Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фил дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
140.69 Кб
Скачать

48. Мах және Авенариус, философиялық көзқарастың ерекшеліктері.

Э. Мах және Авенариус махизм ілімін жасаушылар болды. Махизм – постпозитивимзнің екінші формасы саналды. Махизмнің идеясы – философия негізінде сыни тәжірибе жатуға тиісті деген ой. Осыған байланысты бұл бағыт эмпириокритицизм деген екінші атпен де аталады.

Эмпириокритицизм субъективті идеалистік позицияны ұстанады. Дүниедегі құбылыстар мен нәрселер адамға «сезімдер комплексі» түрінде көрінеді. Демек дүниені тану мүмкіндігі адам сезімдерін тәжірибелік зерттеу арқылы ғана іске асады. Ал адам сезімдеріне барлық ғылымдар да көңіл, орын бөлетіндіктен, философия:

  • Интегративті, «ең жалпы ғылым» болуы тиіс;

  • Адам сезімдері туралы шын ғылымға айналып, абстрактылы ғылыми ұғымдарды сезімдер тіліне аударып отыруға тиіс.

Мах абсолютті кеңістік, уақыт, қозғалыс, күш және т.с.с. түсініктерге осы категориялардың релятивистік түсініктерін қарсы қойды. Олар Махтың түсінігінше шығу тегі бойынша субъективті болп келеді. Субъективті идеализм тұрғысынан Мах әлем – «сезімдердің жиынтығы» деп түсіндірді. Сондықтан, ғылымның мақсаты – тек осы «сезімдерді» сипаттау.

Авенариус танымның бастауы ретінде ойлау, субъект, материя, объектті емес, адамның оны қабылдаған күйдегі тәжірибесі деп біледі. Авенариустың «маңызды үйлестіру» ілімі (субъектсз объект жоқ, объектсіз субъект жоқ) санадан тыс және тәуелсіз объективті шынайылылықты теріске шығарады. Объективті шындыққа ең аз күш салу қағидасы бойынша танымның биолоиялық құндылығын қарсы қояды. Оның мақсаты – философияны жаратылыстану ғылымдары сияқты қатаң ғылым дәрежесіне жеткізу болды.

49. Неопозитивизмнің формалары, оның негізгі өкілдері ж/е идеялары

ХХ ғасырдың бірінші жартысы мен ортасында кең тараған философиялық бағыт неопозитивизм болды. негізгі өкілдері: 1. «Веналық үйірменің» философтары ( негізін қалаушы – М.Шлик, оның жолын қуушылар) – Р.Карнап, О.Нейрат, Г.Рейхенбах; 2. Львов – Варшава мектебінің өкілдері (А.Тарский, Я.Лукасевич); 3. Б.Рассел; 4. Л.Виттенштейн. Неопотивизмнің басты идеясы – жалпы тіл, оның ішінде ғылыми тілі адамның дүниені позитивті (шын, ғылыми) қабылдайтын басты құралы болғандықтан, философия ғылым тілінің логикалық анализімен айналысуы тиіс. Неопозитивизмнің басты, негізгі қағидасы – верификация принципі – ғылымның қағидаларының барлығын тәжірибе көрсеткіштерімен, фактілерімен салыстырып отыру. Тек сонда ғана ұғым мағынаға ие болып, ғылыми тұрғыдан қызықт ы болады. өзіне дейінгі философияның мәселелерінің көпшілігі верификацияланбағандықтан, нағыз ғылыми шешімге ие бола алмайтын жалған мәселелер философиядан алынып тасталуы қажет. Неопозитивизмнің келесі басты мақсаты (ғылым тілінің логикалық анализінен өзге) – философияны метафизикалық (шын ғылыми шешімі жоқ) мәселелерден тазарту.

Неопозитивизм — XIX ғасырдың 30-жылдарыңца пайда болган субъективтіё-идеалистік бағыт — позитивизм идеяларын жаңа тарихи жағдайларға жоне ғылым дамуының жаңа деңгейіне сөйкес өрі қарай дамытушы философиялық ағым. Соңдықтан да ол үшінші позитивизм (неопозитивизм) деп аталады. Бірінші позитивизм ретінде О.Конттың (1798-1857) жоне Г.Спенсердің (1820-1903) философия ғылыми танымның дамуына кедсргі болатын керексіз нәрсе деген көзқарасынан алынған: философия тікелей қабылдауға болмайтын заттардың мәнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне теріс бағыт береді деп санады позитивистер. Конттың пікірінше, адамның таным процесі қүбылыстардың сырт көрінісін сипаттап, классификациялауға өрекет жасауы тиіс, олардың ішкі мәнін іздеп өуре болмауы тиіс. Конттың бүл идсяларын өрі қарай дамыту XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында эмпириокритицизм деп аталған оның жаңа түрі — екінші позитивизмнің пайда болуына өкелді. Бүның өкілдері Э.Мах (1838-1916), Р.Авенариус (1843-1896) жөне басқалар заттар мен қүбылыстарды түйсіктер деп атап, дүние танудың мақсаты түйсіктердің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу деп түсіңдірді, сөйтіп олар материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қатынасы жайындағы мөселені жоққа шығарды, түйсік, сана алғашқы деп санап, субъективтік идеализмді жақтады. Үшінші позитивизм — XX ғасырдың 20-30-жылдарында эмпириоқритицизмнің орнына келген неопозитивизм — математикалық логиканы философиялық зерттеулерге қолданудың ңөтижесіңде туды. Ең кең тараған бүл философиялық ағымды жақтаушылар жаратылыстанушы ғалымдардың ішінде көптеп саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]