
- •1.4.Философиялық білімнің негізгі сипаттары
- •2 Философияның қызметтері.
- •3 Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.
- •5.Дүниеге көзқарас ж/е оның құрылымы.
- •6 Философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •7. Философияның мәдениет жүйесіндегі орны.
- •9.Көне Үнді философиясы:негізгі мектептері және өкілдері
- •10.Көне Қытай философиясы және оның негізгі мектептері
- •11.Антика философиясының пайда болуы, оның ерекшеліктері
- •12.Шығыс пирепатетизмі: оның негізгі өкілдері
- •13. Схоластиканың негізгі кезеңдері мен өкілдері
- •14.Платон философиясы
- •15.Аристотель философиясы
- •16. Аврелий Августинның діни-философиялық көзқарасы.
- •17.Фома Аквинскийдің діни философиялық көзқарасы
- •18. Орта ғасыр мұсылман философиясындағы ғылым мен философияның дамуы
- •20. Қайта өрлеу дәуір философиясындағы гуманизм және антропоцентризм
- •21. Конфуцийдің философиялық көзқарасы
- •22. Сократ философиясындағы адам мәселесі
- •23. Орта ғасыр философиясы, оның теологиялық сипаты
- •24. Қайта өрлеу дәуір философиясы, жалпы сипаттама
- •25.Рационализм бағыты, оның басты проблемалары
- •26. Жаңа заман философиясының орталық мәселелері
- •27.Неміс классикалық философиясы, оның философиядағы орны және рөлі
- •28.Ф. Бэкон және индуктивті әдістің негіздері
- •31.Фейербах антропологиялық материализм
- •32.Р. Декарт және дедуктивті әдістердің принциптері
- •34.Канттың сыни философиясы
- •35.Гегельдің философиялық көзқарасы
- •36.Фейербахтың антропологиялық антропологиялық материализмі
- •37.Фихте философиясының орталық қағидалары.
- •38.Позитивизм философиясының эволюциясы
- •39. «Өмір философиясы» оның негізгі өкілдері.
- •40.XiXғ. Орыс философиясы.
- •41. Орыс діни философиясы.
- •42. Қазақ философиясының негізгі идеялары.
- •43. Қазақ ағартушылық философиясы
- •45. Гегельдің диалектикалық әдісі
- •48. Мах және Авенариус, философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •49. Неопозитивизмнің формалары, оның негізгі өкілдері ж/е идеялары
- •50. Экзистенциализм, оның басты проблемалары
- •51.Ницше еңбектеріне философиялық талдау жасау
- •52. Экзистенциализм идеялары: к.Ясперс, м.Хайдегер.
- •53. Экзистенциализм философиясының негізгі категориялары ж/е оның мәні.
- •54. Қазақ философиясының бастаулары: әл-Фараби, ж.Баласағұн, к.А.Яассауи философиясы
- •55. Ш.Уәлихановтың философиялық ж/е қоғамдық саяси көзқарастары.
- •56. Ағартушылық философиясы ж/е ы.Алтынсарин шығармашылығының гуманистік мәні.
- •57. А.Құнанбаевтың философиялық ойлары.
- •58. Ш.Құдайбергеновтың философиялық ойлары.
- •59. Н.А.Бердяев философиясындағы еркіндік мәселесі.
- •XiXғ. Орыс философиясы. 40
43. Қазақ ағартушылық философиясы
Қазақ ағарту философиясындағы әлеуметтік дамудың ерекшеліктері, тарихы бірін-бірі толықтырып, дамып отырды. Ұлы Абай айтқандай «Адам бол» идеясы бұрынғы заманнан бастап жаңа заманғы қазақ философиясына тән ортақ және ұдайы дамып келе жатқан идея. Қазақ ағарту философиясында ойшылдар типтік ағартушылық позицияны ұстады. Яғни, белгілі қоғамдық топқа, шаруаларға бағытталып, қоғамдық прогресті саны басым топтың мүддесі үшін күреспен байланыстырылған революцияшылтаптарды бөлмей жалпы ұлттың атынан сөйлейді. Қазақ ағартушыларының негізін қалаушылар: Шоқан Уәлиханов,Ы. Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы т.б. Олар өздерінің шығармаларында халық проблемаларын, өзекті мәселелерін, теңдік пен теңсіздікті қатар қойып халыққа жеңіл де мағыналы тілмен жеткізе білді. Олардың ағартушылығы негізінде қазір қоғам өз рөлін кеңейтті, мағына бере түсті, дамыды. Ш. Уәлиханов (1835-1865) демократтық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Ш.Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан жақты шығармашылық мұра қалдырды. Ол азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Ш. Уәлиханов тікелей фил.қ мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. Ол «қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір Құдай» деген еңбектерінде фил.ң негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтылған. Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның обьективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын фил.қ көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде фил.ң негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін ХІХ ғ. орта кезінде-ақ айтып кеткен. Шоқан діннің, әсіресе, қазақ даласында татар және молдалары таратып жүрген діни қағидалардың халыққа тигізіп жүрген зияндығын баса айтады. Қазақ жұртына бұл молдалардың айтып жүрген уағыздары «ой мен сезімнің дамуын тежейтін әлі схоластикадан басқа ештеңе әкелмейді», - деп көрсетеді. Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі, педагог - жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841–1889ж.ж.). Ыбырай дүние - танымы қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді. Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары кұндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Мысалы, жаңағы «Жаз», «Өзен» өлеңдерінде табиғаттың сұлулығы, көгорай шалғынды көркі, күмістей сыңғырлаған суы, көк - жиектің мүнарланған сағымы шебер тілмен суреттеледі. Бұл шығармалар жастарды сулулықты, ғажайып табиғатты сүйе білуге, құрметтей білуге тәрбиелейді. Ағартушылық жөніндегі көптеген хаттары мен жазбаларында Ыбырай қазақ балаларына ән - күйден, суреттен сабақ беру керек екендігін мәселе етіп қояды. Бұдан жастарға эстетикалық тәрбие берудің маңызын жоғары бағалағандығын қөреміз. Қазақ ағартушылығында, казақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл - демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845–1904ж.ж.) болды. Оның шығармашылық мүрасы өлең, дастан, философиялык, проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылды билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай, Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай дінбасылары мен діни надандықты, фатализм мен екіжүзділікті атеизм түрғысынан емес, Қазақстан ағартушы-демократтарының көбісінде кездесетіндей, «нағыз» дін немесе рационалдандырылған дін позициясынан сынады. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны бір жақты бағалау, бір бояумен көрсету мүмкін емес.
44. Шеллингтің натурфилософиясы.XVIII ғасырдың аяғында жаратылыстану ғылымдарның ерекше алға озып кетуі сол кездегі философтарға, әсіресе, жас Шеллингке қатты әсер етті. Ол физика, химия, биология, тағы басқа да жаратылыстану салаларымен айналыса жүріп, табиғаттың ішкі заңдылықтарын ашуға барынша назар аударды. Мұның өзі оның философиясын объективтік бағытқа қарай бұрды. Сөйтіп, классикалық неміс философиясында табиғат туралы философиялық ілім болған натурфилософия ағым ретінде дүниеге келді. Шеллинг жаратылыстану саласын философиямен тығыз байланыстыра қарай отырып, табиғатты субстанция ретінде айқындауға тырысты. Бірақ, оның табиғатты субстанция деген көзқарасы өзіне дейінгі ұлы ойшыл Спинозаның көзқарасынан өзгешелеу еді.Мұндағы өзгешелік әрбір дәуірдің тарихи экономикалық, саяси жағдайына байланысты. Егер Спиноза табиғатты субстанция деп қарай отырып, өз заманындағы тарихи, тар өрісті пантейстік идеядан шығып кете алмаған болса, Шеллинг табиғатты зерттеуде Кант тудырған класикалық неміс филасофиясының негізгі принціптеріне, яғни субъектінің рөлі деген принципке сүйенеді. Сондықтан Шеллинг қарастырған және жан жақты талдаған табиғат сонау Спиноза зерттеген субстанцияның мәнініен өзгеше еді. Шеллинг өзінің зерделі философиясында табиғаттың ішінде негізгі қозғалыс күші бар екендігін анықтауға тырысты. Өзінің натур философиялық теориясын жасаған Шеллинг классикалық неміс философиясын әрі қарай дамыта отырып, табиғат философиясын рухтың таным теориясымен байланыстыруды негізгі мәселе етіп алды. Осыған бай-ты Шеллингтің табиғат фил/ң мәні:- бұған дейінгі табиғат түсіндірмелері ақиқат емес, өйткені 1-шші жағдайда табиғат адам санасынан шығарылады, ал одан басқа концепцияларда табиғаттың шектелген түсіндірмелерін береді. –табиғат дегеніміз «абсолют» бәрін қамтып өз бойына ендіріп қамтып жататын дүниенің бастауы әрі бастапқы себебі.-табиғат объективті мен субъективтінің бірлігі.- материя мен рух бір олар табиғаттың қасиеттеріғ мәңгі абсолютті ақылдың түрлі күйлері.- табиғат жанды, тұтас организм.-табиғаттағы полярлылық-оның қозғаушы күші(ішкі қарама қарсылықтар ж/е олардың өзара әрекеттесу процесі мысалы, магнит өрістері, электрдің плюс, минус зарядтары, объективті мен субъективті, т.б)