Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otbasy_kukyk_shpor (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
388.1 Кб
Скачать
  1. Нек шартының жарамсыз деп танылуы, неке шартының тоқтатылуы.

42-бап. Неке шартын жарамсыз деп тану

1. Неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде мәмiлелердiң жарамсыздығы үшiн көзделген негiздер бойынша толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы мүмкiн.

2. Егер шарттың талаптары ерлi-зайыптылардың бiрiн өте қолайсыз жағдайда қалдыратын болса, олардың бiрiнiң талап етуi бойынша да сот неке шартын толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы мүмкiн. Осы Заңның 40-бабы 3-тармағының талаптарын бұзатын неке шартының талаптары жарамсыз деп танылады.

Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.

Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:

  • ерінің қайтыс болуы;

  • соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;

  • некенің бұзылуы (ажырасу).

  1. Міндеттемелер бойынша ерлі-зайыптылардың жауап беруі.

3. Ерлi-зайыптылардың мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiгi

43-бап. Ерлi-зайыптылардың мүлкiнен өндiрiп алу

1. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша өндiрiп алу тек сол жұбайының мүлкiне ғана жасалуы мүмкiн. Бұл мүлiк жеткiлiксiз болған жағдайда кредит берушi өзiне өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде борышкер жұбайға тиесiлi болатын борышкер жұбайдың үлесiн бөлiп берудi талап етуге құқылы.

2. Өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ сот ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша алынғандардың бәрi отбасының қажеттерiне пайдаланғандығын анықтаса, ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша да ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен жасалады. Бұл мүлiк жеткiлiксiз болған жағдайда ерлi- зайыптылар аталған мiндеттемелер бойынша өздерiнiң әрқайсысының мүлкiмен бiрлесе отырып жауапты болады.       Егер соттың үкiмiмен ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi ерлi-зайыптылардың бiреуi қылмыстық жолмен алған қаражат есебiнен сатып алынғаны немесе көбейтiлгенi анықталса, өндiрiп алу тиiсiнше ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен немесе оның бiр бөлiгiнен жасалуы мүмкiн.

3. Ерлi-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi азаматтық заңдармен белгiленедi. Ерлi-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары келтiрген зиянды өтеуi кезiнде олардың мүлкiнен өндiрiп алу осы баптың 2-тармағына сәйкес жасалады.

44-бап. Неке шартын жасасу, өзгерту және бұзу кезiндегi кредит берушiлердiң құқықтарына кепiлдiк Борышкер жұбайдың кредит берушiсi (кредит берушiлерi) айтарлықтай өзгерген мән-жайларға байланысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 401-404-баптарында белгiленген тәртiппен ерлi-зайыптылар арасында жасалған неке шартының талаптарын өзгертудi немесе оны бұзуды талап етуге құқылы.

  1. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері.

Ата-аналық құқықтары мен міндеттердің пайда болу негіздері некеде тұратын (тұрмайтын) ерлі-зайыптылардың арасында баланың дүниеге келуі болып табылады. Ата-аналық құқық пен міндеттердің негіздері:

  1. Ата-ана мен бала арасында қандық байланыстың болуы;

  2. Баланың тууын тіркеу.

Тірі бала екі айдың ішінде тіркеу керек, ал шетінеп кеткен бала болса бес күн ішінде тіркеу керек.

Ата-аналық құқықтар мен міндеттерге қатысты туындайтын қатынастардың ерекшелігі:

  1. Мерзімді сипатқа ие;

  2. Балаға қатысты ата-аналар теңдей құқыққа ие;

  3. Баланың ата-аналары баланы тәрбиелеуге, баланың құқығын қорғауға міндеттілігі.

Ата-аналық құқықтар мен міндеттер:

  1. Баланы тәрбиелеу;

  2. Балаға орта білім алуды қамтамасыз ету міндетті, жоғары білім алуды қамтамасыз ету құқығы;

  3. Баланың денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті;

  4. Баланың құқығын қорғауға міндетті.

        60-бап. Ата-аналардың құқықтары мен мiндеттерiнiң теңдiгi

      1. Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және мiндеттерi (ата-ана құқықтары) тең болады.

      2. Осы тарауда көзделген ата-ана құқықтары балалары он сегiз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады.

   

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]