Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фил дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
140.69 Кб
Скачать

31.Фейербах антропологиялық материализм

Фейербах Людвиг (28.7.1804, Ландсхут, Бавария – 13.9.1872, Рехенберг) — классикалық неміс философиясының ірі өкілі. Немісматериалист философы және атеисі. Алғашқыда Г.В. Гегель идеализмінің ықпалында болып, кейіннен жалпы дінге және христиан дінінің қағидаларына қарсылықпен, материалистік көзқарастарымен белгілі болды. Фейербах Гегель диалектикасының идеалистік сипатын аша отырып, оны сынап, идеализмнен бас тартады. Фейербах философиясының негізгі мазмұны материализмді қуаттау. Адам мәселесінде Фейербах адамды жай ғана биол. тіршілік иесі деп қарады. Таным теориясында эмпризм мен сенсуализмді жақтады, агностизмге қарсы шықты. Фейербах материализмі марксизм философиясының материалистік көзқарастарына негіз болды. Фейербахты адамды табиғатпен бірлікте қарай отырып, сонымен қатар адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығын да көрсетуге тырысты. Жеке адамдарға тән айырғысыз қасиеті бірі мен бірінің қатынас жасасуы, біріне бірінің талпынуы деп санады. Бірақ ол адамзат қоғамының мәнін және оның даму заңдарын танып-білу дәрежесіне көтеріле алмады; жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасты сүйіспеншілікке талпындыратын рухани қатынас деп түсінді. Фейербах Гегельдің диалектикасын бағаламады, оны идеализмнен аршып алып, материалистік негізінде қолдануға болатынын түсінбеді.Фейербахтың философиясында қоғам құбылыстарын материалистік тұрғыдан түсіндірудің кейбір бастамалары бар еді. Мәселен, дінді сынау оның философиясының аса маңызды мазмұнын құрды. XVII – XVIII ғ.ғ. атеизммен салыстырғанда оның атеизмнің ерекшелігі сол, ол діннің шығу және өмір сүру себебін тек адамдардың надандығынан деп түсінген жоқ; сондай-ақ діни бейнелерде адамдардың өмірі: күйініш-сүйініші, бақытылыққа ұмтылысы, табиғаттан және бір-бірінен тәуелділігі қалай көрініс табатынын көрсетуге тырысты. Алайда ол діннің әлеуметтік-экономикалық түп-тамырын, адамдарға табиғат құбылыстармен қатар, стихиялы қоғамдық құбылыстар үстемдік жасайтынын түсінбеді. Фейербахтың философиясында атеизм және адамдардың бір-біріне деген гуманистік сенімінің негізі діни сенімде деген қарама-қарсы түсініктер ұштасып жатыр. Сондықтан да ол құдайы бар христиан дінін жойып, оның орнына “құдайсыз дін”жасауға тырысты.Фейербахтың материализмі классикалық неміс философиясының аяқталуы бола отырып, философиялық материализмнің одан әрі дамуының (ең жалпы формада болса да) алдағы бағытын көрсетіп берді. Міне, сондықтан да Фейербахтың материализмі (Гегельдің диалектикасы сияқты) Маркс пен Энгельстің диалектикалық-материалистік философиялық көзқарасының қалыптасуына зор әсерін тигізді.

32.Р. Декарт және дедуктивті әдістердің принциптері

Жаңа заман фил-сы деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді. Декарт философиясы-Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады. Декарттың философиядағы үлесі мынадай: 1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді; 2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды; 3.Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді; 4.Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды. Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді: 1.Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.); 2.Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.); 3.Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді; 4.Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды; 5.Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады; 6.Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады. Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды. Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады. Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді: 1.материалды (заттар), 2. рухани (идеялар). Ғылыми әдісті таным процесінде белсенді қолдану арқылы таным процесін әлдеқайда алға жыджытуға, танымды өндірістен өнеркәсіп өндірісіне айналдыруға болады. Ондай ғылыми әдіс ретінде Декарт дедукцияны ұсынады. Декарттың философиялық, гносеологиялық әдісінің мағынасы – таным процесінде тек абсолютті, деректі, шын сүйену және ақыл арқылы логикалық тәсілдер арқылы жаңа, ақиқат білім алу. Декарт туа біткен идеялар теориясын ұсынады: таным және дедукция арқылы алынатын білімдермен қатар, ешбір дәлелді қажет етпейтін ерекше, туа біткен идеялар болады. Ол ақиқаттар (аксиомалар) о бастан айқын және шын, олар Құдай ақылы мен адам ақылында әрдайым болған және болатын, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын білімдер. Ол білімдер екі түрде: 1.Ұғымдар; 2.Пікірлер түрінде беріледі.

33.Жаңа заман философиясындағы таным теориясы.Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік қатынастары XVIII ғ-ң аяғы, XIX ғ-ң басында Батыс Еуропа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы,өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған Англия сол кездегі ел-ң алдыңғы қатарына шықты. Капиталистік даму процесі біртіндеп еніп, елдегі әлеуметтік жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияда жаңадан көптеген саяси ілімдер мен көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең алып, мұның ақыры саяси төңкерістерге алып келді. Ал осы кездегі Германия үшін капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы болашақтың ісі сияқты еді. Өйткені неміс жерінде бытыраңқы, ұсақ мемл-р пайда болып, олардың арасында шиеленіскен соғыстар жүріп жатқандықтан, жалпы елдің экон-ы мен саяси дамуы кенжелеп қалды.Алайда,Германияда осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып,осы салаларда дүние жүзін таң қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды. Сондықтан неміс ойшылдары Батыс Еуропадағы осы тарихи дамуды басынан кешіре отырып, ағылшындар және француздардың мәдени, рухани дамуының байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа клас-қ фил-ның озық үлгілерін берді.Классикалық неміс фил-сы бүкіл фил-я тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының,логиканың шығуына түрткі болды.Классикалық неміс фил-сы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады.Сондай-ақ,ойлаудың болмысқа қатынасы арқылы таным теория-ғы объекті мен субъектінің диалектикалық арақатынасын ашып, теориялық ойлау формасын жаңа сатыға көтеріп, фил-қ категориялардың атқаратын рөлін көрсетіп берді.Жаңа заман фил-ғы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс фил-ның негізін қалаушы, әрі оның атасы – И. Кант (1724-1804) болды. Ол өзінің фил-н ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады.Ол «Таза зердеге сын» (1781) деген атақты шығармасында сөзді бұрын ерекше бағаланып, бас иіп келген зерденің қазіргі кезеңдегі қайшылыққа ұшырап отырған тағдырынан бастайды. И. Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете отырып,философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық ашты.Ол бұл жаңалықты фил-ғы коперниктік төңкеріс деп атады.Бұл төңкерістің мәні мынада еді:егер Кантқа дейінгі ойшылдар табиғатты зерттей отырып, болмысты, материяны фил-ң негізгі нысанына айналдырса,немістің ұлы ойшылы,керісінше,біздің фил-лық талдауымыз ойлауға,идеяға,ақыл-зердеге,субъектіге бағытталуға тиіс деді.Ал болмыс,материя,объекті осы ойлауға,идеяға,ақыл-зердеге,субъектіге бағынады және солардан келіп шығады деп білді.Кант жоғарыдағы еңбегінде таным процесіндегі қайшылықтарды кеңінен ашып,олардан шығудың жолын көрсетті.Фил-я статусы өзгерді метафизикадан гносеологияга кадам басылды.Ұлы ойшыл адам баласының таным қабілетін: сезімдік, пайым және зерде деп үшке бөледі.Оның мақсаты жаңа дәуірдегі эмпиризм мен рационализмнің тар өрістілігінен шығып, оларды өзара ымыраластыру еді. Сондықтан ол априорлы (априорлы-латын тіл-гі тәжірибеден тыс пайда болған ұғым,ой, идея)синтетикалық пікірдің жаратылыстану саласында қандай орын алғандығын көрсету үшін білімдердің әртүрлі салаларын алды.Кант ең алдымен математиканы, жаратылыстануды және метафизиканы (фил-ны) априорлы синтетикалық тұжырым арқылы талдай келіп, таным проц-ің қалыптасуы мен белгілі бір сатылардан өту жағдайын көрсетті. Осыдан математика-сезімділікке, жаратылыстану - пайымға, метафизика,яғни фил-я - зердеге қатысты екені анықталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]