Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
социология экзамен жауаптар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
931.84 Кб
Скачать

15Класс және страт түсініктеріне тоқталыңыз.

Класс (class) — қолдаңылатын қасиеттерінің немесе өңдеу төсілдерінің ортақтылығын сипаттайтын объектілердің жиынтығы. Класс үлгісі (экземпляр класса; class instance) — кейбір класс конструкторы жасаған нақтылы объектіні белгілейтін объектілік-бейімделген программалау термині.Класс үлгісінің класта анықталған немесе түп кластардан мұралық иемденген объекті мен әдіске тән мәліметтерді сақтайтын қасиеті бар. 

16Әлеуметтік стратификацияға сипаттама

.Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:

касталар;

сословиелер;

таптар.

19Жеке тұлға.Жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;

белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.

21Қоғам әлеметтік жүйе ретіңде.

"Қоғам'' деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады. Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) таңдаулы адамдардың қоғамы; 2) театр өнерін сүюшілср қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндеғі үшінші топтағы "'қоғам" ұғымын зерттейді. Көп уақытқа дейін "мемлекет" және "қоғам" ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл үғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған италияндық ғалым Н. Макиавелли болды. Ол мемлскст ұғымын "қоғам" ұғымынан айырып қарау үшін "stato" деген арнайы термин еңгізді. Бұл аталған ұғымдардын  айырмашылығын немістін ұлы философы Гегсль теориялық жағынан негізден  дәлелдеді. "Мемлекет", "қоғам", "ел" деген ұғымдарды синоним ретіндс түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың арасында жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам — бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынаста болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет - сол қоғамды басқаратын билік орғаны; ел — әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория. Ғылыми әдебиеттерде "қоғамның" мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардын бәрі бірдей "коғам"деген ұғымның мәні мен мазмұның толык, аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипаттайтын белгілер бар.

Әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық мен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар жәпе мемлекет құрайды деген анықтама береді.

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға нсгіздслген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі — коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.

Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: "Қоғам — адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы" дейді.

Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал ол қарым-қатынастардың негізгі — ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады деген.

 К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижелерінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.

Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгілі қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл — қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады. 22Қоғам түсінігі.

Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы;тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.

Қоғамның даму кезеңдері Қоғамның даму кезеңдерін әр түрлі көзқараста түсіндіруге болады. Экономика ғылы-мында экономикалық даму кезеңіне деген детерминистік көзқарас және индетерминистік көзқарастар бар. Қоғамның негізгі экономикалық жүйеден тұрады. Экономикалық жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады. Экономикалық жүйе-материалдық игіліктермен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы реттелген байланыс жүйесі экономикалық жүйе көпфакторлы болып табылады. Негізгілері:

1. Мемлекеттегі шаруашылық шешімді қабылдау жүйесі;

2. Меншік құрылымы;

3. Информациамен қамтамасыз ету механизмі;

4. Адамды еңбекке тарту механизмі.

Детерминистік көзқарастан басқа қоғамдық кезеңдерге бөлудің формациалық және цивилизациалық көзқарастары бар. Бұлар қоғамның кезеңдерге өту себептерін өзінше түсіндіреді.

23Қоғамның даму кезеңдері Қоғамның даму кезеңдерін әр түрлі көзқараста түсіндіруге болады. Экономика ғылы-мында экономикалық даму кезеңіне деген детерминистік көзқарас және индетерминистік көзқарастар бар. Қоғамның негізгі экономикалық жүйеден тұрады. Экономикалық жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады. Экономикалық жүйе-материалдық игіліктермен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы реттелген байланыс жүйесі экономикалық жүйе көпфакторлы болып табылады. Негізгілері:

1. Мемлекеттегі шаруашылық шешімді қабылдау жүйесі;

2. Меншік құрылымы;

3. Информациамен қамтамасыз ету механизмі;

4. Адамды еңбекке тарту механизмі. Детерминистік көзқарастан басқа қоғамдық кезеңдерге бөлудің формациалық және цивилизациалық көзқарастары бар. Бұлар қоғамның кезеңдерге өту себептерін өзінше түсіндіреді.

24Қоғам әлеметтік жүйе ретіңде.

"Қоғам'' деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) таңдаулы адамдардың қоғамы; 2) театр өнерін сүюшілср қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндеғі үшінші топтағы "'қоғам" ұғымын зерттейді.

Көп уақытқа дейін "мемлекет" және "қоғам" ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл үғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған италияндық ғалым Н. Макиавелли болды. Ол мемлскст ұғымын "қоғам" ұғымынан айырып қарау үшін "stato" деген арнайы термин еңгізді.

Бұл аталған ұғымдардын  айырмашылығын немістін ұлы философы Гегсль теориялық жағынан негізден  дәлелдеді.

"Мемлекет", "қоғам", "ел" деген ұғымдарды синоним ретіндс түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың арасында жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар.

Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам — бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынаста болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет - сол қоғамды басқаратын билік орғаны; ел — әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.

Ғылыми әдебиеттерде "қоғамның" мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардын бәрі бірдей "коғам"деген ұғымның мәні мен мазмұның толык, аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипаттайтын белгілер бар.

Әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық мен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар жәпе мемлекет құрайды деген анықтама береді.

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға нсгіздслген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі — коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.

Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: "Қоғам — адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы" дейді.

Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал ол қарым-қатынастардың негізгі — ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады деген.

 К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижелерінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.

Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгілі қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл — қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады. 25Тұлға әлеуметтануы.

әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсеңді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады. Тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады. Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет) өзінің зерттеу пәніне жатқызады. Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым. Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде болды. Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасауды, ойларын сөз арқылы жеткізуді үйренеді. Бара-бара адам еңбегі материалдық және рухани мәдениет жүйесінің субъектісі, яғни жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді (тамақ, киім, баспана) өндіру қажеттілігінен туады.

Сымбатта 4,5,7,9,11,17,18,20 жауартар жоқ