Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фил дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
140.69 Кб
Скачать

54. Қазақ философиясының бастаулары: әл-Фараби, ж.Баласағұн, к.А.Яассауи философиясы

Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы Фараб қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде дүниеден озады) – Шығыс философы, ғалым - энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы (Әлемнің «екінші ұстазы» деген атағы осыдан шыққан). Негізгі шығармалары: «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Әлеуметтік - эстетикалық трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. Әл - Фарабидің қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ әулие бейнесіндегі кемеңгер философтар «Қайырымды қала» туралы ілімі мәшһүр болды. Бақытқа жетудің негізі – қайырым жасауда дейді. Тек қана қайырым жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды. Әл-Фараби Ибн Синаға, Ибн Туфейлге, Ибн - Рушдке, сондай-ақ Батыс Еуропаның Философиясы мен ғылымына ықпал етті. "Мұсылман мәдениеті" феноменін жасаушылар арабтар ғана емес, араб халифаты қол астына қараған түрлі елдер еді. Ғалымдар айтуынша, артына 160-қа тарта еңбек қалдырған (түгелі жеткен жоқ)."Заң кітабы", "Субстанция туралы", "Ақыл мен сананың мәні", "Ғалымдардың тілі мен түрі", "Өлең сөз және шешендік туралы" т.б. Орта ғасырда өмір сүрген араб ғалымы Ибн Аби Усайбианың айтуы бойынша, Фарабидың өлең құрылысын зерттеуге арналған "Өлең және ұйқас туралы сөз" деген шығармасы болған. Жүсіп Баласағұни "Құтты білік"Өмірі. 9-13 ғ.ғ. (840-1212) Қарахандар дәулетінің дәуірлеген тұсы. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн өмірі туралы там-тұм деректерді негізінен шығарма мәтінінен табамыз. Қарахандар мемлектінің Баласағұн("Тауарих хамса": "Бала"-көрікті қашалған тас, "сағұн"-қала деген монғол сөзі) шаһарында 1015-1016 жылдары дүниеге келген. "Құтты білік". 1069 жылы жазылған. Дастанды Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқтайды. Еңбекті Бограханға (Табғаш Қара Богра хан, Қарахан мемлекетінң қожасы) тарту етеді. Бұған разы болған Бограхан Хас Хажип атағы, береді (патша сарайындағы қызметкерлердің басшысы). Онда әлеуметтік, саяси, мораль, этика, адамгершілік мәселелері қамтылған. Бұл дастан-мемлекет басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды.

Асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, қайырымдылық пен мейірімділікті өмірге арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыққа, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Құл Қожа Ахмет Хазреті Сұлтан Иассауи еді. Белгілі ғалым М.Орынбековтың зерттеулерінде А. Иассауи жөнінде және оның сопылық ілімі жайында өте құнды пікірлер айтады. Оның пікірінше, Қожа Ахмет Иассауи жазған «Диуани хикмет», яғни «Даналық жайындағы кітабының» қазақ елінің философиясы үшін зор маңызы болды. Оның ішінде автор бала кезінен бастап өз тіршілігінде тартқан азабын , шеккен қайғысын тармақты өлеңдермен қарапайым түсінікті тілмен жазып шыққан. Бұқара халыққа зорлық үстемдік жасаған хандарды, бектерді, қазыларды сынай отырып, бұл дүниенің өкініштілігін анықтайды. Бұл өмірдің азабын көп көрген Қожа Ахмет аскетизмге бет алып, тағдарға сенуді уағыздайды, содан дүние қызығынан безіп тарки дениеге салынады. О дүниенің мәңгілігін жырлайды. Өз танымы бойынша Иассауи сопы болды. Мұсылмандық ішінде ұстамдылық пен аскетизмді уағыздап, сопылық ілімін ұстанды. Сопылық мұсылман дінінің бір түрі ретінде ведтік үнді философиясының, еуропалық гностицизм, гректік жаңа платонизм, зороастризм христиандық мистицизм және басқалардың кейбір жақтарын иеленді. Иассауи суфизмнің ең биік шыңы оның пайғамбар жасына келгенде, менің пайғамбардан артық өмір сүруім мүмкін емес деп, жер астында қазылған жеке бөлмеде қалған өмірін өткізуі еді. Ол «Мұхаммедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарыа қосты». Суфизмдегі негізгі доктрина құдайды мистикалық сүю болып табылады. Сопылар митикалық сүю арқылы экстатикалық ұмтылыстармен, жан – жүйесінің азап шегуімен және кездесуге құлшынуымен, құдаймен табысуға тырысады. «Иассауи ілімінде бұл доктрина оның «таным» теориясының бөлінбес бөлігі бола отырып, ерекше орын алады»,- дейді белгілі Иассауи суфизмін зерттеуші ғалым К. Тәжіков.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]