Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фил дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
140.69 Кб
Скачать

36.Фейербахтың антропологиялық антропологиялық материализмі

Фейербах Людвиг (28.7.1804, Ландсхут, Бавария – 13.9.1872, Рехенберг) — классикалық неміс философиясының ірі өкілі. Немісматериалист философы және атеисі. Алғашқыда Г.В. Гегель идеализмінің ықпалында болып, кейіннен жалпы дінге және христиан дінінің қағидаларына қарсылықпен, материалистік көзқарастарымен белгілі болды. Фейербах Гегель диалектикасының идеалистік сипатын аша отырып, оны сынап, идеализмнен бас тартады. Фейербах философиясының негізгі мазмұны материализмді қуаттау. Адам мәселесінде Фейербах адамды жай ғана биол. тіршілік иесі деп қарады. Таным теориясында эмпризм мен сенсуализмді жақтады, агностизмге қарсы шықты. Фейербах материализмі марксизм философиясының материалистік көзқарастарына негіз болды. Фейербахты адамды табиғатпен бірлікте қарай отырып, сонымен қатар адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығын да көрсетуге тырысты. Жеке адамдарға тән айырғысыз қасиеті бірі мен бірінің қатынас жсасуы, біріне бірінің талпынуы деп санады. Бірақ ол адамзат қоғамының мәнін және оның даму заңдарын танып-білу дәрежесіне көтеріле алмады; жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасты сүйіспеншілікке талпындыратын рухани қатынас деп түсінді. Фейербах Гегельдің диалектикасын бағаламады, оны идеализмнен аршып алып, материалистік негізінде қолдануға болатынын түсінбеді.Фейербахтың философиясында қоғам құбылыстарын материалистік тұрғыдан түсіндірудің кейбір бастамалары бар еді. Мәселен, дінді сынау оның философиясының аса маңызды мазмұнын құрды. XVII – XVIII ғ.ғ. атеизммен салыстырғанда оның атеизмнің ерекшелігі сол, ол діннің шығу және өмір сүру себебін тек адамдардың надандығынан деп түсінген жоқ; сондай-ақ діни бейнелерде адамдардың өмірі: күйініш-сүйініші, бақытылыққа ұмтылысы, табиғаттан және бір-бірінен тәуелділігі қалай көрініс табатынын көрсетуге тырысты. Алайда ол діннің әлеуметтік-экономикалық түп-тамырын, адамдарға табиғат құбылыстармен қатар, стихиялы қоғамдық құбылыстар үстемдік жасайтынын түсінбеді. Фейербахтың философиясында атеизм және адамдардың бір-біріне деген гуманистік сенімінің негізі діни сенімде деген қарама-қарсы түсініктер ұштасып жатыр. Сондықтан да ол құдайы бар христиан дінін жойып, оның орнына “құдайсыз дін”жасауға тырысты.Фейербахтың материализмі классикалық неміс философиясының аяқталуы бола отырып, философиялық материализмнің одан әрі дамуының (ең жалпы формада болса да) алдағы бағытын көрсетіп берді. Міне, сондықтан да Фейербахтың материализмі (Гегельдің диалектикасы сияқты) Маркс пен Энгельстің диалектикалық-материалистік философиялық көзқарасының қалыптасуына зор әсерін тигізді.

37.Фихте философиясының орталық қағидалары.

Субьективті идеалистердің көрнекті өкілдері: Беркли, Юм, Фихте.

Фихте философиясында қарастырылатын негізгі сұрақ – бостандық мәселесі. Фихте пікірінше, бостандық – жалпы қажеттілікке өз еркімен бағыну. Адамзат тарихы- бостандықтың таралу, орнығу процесі. Жалпы бостандықтың негізі – баршаның жеке меншікке ие болуы. Өмірінің соңында Фихте ұшқары субъективті идеализм позициясынан шектеулі объективті идеализмге ойысты: адам санасынан тыс объективті реалдылықты – жоғары рухты мойындай бастады. Идея – адам санасынан тыс ж\е оған тәуелсіз тіршілік етеді деп санайтын обьективті идеалистерден өзгеше, субьективті идеалистердің пікірінше:

  1. Тіршілікте бар нәрсе бірау-ақ ол-идея;

  2. Идея тек адам санасында тіршілік етеді, яғни адам санасы одан тысқары ештене тіршілік етпейтін бірғана реалдылық.

Джордж Беркли ағылшын философы, субьективті идеалист. Берклидің философиялық басты идеялары:

  1. Материя жалған ұғым.

  2. Жеке заттар мен жеке сезім деген бар, ал біртекті материя деген жоқ;

  3. Матерализм философиядағы тығырыққа тірейтін бағыт, матералистер өздері материя деп атайтын жеке заттардың идеяға қарағанда бірінші екенін дәлелдей алмайды;

  4. Адам санасы бар екені анық жалғыз реалдылық;

  5. Идея әлдененің бейнесі емес, дербес субстрат, ал дүние идеяға негізделеді;

  6. Идеяның бірінші екеніне басты дәлел Құдайдың болуы. Құдай мәңгі ж\е жлйылмайды, ал оның жаратқандары, дүние, әлем тұрақсыз, нәзік, өзгермелі ж\е толығымен оған бағынышты.

Дэвид Юм ағылшын философы, субьективті идеалист мынадай көзқарастарды ұстанды:

  1. Болмыс пен рух қатынасы мәселесі шешілмейді;

  2. Адам санасы идеяларға бейім;

  3. Адамның өзі де шоғырландырылған идея, адамның бар өмірі оның идеалды күшінің өсу процесі;

  4. Өзінің идеалды мәнінсіз адам дүниені толық өз деңгейінде толық қабылдай алмаған блар еді;

  5. Адам екі идеалды бастамадан тұрады:«сыртқы тәжірибе»-білім мен тәжірибе;«ішкі тәжірибе»- аффектілер, сезімдер.

  6. Аффектілер, сезімдер адам өмірінде де тарих барысында да үлкен рөл атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]