Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BM.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
153.83 Кб
Скачать

27.Брендинг, банктегі маркетингтік коммуникацияны құру негізі ретінде

Интеграциялық маркетингтік коммуникациялар бұл барлық хабарлар, дәл таңдап алынған мақсатты аудиторияға бағытталатындай ж/е бір ғана жолмен орындауға болатындай ұйымдарын маркетингтік коммуникацияның барлық құралдарын үйлестіріп жасау процесі. Интеграциялық маркетингтік коммуникацияның басты идеясы коммуникациялық кешеннің әр түрлі элементтері бірінің кемшілігін, екіншісінің артықшылығы толтырып тұратындай ретпен пайдаланылады.

Банктің бренд болу себептері:

-коммерциялық банктің клиенттік базасын кеңейтуге ықпал етеді.

-брендтің болуы банк өнімдеріне жоғары бағаны орнатуға мүмкіндік береді.

-Брендтің болуы көптеген адал корпоративті клиенттің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

-Танымдылық деңгейі б/ша бренд түрлері:

Тұтынушылардың 60%ы банкті н/е банк өнімдерін басқа бантерден ажырата алатын брендті дамыған бренд деп аталады.

Дамушы бренд,сәйкесінше тұтынушылардың 30-60% аралығында.

Әлсіз дамыған бренд.

Бренд функциялары:

-коммуникативтік

-беделділік

-мәдени

-Сақтандыру

-экономикалық

Брендке қойылатын талаптар:

*маркетингтік коммуникация құралдары арқылы брендтің қайталанбастығын жеткізу;

*Клиенттердің барлық мақсатты топтарына брендтің бірегейлігінхабарлау;

*Бренд элементтерін қалыптастыру кезінде ұлттық ерекшеліктер мен мәдени дәстүрлерді есепке алу.

*Брендтің барлық элементтерінің құқықтық қорғау әлеуметінің болуы.

Интегралданған маркетингтік коммуникациясының нәтижесі банктің брендингін қалыптастырады. Кез-келген банк оның өнімі брендке бірден айнала алмайды. Ол үшін банк ұзақ мерзімге кешенді саясат жүргізеді.

Бренд коммерциялық банктер үшін береді:

*Өнім бренд емес өнімге қарағанда 20-30% қымбат сатады.

*Бренд арқылы банк өзінің клиенттер базасын кеңейте алады және жаңа өнімді оңай таратады.

*Бренд банктің сенімді тұрақты клиенттерін қалыптастырады.

*Банктер арасындағы брендті бағалауға, сатуға, пайдалануға болады.

Брендті арнайы жолдармен бағалайды:

Ол үшін сұрау салып, танымалдығын анықтайды

Келесі коммерциялық құрал – жарнама

Банк саласындағы жарнама жасалуы таратылуы және қамтылу аймағы сол саланың ерекшелігін ескере отырып жасау керек.

Коммуникациялық әдіс – қоғаммен байланыс - Public Relations, өзінің қызметіне оң көзқарас туғызу мақсатында банктің қоршаған субъектілерімен өзара түсіністікке жетудегі банктің мақсатты іс-әрекеті. Оның негізінде қоғаммен тиімді өзара қатынас құру білімі мен қалауы жатады.

Public Relations - ұйым мен (банк) қоғам арасындағы жақсы қарым-қатынас пен өзара түсіністікті орнатуға және қолдауға бағытталған ұзақ мерзімді жоспарланған іс-әрекет болып табылады.

Public Relationsтің қазіргі заманға сәйкес функциялары:

*банк пен қоғам арасында өзара сенімді қарым-қатынас құру;

*банктің «жағымды бейнесін» құру;

*банк беделін сақтап қалу;

*банк қызметкерлері арасында банк іс-әрекетіне қызығушылық және жауапкершілік сезімін арттыру;

*Үгіттеу және жарнама құралдары арқылы банктің әсер ету аясын кеңейту.

Негізінен Public Relations он басты бағытты қамтиды:

1. Қоғамдық пікір;

2. Қоғамдық қарым-қатынас;

3. Үкімет байланыстары;

4. Қоғамдық өмір;

5. Өнеркәсіптік байланыстар;

6. Қаржы қатынастары;

7. Халықаралық байланыстар;

8. Тұтынушылармен қарым-қатынас;

9. Зерттеу және статистика;

10. Бұқаралық ақпарат құралдары.

Паблик рилейшнзтің негізгі құралдары:

-Прессамен қарым-қатынас, ақпараттық қызметтер.Бұл банкке барып пресс-релиздер тарату, пресс-конференциялар жүргізу.

-Белгілі бір оқиғаларға байланысты презентациялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар және т.б. жүргізу.

-Банктің қызметтерін емес оның әлеуметтік саладағы, қоршаған ортаны қорғаудағы, кәсіпкерлікті қолдаудағы жетістіктерін жарнамалайтын баспасөздегі мақалалар, радио және телевидениедегі бағдарламалар.

-Демеушілік және қайырымдылық – банктің беделі жақсарады деген және қызметтің өту көлемі өседі деген үмітпен бейкоммерциялық қызметке жоспарланған қаражат салымы. Немесе басқаша айтқанда, бұл күтілетін пайдаға қаражат ұсыну.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]