Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фил дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
140.69 Кб
Скачать

12.Шығыс пирепатетизмі: оның негізгі өкілдері

Ислам философиясы ретінде “мұсылмандық ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған ислам мәдениетінің классик. даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Аристотель ілімі (перипатетизм) мұсылман философтарының көбіне әсер берді. Перипатетизм мен оларға берілген антикалық түсіндірмелердің сирия тіліндегі аудармалары 7-8 ғасырлардан жасалды, біртіндеп олар сирия тілінен араб тіліне аударыла бастады. Алайда, Аристотель ілімі қатты бұрмаланды. Кейіннен 9-10 ғ-да құрылған аударма орталықтары ілімнің дұрыс нұсқасын жасап шығарды. Бұл өз кезегінде мұсылмандық перипатетизмнің екі түрінің қалыптасыуына әкелді. Шығыстық перипатетизмнің бастауында әл-Кинди тұрды. Шығыстық перипатетизді жалғастырушы – «Арабтардың бірінші философы» атанған әл – араби болды. Шығыс перипатетизмінің аты әйгілі өкілі – ибн –Сина еді. Бұл көрнекті орта ғасыр ойшылдары ұстанған перипатетизм ислам өркениетінің талаптары мен ізденістеріне сай келетін көне филос. дәстүрді мирас ете отырып, орта ғасырлық Батыс Еуропа ғалымдарының философиясы ой-пікірлеріне ықпал етті. Сондай-ақ, қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиясына өз әсерін тигізді. Ислам философиясында перипатетикалық бағыттан өзге сопылық, исмаилшылдық, т.б. қалыптасқан дәстүрлердің әрқайсысының өз тарихы бар. Мұсылман философтардың басты бұлақтары Құран Кәрим және Әз Мұхаммедтiң (с.а.у.) хадистерi. Әбу Насыр Әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Әл-Кинди араб философиясының негізін салушы. Әл-Киндидің “Аристотель еңбектері және олардың философияны меңгерудегі қажеттілігі”, “Алғашқы философия туралы”, “Пайда болу мен жойылудың бізге түсінікті себептері туралы” және “Заттың (субстанцияның) бес мәні туралы” трактаттары ерекше бағалы. Материя, форма, қозғалыс, кеңістік, уақыт, субстанция, сан, сапа сияқты ұғымдарға терең талдау жасаған. Ибн Рушд Мухаммед (1126 - 1198 ж.ж.) - Кордово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниелегі өмір туралы аңызды жоққа шығарды.

Ибн – Сина – мұсылман философиясын жаңа деңгейге көтерген ойшыл, философ. Негізгі еңбектері: «Емшілік кітабы», «Білім кітабы». Ибн –Сина мұсылман теологтарының біржақтылығын, догматизмін ажуәлады. Және философияны діннен ажыатуға тырысты. Философиялық идеяларды жаратылыстану ғылымының, өзінің медициналық жаңалықтарымен негіздеугетырысты. Құдайдың бар екендігін мойындағанымен, оның құдіретінің шексіз екендігне күмін келтірді. Дүниенің барлығы материалды деп сенді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]