

2. Әрбiр баланың мүмкiн болғанынша отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзiнiң мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, олармен бiрге тұруға құқығы бар.       Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуiне, оның мүдделерiн қамтамасыз етуiне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, оның адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.       Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана  қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын осы Заңның 13-тарауында белгiленген тәртiппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етедi.

53-бап. Баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен                қарым-қатынас жасау құқығы

1. Баланың ата-анасының екеуiмен де, аталарымен, әжелерiмен, аға- iнiлерiмен, апа-сiңлiлерiмен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы некесiнiң бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиiс.       Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым- қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әртүрлi мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.

2. Қысыл-таяң жағдайға ( ұсталу , тұтқындалу , қамауға алыну , емдеу мекемесiнде болу және т.с.с ) ұшыраған баланың заңда белгiленген тәртiппен өзiнiң ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]