
- •1.4.Философиялық білімнің негізгі сипаттары
- •2 Философияның қызметтері.
- •3 Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.
- •5.Дүниеге көзқарас ж/е оның құрылымы.
- •6 Философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •7. Философияның мәдениет жүйесіндегі орны.
- •9.Көне Үнді философиясы:негізгі мектептері және өкілдері
- •10.Көне Қытай философиясы және оның негізгі мектептері
- •11.Антика философиясының пайда болуы, оның ерекшеліктері
- •12.Шығыс пирепатетизмі: оның негізгі өкілдері
- •13. Схоластиканың негізгі кезеңдері мен өкілдері
- •14.Платон философиясы
- •15.Аристотель философиясы
- •16. Аврелий Августинның діни-философиялық көзқарасы.
- •17.Фома Аквинскийдің діни философиялық көзқарасы
- •18. Орта ғасыр мұсылман философиясындағы ғылым мен философияның дамуы
- •20. Қайта өрлеу дәуір философиясындағы гуманизм және антропоцентризм
- •21. Конфуцийдің философиялық көзқарасы
- •22. Сократ философиясындағы адам мәселесі
- •23. Орта ғасыр философиясы, оның теологиялық сипаты
- •24. Қайта өрлеу дәуір философиясы, жалпы сипаттама
- •25.Рационализм бағыты, оның басты проблемалары
- •26. Жаңа заман философиясының орталық мәселелері
- •27.Неміс классикалық философиясы, оның философиядағы орны және рөлі
- •28.Ф. Бэкон және индуктивті әдістің негіздері
- •31.Фейербах антропологиялық материализм
- •32.Р. Декарт және дедуктивті әдістердің принциптері
- •34.Канттың сыни философиясы
- •35.Гегельдің философиялық көзқарасы
- •36.Фейербахтың антропологиялық антропологиялық материализмі
- •37.Фихте философиясының орталық қағидалары.
- •38.Позитивизм философиясының эволюциясы
- •39. «Өмір философиясы» оның негізгі өкілдері.
- •40.XiXғ. Орыс философиясы.
- •41. Орыс діни философиясы.
- •42. Қазақ философиясының негізгі идеялары.
- •43. Қазақ ағартушылық философиясы
- •45. Гегельдің диалектикалық әдісі
- •48. Мах және Авенариус, философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •49. Неопозитивизмнің формалары, оның негізгі өкілдері ж/е идеялары
- •50. Экзистенциализм, оның басты проблемалары
- •51.Ницше еңбектеріне философиялық талдау жасау
- •52. Экзистенциализм идеялары: к.Ясперс, м.Хайдегер.
- •53. Экзистенциализм философиясының негізгі категориялары ж/е оның мәні.
- •54. Қазақ философиясының бастаулары: әл-Фараби, ж.Баласағұн, к.А.Яассауи философиясы
- •55. Ш.Уәлихановтың философиялық ж/е қоғамдық саяси көзқарастары.
- •56. Ағартушылық философиясы ж/е ы.Алтынсарин шығармашылығының гуманистік мәні.
- •57. А.Құнанбаевтың философиялық ойлары.
- •58. Ш.Құдайбергеновтың философиялық ойлары.
- •59. Н.А.Бердяев философиясындағы еркіндік мәселесі.
- •XiXғ. Орыс философиясы. 40
6 Философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
Философия – дүниеге көзқарастың ерекше, ғылыми – теоретикалық типі. Философия көзқарастың жоғары деңгейі. Ол рационалдылығымен жүйелілігімен, логикалылығымен және теориялығымен ерекшеленеді. Философиялық көзқарастың діни және мифологиялық көзқарастардан ерекшеліктері келесідей: 1) философиялық дүниеге көзқарас білімге негізделген. 2) философиялық дүниеге көзқарас рефлексті 3) философиялық дүниеге көзқарас логикалы, яғни іштей бірлігі мен жүйелілігі бар. 4) философиялық дүниеге көзқарас нақты ұғымдар мен категорияларға сүйенеді.
Философия б.д.д.6-5ғғ. Үндiстанда,Қытайда,Мысырда,Грек елiнде пайда болды.Бұл терминды алғашқы қолданған антик философы,математигi Пифагор,ол оны «даналыққа құштарлық» деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi «құштарлық» белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, «өзге» үшiн «өзiңдi ұмыту», өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады.Осылай зерделеудiң нәтижесiнен мынадай түйiн келiп шығады: философия-адамның өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма..Сонымен, философияны «даналық» түсiнiгiмен байланыстырар болсақ, онда бұл сонғы ұғым «бiлiмнiң жоғары синтезi», белгiлi бiр нәрсе туралы «толық жетiлген бiлiм» деген мағынаны бiлдiредi.Демек, философия осындай бiлiмге деген құштарлық,ал бұл даналықтың объектi-менiң өзiмнен тыс табиғат және адамзат әлемi, сонымен қатар, өзiм және феномен ретiндегi бiлiмнiң өзi(антика дәуiрiнде философия бiлiмге ұмтылуды, таза да тұнық Ақиқатқа жетудi бiлдiрдi).Философияның бастапқы негiздерi мифология,дiн және алғашқы ғылымдарда (математика,физика, астрономия,медицина ) жатыр.Оның ерекшiлiктерi :1.Оның негiзгi зерттеу объектi-адам,оның әлемде алатын орыны және оған деген қатынасы.2.Ол, дүние құрылымының бастапқы негiздерiн қарастырады. Дүние қандай, оның мәнi,мазмұны қандай. 3.Философия өмiрдiн әсерiмен, жаңа фактiлердiң әсерiмен өзгередi, ал оның таным әдiстерi ақыл-ой мен интуиция(мифте-сезiм,қиял болса;дiнде-сенiм және сезiм).4.Философиялық танымның эмпирикалық(тәжiрибе) негiзi,базасы-жеке ғылымдармен, қоғамдық-тарихи практика. Қазiргi философияның құрылымы Онтология- болмыс туралы iлiм, гносеология- таным туралы iлiм, философия тарихы- философиялық өй-пiкiрлердiн дамуы туралы iлiм, әлуметтiк философия- қоғам өмiрiнiң болмысы туралы iлiм, этика- әдептiлiк мәселелерiн зертейтiн iлiм, эстетика- әсемдiк пен сұлулы туралы iлiм, антропология- адам мәселесiн зерттейтiн iлiм, аксиология- құндылықтар табиғатын зерттейтiн iлiм, логика-адамның ойлау процесiн зерттейтiн iлiм.
7. Философияның мәдениет жүйесіндегі орны.
Философияның басқа өмірге деген көзқарастардан айырмашылығы – оның рационалдылығында. Жалпы алғанда, философия қоғамдық сананың ғылыми саласының шеңберінен шығып кетуге тырысады, осы мақсатқа жету үшін өзінің категориялық бүкіл ғылымның жетістіктеріне, адамзаттың мыңдаған жылдық өмірден алған тәлім тәжірибесіне негізделген жүйесін қалыптастырады. Сонымен қатар, философияның мәдениет жүйесіндегі, жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық салаларында ерекше орын алады. Батыс елдерінде философияны өнер саласына жатқызады. Мысалы, А. Шопенгауер: «Философия ғылымының кемшіліктері – оның ғылым жолымен дамуында, ал шындығында философия көркемөнердің бір түрі ғана», - деген пікір айтқан болатын. Өнер саласындағы туындылар бірін –бірі қайталамайтындығы сияқты, философияда да көзқарастар бірін-бірі қайталамайды. Философияның дамуына қанша ғалым атсалысса, философияның сонша түрлері бар деп айтуға болады. Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты адамның жүрегінде, ой-өрісінде өшпес із қалдырады, оның жан дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді. Философияны өнерге жақындататын тағы бір мәселе – Дүниенің біртұтастығын көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз дүниенің суретін жасау – философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені, дүние жүзіндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Мәдениет жүйесіндегі философиядағы қазақ интеллектуалдарының негізгі істерінің бірі – туған тілді аса ұқыптылықпен тыңдау, ұмыт қалған сөздердің мәнін ашу, уақытпенбүркеленген сөздің сырын, шынайы көне дүниетанымдарды жандандыру, соның негізінде жаңа шабыт, ізденіс, ұмтылыс тудыру болмақ. Қорытындылай келе, философиялық Дүниеге көзқарасытың мәнін ашу жолында біз оның көпқырлы, көпсырлылығын байқадық. Бір жағынан алып қарағанда, философия ғылымымен ұштасып жатса, екінші жағынан, оның көркем өнермен, идеологиямен, гуманитарлық біліммен, күнбе-күнгі сана мен моральдық рухани құндылықтармен, тіпті мистикалық діни сезімдермен байланысты екенін байқадық. Бірақ, қалай дегенде де, философияның әр түрлі жақтарын бір-бірінен ажыратып бөлек алуға болмайды. Философия – біртұтас ерекше Дүниеге деген көзқароастық білім. Философия – адамзат мәдениетінің өзегі.
Көне Шығыс философиясының пайда болуы
Ежелгі Қытай философиясының пайда болуы:
б.з.д.7ғ. - б.з.3ғ. – ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы. 3-19 ғғ. Қытайға Үндіден буддизмнің келіп таралуы және оның ұлттық философиялық мектептерге тигіген әсері. 20 ғ. - қа–іргі кезең. Қытай қоғамының тұйықтан шығуы, Қытай философиясының Европалық және әлемдік философиясының Европалық және әлемдік философияның жетістіктерімен баюы. Қытай философиясынң сипатты белгілері: 1) өзінің елі-Қытайды тіршілік етіп жатқан дүниенің орталығы деп қабылдауы. 2) жеке уақиғаларды, тарихты циклді процесс деп түсінуі 3) аспан мен жердің алдындағы жауапкершілікті ұғынуы 4) адамды, ғарышты, табиғатты біртұтас бірлікте деп қабылдауы 5) сананың әлсіздігі, соның әсерінен өткенге үлкен құрметпен қарап, өзгерістерге сескене қарауы 6) жеке тұлғаны көпшіліктен бөліп қарастырмауы 7) жеке адамның табиғаттыңалдындағы әлсіздігін мойындап, еңбектің ұжымдық түріне аса мән беруі. Осыдан келіп, ұйымдастырушы күш – мемлекетке деген жоғары ілтипат пен құрмет туды. 8) тұлғаны, ұжымды, қоғамды және мемлекетті біртұтас бүтін деп қабылдауы 9) өмірді рухтың тәнде өмір сүруі деп түсінді, о дүниелік өмірге көп мән берілді, кейбір жеке адамдардың жер бетіндегі өмірін одан әрі жалғастыруға ұмтылды 10) о дүниені шынайы өмір деп қабылдап, өмірді тірі деп қарастыруы 11) ата-анаға, үлкендерге құрмет көрсетіп, аруақтар мен рухтарды еске ұстауы.
Ежелгі Үнді философиясының пайда болуы:
Ведалық кезең б.з.б. 15-6 ғғ. Ведалар сөзбе-сөз білім деген мағынаны білдіреді. Үндістанға б.з.д. 15 ғ. Орта Азиядан, Поволжье мен Иранннан келген арийліктерәкелген діни философиялық трактаттар. Ежелгі үнді философиясын зерттеушілердің ең басты көңіл бөлетіні ведалардың қорытынды бөлімі – упанишадтар. Упанишадтар сөзбе-сөз ұстаздың маңайында отыру дегенді білдіреді.
Эпикалық кезең б.з.д. 6-2 ғғ. – негізгі атақты деректер 2 поэмажэпостар «Махабхарата» және «Рамяна» .
Сутра дәуірі б.з.д. 2 ғ. –б.з. 7 ғ – кейбір жеке проблемаларды қарастыратын қысқаша философиялық трактаттар(мысалы, «нама-сутра» және т.б.) – ежелгі Үнді философиясының соңғы кезеңі. Кейінірек, орта ғасырда үнді философиясында Гаутама будданың ілімі ж буддизм үстемдік етті. 18-20ғғ. Үнді философиясы Европа философиясының жетістіктерімен баи түсті.