
- •17. Ауылшаруашылығы өндірісін жүргізетін ауылшаруашылығы ұйымдары мен азаматтардың заңды бұзғаны үшін жауапкершілігі
- •20. Селолық тұтыну кооперативінің құқықтық жағдайы
- •22. Ауылшаруашылық серіктестіктерінің құқықтық жағдайы
- •25. Ауылшаруашылығына арналған жерлердің құқықтық режимі
- •27. Ауылшаруашылық селекциялық қызметтін құқықтық реттеу
- •29. Қр Жер кодексі - аграрлық құқықтың кайнар көзі ретінде
- •30. Селолық тұтыну кооперативі. Оның ерекшелігі және түрлері
16. Ауылшаруашылығына салық салу Салық салу қызметінің тиімділігі әлеуметтік және экономикалық саясаттың жетістіктеріне әкеледі. Сондықтан да, кез-келген елде мемлекеттік шығындар мен салық салу мәселелеріне өте үлкен көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, салық экономикалық белсенділікті реттей отырып, кәсіпкерліктің дамуына, өндірістік процестерге зор ықпал етеді. Мемлекеттік басқарудың сәттілігі бюджеттің өте ұшқыр және маңызды мәселелерін шешілуіне тәуелді. Сондықтан салықтар кез-келген елдің әлеуметтік–экономикалық саласындағы рөлінің өсуімен тығыз байланысты. Жер - белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Адамзат жерді пайдалану арқылы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырып келеді. Қазақстан Республикасының кең байтақ жері бар. Жер салығы 1992 жылы енгізілді. Жер салығын енгізу мынадай мақсаттарды көздейді: экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану; тұлғаларды жерге орналастыру; жердің құнарлығын арттыру; жерді қорғау жөніндегі шараларды енгізу үшін төлемдер төлеу; аумақтың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру. Жер салығы — жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердін мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға сәйкес есептеледі. Барлық жерлер салық салу мақсатында олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді: 1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер; 2) елді мекендер жерлері; 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер (өнеркәсіп жерлері); 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер (ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлері); 5) орман қорының жерлері; 6) су қорының жерлері; 7) запастағы жерлер. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады. Жазық аумақтардың далалық және қуаң далалық аймақтарының кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт-сарғылт және сарғылт топырақты, сондай-ақ тау бөктеріндегі аумақтардың күңгірт сұр (сұр-коңыр), сарғылт (қоңыр) топырақты және тау бөктерінің қара топырақты жерлеріне бонитет балына барабар түріндегісі ҚР заңнамасындағы кестеде көрсетілген. Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі. Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесін іс жүзінде пайдалану кезеңі үшін есептеледі. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
17. Ауылшаруашылығы өндірісін жүргізетін ауылшаруашылығы ұйымдары мен азаматтардың заңды бұзғаны үшін жауапкершілігі
ҚР Заңдарын бұзудың салдарынан табиғатқа, табиғи ресурстарға, табиғи ресурстың меншік иесіне, табиғат пайдаланушыға, адамдардың мүлкіне, денсаулығына, өміріне зиян келуі мүмкін. Оның қатарында алынбаған табыс пен моральдық зиян да бар. Осы зиянды құқықтық жағынан жүйелеп қарағанда, заңмен қорғалатын құқық субъектілері мен объектілерінің мынадай түрлеріне: 1) табиғатқа; 2) табиғи ресурстардың меншік иесіне; 3) табиғатты және табиғи ресурсты пайдаланушыға; 4) меншік иелерінің мүлкіне; 5) адамдардың денсаулығына; 6) субъектілердің алынбаған мүліктік табысына; 7) адамның моральдық құқығына; 8) ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісіне зиян келеді. Заңдарда зиянды «шығын», «залал» деп те атайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының экологиялық, жер, су, орман кодекстерінде қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, ұйымдардың, азаматтармен мемлекеттің мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыру, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіру және басқа шығындарды өтеу қарастырылған. Жер кодексінде меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалды өтеу көзделген. Залалдың өтемін өндіріп алудың нысанын сома деп белгілеген. Сома зиянның, залалдың мөлшерін анықтау үшін қолданылатын ақшаның түрі, яғни зиянның (залалдың) ақшалай өлшемі. Ақша (валюта) ҚР Азаматтық кодексінің бабына сәйкес өлшем бірлігіне жатады. Оның құны Қазақстан Республикасында теңгемен есептеледі. Азаматтық Кодексінің бабына сәйкес ақша мүліктік игілік және құқық объектісіне жатады. Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы алқаптарының көлемі мен олардың сапасын қалпына келтіру арқылы аталған шаруашылықтар деңгейін сақтау мақсатында ауыл шаруашылығын және орман шараушылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындайтын ондағы өндірістің орнын толтыру немесе қалпына келтіру шығындарын өтеу шаралары жүргізіледі. ҚР Жер кодексінде бұның арнайы тәртібі бар. Бұл тәртіпте орман қоры және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден жер учаскелерін басқа мақсаттарға алып қоюға байланысты шығындар бірдей аталған. Олардың арасында бір ғана айырмашылық бар. Ол айырмашылық мынада: орман шаруашылығы өндірісінің шығынының орнын толтыру-орман алқаптарын алып қоюдан басқа, заңды тұлғалардың қызметі салдарынан жердің сапасының нашарлауынан туындаған орман өндірісі ысырабының орнын толтыру. Мұндай жағдайда орман қорына келген ысырап экологиялық заңды бұзудың салдарынан келген болып саналады. қызметті қоршаған ортаға көтеріңкі қауіппен байланысты болатын заңды және жеке тұлғалар өздері келтірген зиянды кінәсінің бар-жоқтығына қарамастан өтейд
18. Азық түлік нарығын құқықтық реттеу азық-түлік тауарлары - адамның тағамына пайдалануға арналған ауылшаруашылығы, балық өнімі және олардың тереңдете қайта өңделген өнімдері, сондай-ақ ауыз су мен тұз. аграрлық азық-түлік нарығы - ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін сатып алумен, өткізумен және олардың айналымының өзге де элементтерімен байланысты қатынастардың жиынтығы Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өлшемдері мен негізгі бағыттары 1.Мыналар: 1) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік; 2) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік 3) тағамдық өнім қауіпсіздігінің кепілдігі азық-түлік қауіпсіздігінің өлшемдері болып табылады. 2. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары: 1) ішкі аграрлық азық-түлік нарығын молықтыру үшін, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін өндірушілерді қолдау арқылы молықтыру үшін қажетті жағдайлар жасау; 2) азық-түліктің ішкі ресурстарына қатысты азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі; 3) азық-түлік тауарларына сұраныс пен ұсынысты болжау; 4) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындауға бағытталған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларын орындауды іске асыру; 5) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 6) орталық атқарушы органдар мен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен өзара іс қимылы болып табылады. азық-түлік тауарларының тіркелген бағалары – азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу және оларды азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан өткізу үшін белгіленетін, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының бағалары болып табылады
19. Ауылшаруашылық ұйымдарының шарттық қатынастары Шарттық қатынастарды кездейсоқ қатынастар ретінде түсінбеу керек. Олардың табиғаты, мазмұны қоғам өмірінің материалдық жағдайларымен шартта байланыста. Біздің елімізде шарттық қатынастар нақтылы шаруашылық жүйесімен анықталады. Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық қатынастарының негізгі реттеушісі ретінде азаматтық-құқықтық шарттар кеңінен колданыла бастады. Бүгінгі танда кәсіпкерлік қызметтің жаңа субъектілері пайда болуына орай жоспарлы шарттардың орнында тараптардың еркі айқын аңғарылатын еркін түрдегі шарттар жасала бастады. Азаматтық-құқықтық шарт тәуелсіз тауар ендірушілер мен таратушыларға дербестік негізде тауар-ақша айналымында барабарлық (эквиваленттік) және етемелік принциптерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі құқықтық нысан болып табылады. Өзара шарттар жағдайында екі тарап та кұкықтарға да, міндеттерге де ие болады. Осындай негіздерде тауар жеткізілімі, сатып алу-сату және т. б. шарттары жасалады. Мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша сатушы сатып алушыға оның сатып алған заттарын беруге (өткізуге) міндетті, ал сатып алушы бұл заттарды өзіне беруді (өткізуді) талап етуге кұқылы. Сонымен бірге осы шартқа сәйкес сатып алушы сатып алған заттар үшін келіскен соманы төлеуге міндетті (осы шартқа сәйкес), ал сатушы оның төлеуін талап етуге кұқылы. Өзара шарттың ерекшелігі егер заңда, шартта немесе міндеттеменің мәнінде өзгеше көзделмесе, екі жаққа да міндеттемені бір мезгідде орындау жүктелетіндігінен көріңеді.