Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
agrarka_16-30 ответ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
43.63 Кб
Скачать

22. Ауылшаруашылық серіктестіктерінің құқықтық жағдайы

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРIКТЕСТIКТЕРI Ж­НЕ ОЛАРДЫҢ

ҚАУЫМДАСТЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ Заң ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды, серiктестiк пен оның мүшелері арасындағы қатынастарды реттейдi Ауыл шаруашылық серiктестiгi - ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң ауыл шаруашылық өнiмiн өткiзу, сақтау, қайта өңдеу, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету немесе серiктестiк мүшелерiне басқа да сервистiк қызмет көрсету қажеттерiн қанағаттандыру үшiн олардың мүлiктiк жарналарын ерiктi түрде бiрiктiру жолымен мүшелiк негiзiнде құрылатын заңды тұлға. Серiктестiктiң кәсiби бағытына сай тауарлы ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрумен айналысатын жеке және заңды тұлға ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң мүшесi болуы мүмкiн. Ауыл шаруашылық серiктестiктерi коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсiпкерлiк қызметпен өздерiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. Ауыл шаруашылық серiктестiгi алған таза табысты оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды және жарғылық мақсаттарға жұмсалуға тиiс. Егер құрылтай құжаттарында ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң белгiлi бiр мерзiмге және белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн құрылатыны көзделмесе, ол белгiленбеген мерзiмге құрылған деп есептеледi. Ауыл шаруашылық серiктестiктерi негiзгi қызмет түрiне байланысты: өткiзу, қайта өңдеу, жабдықтау, сервистiк серiктестiктерi және олардың аралас түрлерi болып бөлiнуi мүмкiн. Ауыл шаруашылық серiктестiктiгi қызметiнiң негiзгi түрi оның атауында көрсетiледi. ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң мүшесi - ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi болып табылатын және серiктестiкке осы Заң мен серiктестiк жарғысында белгiленген тәртiппен кiрген жеке немесе заңды тұлға; ауыл шаруашылық өнiмi - өндiрiстiң толық технологиялық циклынан өткен және белгiленген стандарттарға сәйкес келетiн өсiмдiк және мал өнiмi; ауыл шаруашылық тауар өндiрушiсi - тауарлы ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;  серiктестiктiң көрсететiн қызметтерi - ауыл шаруашылық өнiмiн өткiзу, қайта өңдеу, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау, сервистiк қызмет көрсету немесе ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң тауар өндiрушiлерге көрсететiн басқа да кез келген қызметi

23. Ауылшаруашылығындағы коммерциялық ұйымдардың құқықтық жағдайы Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны – меншігінде немесе шаруашылықтың қарамағында жер, сондай-ақ, басқа да мүлік бар және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімін өндіруші, ауыл шаруашылығы өндірісіне қызмет көрсетуші заңи тұлға. Ауыл шаруашылығында шаруашылықты жүргізу нысандары – акционерлікқоғамдар, түрлі тұрпаттағы серіктестіктер,  кооперативтері, ұжымдық шаруашылықтар, кеңшарлар, өнеркәсіптің, көлік, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылықаралық,  қосалқы шаруашылықтары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, т.б. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңи тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады.Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңи тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоттары мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңи тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңи тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады.

24. Ауылшаруашылық өндірісін  сақтандыруды құқықтық реттеу: түсінігі, түрлері Ауыл шаруашылығын мiндеттi сақтандырудың мақсаты қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың, табиғи апаттардың, iндеттердiң, өсiмдiк ауруларының, өрттердiң* нәтижесiнде қиын жағдайда қалған ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қаржылық қолдау алуына сақтандыру жағдайларынан туындаған зиянды толық немесе iшiнара өтеу түрiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.  Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мiндеттi сақтандыру шарттары заңды тұлға мәртебесi бар мемлекеттiк ауыл шаруашылығы кәсiпорындарымен шаруашылық серiктестiктерiмен және тағы басқа ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiмен (бұдан әрi - Сақтанушы), сақтандырудың осы түрiн жүргiзуге заңдарда белгiленген тәртiппен лицензия алған сақтандыру ұйымдары (бұдан әрi - Сақтандырушы) жасайды. Ауыл шаруашылығына мiндеттi сақтандыру жүргiзуге құқық беретiн лицензияларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сақтандыруды қадағалау департаментi бередi.  Мiндеттi сақтандыруға мыналар жатады: ауыл шаруашылығы дақылдары мен көпжылдық екпелердiң өнiмi (табиғи пiшендiктер мен жайылымдар өнiмiнен басқа);  көпжылдық жемiс-жидек екпелерiнiң ағаштары мен бұталары;  6 айлық және одан да iрi басты қой, ешкi, шошқа, 1 жастағы одан да үлкен iрi қара мал, жылқы мен түйелер;  құс фермаларындағы үй құстары, аң фермаларындағы 6 айлық және одан үлкен терiсi бағалы аңдар, омарталардағы бал аралары; үй-жайлар, ғимараттар, аяқталмаған күрделi құрылыс объектiлерi, ауыл шаруашылығы техникасы, көлiк құралдары, өткiзгiш құрылғылар, күш және жұмыс машиналары, балық аулау кемелерi мен аулау құралдары, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң жабдықтары, материалдары мен өнiмдерi.   Мiндеттi сақтандыруға мыналар жатпайды: сақтандыру шарты жасалатыннан бұрын үш-бес жыл iшiнде өнiм алынбаған көпжылдық жемiс-жидек өсiмдiктерi; бақтардағы 70 және одан да көп процентке сиреген, қайта қалпына келтiруге және тамырымен жұлуға, табиғи жойылуына, бөлiнуiне, аурулармен зақымдануына (филлоксера, қара саратын), сондай-ақ 70 және одан да көп процентке дейiн тозған көпжылдық екпелер; орман қорғау, сәндiк және басқа да жемiс-жидектiк емес көпжылдық екпелер; қандай да бiр шаруашылық мұқтаждар үшiн пайдалануға жарамсыз уақытша ескi құбылыстар, сондай-ақ қадағалаусыз қалдырылған құрылыстар; iске арналған ағаштар, ағаш кесетiн жерлердегi және ағаш ағызу кезiндегi отындық ағаштар; жойылу қаупi анық төнiп тұрған мүлiк;  ауру мал, сондай-ақ бруцеллез, туберкулез, лейкоз және басқа да жұқпалы ауруларға соңғы рет тексерген кезде оң реакция белгiленген ауру мал; жұқпалы аурулар бойынша карантин белгiленген жерлердегi мал. Сақтандыру жағдайларына: ауыл шаруашылығы дақылдары мен көпжылдық екпелерiнiң қуаңшылық, су өтiп кету, борсу, үсiп кету, бұршақ, нөсер, боран, дауыл, су басу тағы басқа да метеорологиялық және табиғат құбылыстарының, сондай-ақ аурулар, өрт жабайы жануарлардың құртуы нәтижесiнде жойылуы немесе зақымдануы; табиғи зiлзалаларға байланысты электр энергиясын берудi тоқтату нәтижесiнде қорғалған топырақта өсiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдары өнiмiнiң жойылуы немесе зақымдануы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]