Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
agrarka_16-30 ответ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
43.63 Кб
Скачать

29. Қр Жер кодексі - аграрлық құқықтың кайнар көзі ретінде

Аграрлық құқықтың қайнар көздері дегеніміз агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қатынастарды, яғни аграрлық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер болып табылады.Аграрлық құқықтың қайнар көздері аграрлық қатынастарды құқықтық реттеу саласындағы

заңдық институттардың қалыптасуы және дамуына әсер ететін маңызды фактор ретінде мемлекеттің аграрлық саясатын анықтаудың және бекітудің нысаны болып табылады. Мемлекет аграрлық саясатты анықтай отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін ұтымды көтеруге және

аграрлық реформаны қалыптастыруға ат салысып келеді.Аграрлық қатынастарды реттейтін нормалардың көпшілігі ауыл шаруашылығы қызметімен шұғылданатын ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен азаматтардың кызметін анықтайтын нормативтік актілерден тұрады. Осы нормалардың жиынтығы аграрлық заңдарды құрайды. Сонымен қатар, аграрлық қатынастарды реттейтін көптеген нормалар басқа құқық салаларының заңдарында кездеседі, мысалы, конституциялық, азаматтық, еңбек, жер, әкімшілік, қаржылық, қылмыстық, экологиялық құқықтары салаларында көрініс табады. Осы нормалар аграрлық

құқықтың нормаларымен біріге отырып, аграрлык құқықтың қайнар кездерін құрайды. ҚР Жер кодексі аграрлық құқықтың салалық қанар көзі ретінде реттейтін нормалары болып табылады.

30. Селолық тұтыну кооперативі. Оның ерекшелігі және түрлері

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралыпайшылар мен селолық тұтыну кооперативтері және олардың қауымдастықтары (одақтарын) арасындағы құқықтық жағдайды айқындайды және қоғамдық қатынастарды реттейді; селолық тұтыну кооперативтері мен олардың қауымдастықтарын (одақтарын) құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібін; пайшылар мен үшінші тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін, құқықтары мен мүдделерін қорғаудың шарттарын; селолық тұтыну кооперативтері мен олардың қауымдастықтары (одақтары) органдарының өкілеттігі мен жауапкершілігін анықтайды селолық тұтыну кооперативі - азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың өз мүшелерінің мүліктік (пайлық) жарналарын біріктіру арқылы материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн жүзеге асырылатын мүшелiк негiздегi ерiктi бiрлестiгi кооперативтiк учаске - пайшылардың белгiлi бiр саны бiрiккен және аумақтық немесе селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысы белгiлейтiн өзге де белгi бойынша құрылуы мүмкiн учаске пайшы - мүлiктiк (пайлық) жарна енгiзген және жарғыда көзделген тәртiппен селолық тұтыну кооперативiне мүшелiкке қабылданған азамат (заңды тұлға) Заңды тұлға да селолық тұтыну кооперативiне мүше бола алады. Селолық тұтыну кооперативтерi коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсiпкерлiк қызметпен өздерiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiндей дәрежеде ғана айналыса алады.Селолық тұтыну кооперативi заңды тұлға болып табылады және оның мыналарға: пайшылардың қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған қызметпен айналысуға; өзi құрылған мақсаттарға қол жеткiзуге қызмет ететiндiктен, кәсіпкерлiк қызметпен шұғылдануға; ҚРның  заңдарында  белгiленген және кооперативтiң жарғысында көзделген тәртiп бойынша өзiнің филиалдары мен өкiлдiктерi болуына; пайшылардан қосымша пайлар және басқа азаматтар мен заңды тұлғалардан заемдық қаражат тартуға; Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға; тұтыну кооперативiнiң құқықтарын бұзатын мемлекеттiк органдардың актiлерiне, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының актiлерiне, олардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiне  сот тәртiбiмен  шағым жасауға; заңды тұлғалардың селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысында көзделген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi өзге де құқықтарын жүзеге асыруға өкiлеттiгi бар. Селолық тұтыну кооперативi тiзбесi заң актiлерiмен айқындалатын қызметтiң жекелеген түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]