Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фил дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
140.69 Кб
Скачать

39. «Өмір философиясы» оның негізгі өкілдері.

Өмір философиясы мен Гуссерль феноменологиясында негізі қаланған үдерістерді дамыта отырып, ХХ ғ 30-ж Германияда Шелер мен Плеснер жұмыстары арқасында адам проблематикасымен айналысатын ерекше философиялық пән – философиялық антропология қалыптасты. Философиялық антропология өкілдері адамды өзінің барша толық болмысында философиялық тану бағдарламасын ұсынды. Олар адам болмысының әр алуан саласын онтологиялық, жаратылыстанымдық-ғылыми және гуманистік тұрғыдан зерделеуді бүтіндей философияялық игерумен біріктіруге ұмтылды. Гуссерль феноменологиясы тұлға тұйықтығын игеруге ұмтылады. Көңіл-күй әуел бастан сыртқы әлемге бағытталғандықтан, ол интенционалды деп есептеледі. Адам жай ғана өмір сүріп қоймайды, ол әлемде өмір сүреді. Гегельдің антропологиялық концепциясы, оның бүкіл философиясы сияқты рациоализммен тұнып тұр. Адамның жануардан артықшылығының өзі, ең алдымен адамзатқа оның адамдығы туралы хабар беретін ойлауында. Ол адамның рухани әрекет субъектісі және жалпы маңызды рух мен ақыл-ойдың тасымалдаушысы ретіндегі жағдайын аса зор күш-жігермен дәлелдеп берді. Тұлға индивидпен салыстырғанда адам өзінің «шексіз жалпы және еркін» жан екендігін сезінгенде ғана басталады. Әлеуметтік тұрғыда оның ілімі индивидтен әлеуметтік бүтіндіктің басымдылығы принципін айшықты түрде көрсетеді. Ал Маркс болса, адамды түсінуде ең алдымен еңбек әрекетін алға тартады. Қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды. Қоғам тұлғаның қасиеттерін детерминациялайды. Өмір философиясы (ницше, Дильтей) адам ерекшелігін бірде органикалыққа, биологиялыққа жақындайтын, бірде мәдени-тарихи мәнде түсіндірілетін өмір феноменінен көреді. Өмір философиясында алдыңғы орынға адамның ақыл-ойдан тыс қабілеттері шығады: сеім, ерік, интуиция. Көбіне санаға адам қылығының терең қайнар көзі болып саналатын бейсаналақ қарсы қойылады. Фрейд пен фрейдизм бейсаналықты санадан жоғары қояды. Діннің, мәдениеттің, барлық адамзаттықтың қайнар көзі адамның өзі ол туралы есеп бере бермейтін бейсаналықта деп есептейді.

40.XiXғ. Орыс философиясы.

XIXғ орыс философиясының басты бағыттары: декабристер, батысшылдар, Чаадаевтың тарихи философиясы, консервативті діни ж\е моархиялық фил\я, Достоевский фил\сы, Толстой ф\сы, революцияшыл демократтық фил\я, либералды фил\я. Деакабристік философияны: Пестель, Муравьев, Якушкин, Лунин, Киреевский т.б. шығармашылықтары құрайды. Деакабристік философияның сипаты: саяси әлеуметтік, табиғи құқық, Ресей үшін құқықтық құрылыстың аса қажеттілігі. Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт- бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П. Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г. Чернышевский, Т.Н. Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г. Белинский, И.С. Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бұл ағымнан орыстың революциялық демократтары өсіп шықты. Олар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. П.Я Чаадаев (1794-1856) өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында» баяндады. Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссиясында » деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славянофильдіктердің де, батысшылдықтардың да негізін қалаушы б.т. Славянофильдік болса, орыстың ерекше философиялық идеологиялық ағымы б.т. олар Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық (құтқарушылық) идеясын негіздеді. Славянофильдік өкілдері де батысшылдарға да, революциялық демократияға да қарсы шықты. Бұл бағыттан діни орыс философиясы шықты. Славянофильдіктің негізін қалаушылар А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, К.С. Аксаков, Ю.Ф. Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И. Даль, А.Н. Островский, В.И. Тютчев сияқты ақын жазушылар жақын болды. Бұл қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша, философия – Ресей өркениетті елдерімен бірқатар болуы үшін Батыстан алынған үлгілердің бірі емес, ұлттық дамудың рухани жетістіктері шеңберіндегі қажетті элемент. Еркінділік пен қажеттілік үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер өздерінің философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип – соборшылдық(еркін қауымдастық) ұғымын енгізді. Бұл ағымды даярлаған А.С. Хомяков (1804- 1860). Ол Русьтегі патриархалдық өмірді қалпына келтіру, «Қасиетті Русь» идеалдарына бет бұру, православииені ең жоғарғы бастау ретіндегі концепциясын бекіту сияқты идеяларды қолданды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]