- •1.4.Философиялық білімнің негізгі сипаттары
- •2 Философияның қызметтері.
- •3 Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.
- •5.Дүниеге көзқарас ж/е оның құрылымы.
- •6 Философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •7. Философияның мәдениет жүйесіндегі орны.
- •9.Көне Үнді философиясы:негізгі мектептері және өкілдері
- •10.Көне Қытай философиясы және оның негізгі мектептері
- •11.Антика философиясының пайда болуы, оның ерекшеліктері
- •12.Шығыс пирепатетизмі: оның негізгі өкілдері
- •13. Схоластиканың негізгі кезеңдері мен өкілдері
- •14.Платон философиясы
- •15.Аристотель философиясы
- •16. Аврелий Августинның діни-философиялық көзқарасы.
- •17.Фома Аквинскийдің діни философиялық көзқарасы
- •18. Орта ғасыр мұсылман философиясындағы ғылым мен философияның дамуы
- •20. Қайта өрлеу дәуір философиясындағы гуманизм және антропоцентризм
- •21. Конфуцийдің философиялық көзқарасы
- •22. Сократ философиясындағы адам мәселесі
- •23. Орта ғасыр философиясы, оның теологиялық сипаты
- •24. Қайта өрлеу дәуір философиясы, жалпы сипаттама
- •25.Рационализм бағыты, оның басты проблемалары
- •26. Жаңа заман философиясының орталық мәселелері
- •27.Неміс классикалық философиясы, оның философиядағы орны және рөлі
- •28.Ф. Бэкон және индуктивті әдістің негіздері
- •31.Фейербах антропологиялық материализм
- •32.Р. Декарт және дедуктивті әдістердің принциптері
- •34.Канттың сыни философиясы
- •35.Гегельдің философиялық көзқарасы
- •36.Фейербахтың антропологиялық антропологиялық материализмі
- •37.Фихте философиясының орталық қағидалары.
- •38.Позитивизм философиясының эволюциясы
- •39. «Өмір философиясы» оның негізгі өкілдері.
- •40.XiXғ. Орыс философиясы.
- •41. Орыс діни философиясы.
- •42. Қазақ философиясының негізгі идеялары.
- •43. Қазақ ағартушылық философиясы
- •45. Гегельдің диалектикалық әдісі
- •48. Мах және Авенариус, философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •49. Неопозитивизмнің формалары, оның негізгі өкілдері ж/е идеялары
- •50. Экзистенциализм, оның басты проблемалары
- •51.Ницше еңбектеріне философиялық талдау жасау
- •52. Экзистенциализм идеялары: к.Ясперс, м.Хайдегер.
- •53. Экзистенциализм философиясының негізгі категориялары ж/е оның мәні.
- •54. Қазақ философиясының бастаулары: әл-Фараби, ж.Баласағұн, к.А.Яассауи философиясы
- •55. Ш.Уәлихановтың философиялық ж/е қоғамдық саяси көзқарастары.
- •56. Ағартушылық философиясы ж/е ы.Алтынсарин шығармашылығының гуманистік мәні.
- •57. А.Құнанбаевтың философиялық ойлары.
- •58. Ш.Құдайбергеновтың философиялық ойлары.
- •59. Н.А.Бердяев философиясындағы еркіндік мәселесі.
- •XiXғ. Орыс философиясы. 40
15.Аристотель философиясы
Аристотель философиясы: «материя» және «форма» түсінігі
Аристотель (384-322жж.) – Платонның шәкірті, атақты А.Македонскийдің ұстазы. Аристотель №1 философия тарихшысы. Аристотель объективтік идеалист, бірақ ол материализм мен идеализм арасында солқылдақтық, енжарлық жасады. Дегенмен А. өмірден идеалист болып өтті. Негізгі еңбектері: «Жан туралы», «Физика», «Категориялар», «Метафизика», т.б. Кезінде өзінің ұстазы Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Бірақ А. түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш – түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) – материя, яғни мазмұн деп қарады. Ол формальды логиканың негізін салып, оның 3 заңын ашты. Формальдық логиканың А. ашқан:1) дәлме-дәлдік; 2) қайшылық; 3) үшіншіні жоққа шығару заңдарына қоса, Лейбниц Г.В. (1646-1716) төртінші «жеткілікті негіз заңын ашты. Ғылымдарды классификациялауда А. ең алдымен теориялық ғылымдарға басымдылық береді, оның ішінде барлық ғылымдардың шыңы ретінде ең маңызды орын метафизикаға немесе «бастапқы философияға» беріледі. Бұл жалғандыққа жол бермейтін білімге деген таза құмарлық, ақиқатқа деген құштарлық. Оның мақсаты болмыстың 4себебін зерттеу болып табылады, оның ішіндегі ең маңыздылары – барлық заттарды құрайтын форма (мәнділік, бастапқы субстанция) және материя.
Аристотель философияны 3 түрге бөледі:
Теориялық; 2. Практикалық; 3. Поэтикалық.
Ежелгі дүниедегі ой дамуына сәйкес адам жаны туралы түсінік сияқты Аристотель сананың мекені, жанның тұрағы – жүрек деп санады.
Аристотель жанның 3 деңгейін жіктеді: Өсімтал жан; Жануар жан; Ақылды жан. Аристотель адам мәселесін материалистік тұрғыдан қарастырды. Ол: адам – биологиялық мәні бойынша жоғары ұйымдасқан жануар түріне жатады, жануарлардан ойлауымен және сөйлей алуымен ерекшеленеді, - деді. Платон сияқты Аристотель де мемлекетті нашар және жағымды деп екіге жіктейді. Мемлекеттің жетілген формасы ретінде политияны –«орта таптың» мемлекетін атайды. Аристотель философиясы: Платон идеясындағы «таза идеялар» ілімін сынай отырып біршама өзгерістер ендірді; дүние мен адам шығуына материалистік түсіндірме берді; 10 философиялық категорияларды тұжырымдады. Материя мәніне түсінік берді; мемлекеттің 5 түрін жіктеп, идеалды мемлекет – политиға түсінік берді.
16. Аврелий Августинның діни-философиялық көзқарасы.
Аврелий Августин–354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген, ежелгі рим философы. Христиандық философиның негізін қалаушылардың бірі. Еңбектері ете көп, негізгілері: «Құдай қаласы туралы», «Жан сыры» (Тәубе, Исповедь). Өзінің «Құдай қаласы туралы» атты еңбегінде Августин иондық және италияндық философияны ажырата отырып грек философиясына талдау жасайды. Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат – болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол – Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: «Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды». Ең басты мәселе – космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз – өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз – Құдайды еске алу, біздің танымымыз – Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты.,) Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның «Идеясына» жүгінеді. Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады деп тұжырымдайды.
Августин жан бейматериалды, ол өлмейтін дербес субстанция деген.
