- •17. Ауылшаруашылығы өндірісін жүргізетін ауылшаруашылығы ұйымдары мен азаматтардың заңды бұзғаны үшін жауапкершілігі
- •20. Селолық тұтыну кооперативінің құқықтық жағдайы
- •22. Ауылшаруашылық серіктестіктерінің құқықтық жағдайы
- •25. Ауылшаруашылығына арналған жерлердің құқықтық режимі
- •27. Ауылшаруашылық селекциялық қызметтін құқықтық реттеу
- •29. Қр Жер кодексі - аграрлық құқықтың кайнар көзі ретінде
- •30. Селолық тұтыну кооперативі. Оның ерекшелігі және түрлері
25. Ауылшаруашылығына арналған жерлердің құқықтық режимі
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (ауыл шаруашылығы жерлері) ауыл шаруашылығының мұқтаждықтары үшін берілген жерлер болып табылады. Ауыл шаруашылығы жерлері ерекше қорғалуға жатады. Осы жерлерді ауыл шаруашылығы өндірісімен байланысты емес мақсаттарда пайдалануға төтенше жағдайларда жол беріледі. Ауыл шаруашылығы жерлеріне: егістік, тыңайған жерлер, көп жылдық екпелер өскен жерлер, шабындықтар мен жайылымдар жатады. Жер кодексіне сәйкес жасанды жолмен құрылған сүрек, бұта, көп жылдық екпелері үшін пайдаланылатын жеміс-жидек, техникалық және дәрі-дәрмектік өнімдер алуға, сондай-ақ аумақты сәндік мақсатта безендіруге арналған жер учаскелері жатады. Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға жатады. Бұл жерлерді ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол беріледі (осы Кодекстің 90-бабы). Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалықтарын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелерінде және жеке қосалқы шаруашылықтың егістік телімдерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ объектілер, оның ішінде тұрғын үйлер (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді. Бұл ретте мал шаруашылығы кешендерін салуға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстарға және шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарға суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлері, егістік, тыңайған жерлер, көп жылдық екпелер егілген жерлер жататын бағалы ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланыла алмайды. уыл шаруашылығы алқаптары суармалы және суарылмайтын болуы мүмкін. Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына ауыл шаруашылығында пайдалануға және суаруға жарамды, су ресурстары жүйесiнiң қазiргi пайдалы жұмыс коэффициентiнде суару нормаларының жобалау немесе қолданыстағы нормативтерi бойынша осы жердi сумен қамтудың қолайлы мерзiмi iшiнде қамсыздандырудың кемiнде 75 процентiнен кем емес су ағынымен қамтамасыз ететiн суару көзiмен байланысты тұрақты және уақытша суару жүйесi бар жер жатады. Жайылма суару жерi қар суын және көктемгi тасқын суды, сондай-ақ топырақты ылғалдандыру үшiн суару және суландыру каналдарынан берiлетiн суды осы учаскелер аумағында ұстап қалуды және қайта бөлудi қамтамасыз ететiн су бөгейтiн белдеулерi, суды реттейтiн бөгеттерi мен басқа да гидротехникалық құрылыстары бар учаскелер болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылықты, бағбандықты және саяжай құрылысын дамыту үшiн жеке меншiкке; Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру үшін, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға беріледі.
26. Аграрлық құқық қайнар көзінің ерекшеліктері, түсінігі және жүйесі Аграрлық құқықтың қайнар көздері аграрлық қатынастарды құқықтық реттеу саласындағы заңдық институттардың қалыптасуы және дамуына әсер ететін маңызды фактор ретінде мемлекеттің аграрлық саясатын анықтаудың және бекітудің нысаны болып табылады. Аграрлық құқықтың кешенді құқық саласы ретіндегі қайнар көздерінің ерекшеліктері ретінде қарастыра аламыз. Аграрлық қатынастарды реттейтін нормалардың көпшілігі ауыл шаруашылығы қызметімен шұғылданатын ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен азаматтардың кызметін анықтайтын нормативтік актілерден тұрады. Осы нормалардың жиынтығы аграрлық заңдарды құрайды. Сонымен қатар, аграрлық қатынастарды реттейтін көптеген нормалар басқа құқық салаларының заңдарында кездеседі, мысалы, конституциялық, азаматтық, еңбек, жер, әкімшілік, қаржылық, қылмыстық, экологиялық құқықтары салаларында көрініс табады. Осы нормалар аграрлық құқықтың нормаларымен біріге отырып, аграрлык құқықтың қайнар кездерін құрайды. Аграрлық құқықтың қайнар көзінің ұғымы аграрлық заң ұғымынан анағұрлым кеңірек. Кешенді құқық саласының қайнар көздері ретіндегі аграрлық құқықтың қайнар көздері өзінің нормаларымен қоса басқа құқық саласының нормаларында осы саланың қайнар көзі ретінде танылады. Бұл басқа құқық саласының қайнар көздерінің негізгі саланың қайнар кезі ретіндегі өз мәнін жоғалтады деген сөз емес. Бұдан нормативтік актілердің әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттей беретінін көруге болады. Егер әдеттегі құқық салаларына нормативтік актілер олардың қандай қоғамдық қатынастарды реттейтіндігіне байланысты қатысты болса, ал кешенді салаларда, соның ішінде аграрлық құқыққа да, осы қатынастың ерекшелігіне қаншалықты қатысты болатындығына байланысты. Бұл ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының және шаруа
(фермерлік) қожалықтарының қатысуымен болатын меншікке, тауар ақша айналысына, шарттық және міндеттемелік қатынастарға байланысты қызметтерді реттейтін нормалар болып табылады.
Аграрлық құқықтық ғылымда аграрлық қатынастарды реттейтін құқықтың негізгі салаларының нормалары екі жақта тіркелген нормалар ретінде қаралады. Бұл құкықтық нормалардың бір уақытта негізгі де, кешенді де құқық салаларына қатысты болуында аграрлық
құқықтың кешенді құқық саласы ретіндегі қайнар көздерінің ерекшеліктері ретінде қарастыра аламыз. Аграрлық құқықтың қайнар көздері дегеніміз агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қатынастарды, яғни аграрлық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер болып табылады. Мұндай нормативтік құқықтық актілерге мынадай белгілер тән болу керек. Біріншіден, мемлекеттік билік күшін тасушы болуы керек. Екіншіден, олар арнайы өкілетті органмен немесе лауазымды тұлғамен қабылдануы керек. Үшіншіден, нормативтік сипатта, яғни көп рет қолдануға әсерін тигізетін әр түрлі құқықтық нормаларда көрсетілетін мемлекеттің еркін білдіру әдісі болуы керек. Төртіншіден, саны анықталмаған субъектілерге бағытталған болуы керек. Бесіншіден, барлық субъектілерге міндетті болуы керек. Н.Н.Ведениннің ойынша, құқықтың қайнар көзі дегеніміз заңдық мағынада оларды жалпыға міндетті ететін тәртіп ережелерін көрсетудің ерекше нысаны болып табылады. Сонымен қатар, осы еңбегінде Б. Жетпісбаев аграрлық құқықтың қайнар көзіне мынадай да анықтама береді: «Белгіленген нысандағы, өкілетті орган қабылдаған, белгіленген аумақта, белгіленген уақытта және белгіленген тұлғаларға қолданылатын аграрлық құқықтық нормаларды өзіне енгізетін, аграрлық, заңдардың жүйесінің элементі болып табылатын құжат». Реттеу пәні бойынша жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы аграрлық қатынастарды да, сонымен қатар басқа да қоғамдық қатынастарды реттейтіндігімен және оның реттеу аясы
кеңдігімен сипатталады. Мұндай актілер қатарына Қазақстан Республикасьның Конституциясы жатады. Арнайыға тек аграрлық қатынастарды реттейтін актілер жатады. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы заңдардан көруге болады. Аграрлық құқықтың қайнар көздерін құқықтық реттеу
пәні бойынша ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу туралы, ауыл шаруашылық жер пайдалаиу туралы, аграрлық кәсіпорындардың шаруашылық өндірістік қызметі туралы, шарттық қатынастардың тәртібі туралы және т.б. сияқты саралауға болады. Заңдардың саласы бойынша, мысалы, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, ҚР Су
кодексі, ҚР Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, ҚР Еңбек туралы Заңы, ҚР Азаматтық кодексі және т.б.
