Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фил дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
140.69 Кб
Скачать

3 Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.

Философия – дүние жүзіндегі барлық оқу орындарында оқылады. Бұл себепсіз емес. Философия- алдымен жалпылық ғылым. Жалпы қашанда жекеге бағдарлық рөл атқарады. Бұл әсіресе қазіргі ғылымдарға қажет. Өйткені, олардың көбісінің зерттеу обьектісі тереңдеп, қамтылған көлемі тарылып барады. Күрделі қазіргі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп біліп қана қоймай, сонымен қатар, адамның түбірлі мүддесі мен заман талабына сай дұрыс шешімдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білу қажет. Ол үшін ең алдымен әлемді терең әрі дұрыс түсіну, яғни жалпы және жеке мақсаттарды және оларға жету әрекеттерінің тәсілдерін таңдауға мүмкіндік беретін дүниетанымның қажеттілігі шарт. Дүниетаным ғылым жетістіктері негізінде қалыптасады,бірақ ол сонымен қатар, қоғамның тарихи тәжірибесіне, әлеуметтік дамудың жеткен деңгейі мен өмір сүру тәртібін бейнеледі. Мұның бәрі білімнің ерекше жүйесі – философияны игеруді қажет етеді. Дүниедегі өзінің орны туралы, жеке және қоғамдық өмірдің мақсат-мүдделері туралы ойлана отырып адам белгілі бір философиялық көзқарастар қалыптастырады.

Философия әрбір адамға қоғамнан өз орнын табуға, өзінің жан дүниесін түсініп, рухани өмірін байытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қиын жағдайларда адамдара дұрыс бағыт бағдар берудің құралы болып табылады.

Философиядағы құндылықтар адамды жағалай қоршап шектелген, толымсыз болмыстан тиістілік әлеміне ұмтылдырады. Адам өмірінің құндылықтары сан алуан. Оларды материалдық және рухани құндылықтар деп екі үлкен топқа ажыратуға болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда философияның негізгі қызметі – құндылықтар әлемін сараптау, әлеуметтік өмірде қандай құндылықтар болуы керек, болуға тиіс – соларды негіздеу болып табылады.

5.Дүниеге көзқарас ж/е оның құрылымы.

Дүниеге көзқарас дегеніміз – жалпы дүниеге деген және ондағы адамның орнына деген тұтас көзқарас. Дүниеге көзқарастың негізгі 3 түрі: мифология, дін, философия. Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде дүниеге келеді. Оны біз мифология деп атаймыз. Миф-табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық.Әртүрлі халықтардың мифтерін белгілі бір топтарға бөлуге болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космогониялық аңыздар. Оларда көбінесе Дүниенің алғашқы жағдайы арқылы көресетілді. Сиқырлы құдіретті күштің іс-әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлінді. Екінші ерекшелігі мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаған ортаны антропоморфизациялау, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың құбылыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі.Үшінші ерекшелігі социоморфтық яғни әлеуметтік тұрғыдан қарастырылады.Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланды. Ал дін ешнәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Сенімнің өзі екі түрде қарастырылды: ғылыми және тәжірибелік. Ғылыми– дәлелдеу арқылы, яғни ақиқат немесе жалған екендігін қарастырады. Тәжірибелік – дәлелдеуді қажет етпейтін, сол күйінде қабылданады. Құдайдың бар жоқтығына байланысты: пантеизм-құдай мен табиғат бірлікте қарастырылады, деизм – құдай барын жаратады, бірақ адамның арғы іс-әрекетіне араласпайды, атеизм – дінді, құдайды жоққа шығарады. Дүние жүзінде таралған негізгі діндер: иудаизм, буддизм, христиан, ислам. Ал, Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, кезінде оны ғылымдардың ғылымы деп атаған. Философия әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті. Осыдан келіп, ол кезде философия барлық табиғат жөніндегі ой-пікірлерді бойына жинақтағандықтан оны, натурфилософия деп атады. Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар: логика -ойлау заңдылықтары туралы ілім, онтология–мән туралы ілім, гносеология– таным туралы ілім, аксиология -құндылық туралы ілім болып қалыптасты. Адамзат дамуымен бірге философия өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде танылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]