Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otbasy_kukyk_shpor (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
13.12.2019
Размер:
388.1 Кб
Скачать

Отбасы құқығынан емтихан сұрақ-жауап

1.Отбасы құқығының түсінігі. Отбасы құқығының пәні мен әдістері.

Отбасы екі мағынада түсіндіріледі:

  1. Әлеуметтік мағынада;

  2. Заңдық мағынада;

Әлеуметтік мағынада отбасы дегеніміз – бұл туыс адамдар арасындағы қатынастардан тұратын бірлестік.

Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.

Отбасы құқығы дегеніміз – қоғамдағы отбасында, ерлі – зайыптылар арасында, қандық туыстық байланысы бар адамдар арасында туындайтын мүліктік, мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады.

Оқу пәні – неке отбасы қатынастарының жиынтығы. Дәлірек айтқанда отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, сондай-ақ басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастары.

Отбасы құқығының әдістері:

  1. Императивті;

  2. Диспозитивті;

  3. Жағдайлық әдіс.

  1. Отбасы құқығының құқық салаларының арасында алатын орны.

4-бап. Неке-отбасы заңдары және отбасы құқығының нормаларын қамтитын өзге де актiлер

Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, отбасылық құқық нормалары қамтылатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

5-бап. Неке-отбасы қатынастарына азаматтық заңдарды қолдану

1. Осы Заңның 3-бабында аталған, неке-отбасы заңдарымен реттелмеген (осы Заңның 4-бабы) отбасы мүшелерiнiң арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарға азаматтық заңдар қолданылады, өйткенi ол неке-отбасы қатынастарының мәнiне қайшы келмейдi.

2. Осы заңның 3-бабында көзделген қатынастар заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен реттелмеген және оларға қолданылатын әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, бұл олардың мәнiне қайшы келмейтiндiктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтiн неке-отбасы және (немесе) азаматтық заңдардың нормалары (заң ұқсастығы) қолданылады. Аталған жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкiн болмаса, неке-отбасы қатынастары субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi неке-отбасы немесе азаматтық заңдардың жалпы негiздерi мен мәнi және адалдық, парасаттылық пен әдiлеттiлiк талаптары (құқық ұқсастығы) негiзге алынып айқындалады.

  1. Отбасы құқығының қағидалары. Отбасы құқығының жүйесі.

ҚР-ның неке-отбасы заңдары бойынша:

  • Еркек пен әйелдің некелі одағының еріктілігі;

  • Ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;

  • Отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол бермеушілік;

  • Отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

  • Балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;

  • Отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

  • Отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;

  • Отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру қағидаларына негізделеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]