Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фил дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
140.69 Кб
Скачать

27.Неміс классикалық философиясы, оның философиядағы орны және рөлі

Неміс философиясына классикалық атауының берілуі оның дүниежүзілік философия тарихында алатын орнының аса маңызды, көрнекті екенін көрсетіп тұр. 19 ғасырдағы н.ф-сы – әлемдік фил-ғы бірегей құбылыс. Н.ф-ң бірегейлі оның 100 жылдан астам уақыт ішінде мынадай жетістіктерге қол жеткізуде: 1) адамзатты ғасырлар бойы толғандырған мәселелерді терең зерттеп, фил-ң алдағы дамуын анықтап берді. 2. Өз бойына сол кезеңдегі барлық белгілі бағыттарды: субъективті идеализм мен тұрпайы материализм және иррационализмді – біріктіруінде. 19 ғасырдағы неміс фил-ң негізгі бағыттары мынандай: 1) неміс классикалық фил-сы (19 ғасырдың бірінші жартысы); 2)материализм (19 ғасырдың ортасы мен екінші жартысы); 3) иррационализм (19 ғасырдың екінші жартысы мен соңы). Неміс классикалық фил-сы 18ғ-ң соңы мен 19ғ-ң бірінші жартысында кең тарады. Оның негізін сол заманның 5 көрнекті неміс философтарының творчествосы құрады: Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель, Фейербах. Н.к.Ф-да 3 негізгі фил-қ бағыт бар: 1) объективті идеализм (кант, Шеллинг, Гегель); 2) субъективті идеализм (Фихте); 3) материализм (Фейербах). Н.к.Ф оны тұтас құбылыс деп қарауға болатын бірнеше мәселелерді негіздеді: 1. Фил-ң назарын дәстүрлі мәселелерден адам мәнін зерттеуге қарай бөлді; 2. Даму мәселелеріне ерекше мән берді. 3. Фил-ң логикалық-теориялық аппаратын байытты. 4. Тарихты тұтас процесс ретінде қарастырды. Иммануил Кант (1724-1804) – неміс философиясының негізін қалаушы. Оның философиясының негізгі мәселесі – табиғат, дүние, қоғам емес, субъектінің танымдық қызметі, адамның ақыл-ойының мумкіндіктерінің шекарасын анықтау. Яғни, онтологияның орнын гносеология, субъектінің танымдық қабілеттерін сыни сараптау алмастырды. Сыншылдық кезеңі – Кант философиясынан басталады. Ол ақыл-ойдың өмірдегі мәнін анықтауға ұмтылды, оны таным теориясының шеңберінен шығарып, практикалық ақыл-ойдың адамгершілік заңдарын қалыптастырудағы рөлін көрсетті. Кант ф-ң тарихи мәні: 1) күн жүйесі пайда болуы туралы ғылымғы негізделген түсіндірме берілді; 2) адам ақылының тану қабілетінің шегі туралы идея тұжырымдалды. 3) әрбір жеке қоғамдағы және халықаралық қатынастардағы демократия мен құқықтық қатынастар туралы идея ұсынылды. 4) соғыстар айыпталып, келешектегі экономикалық шығын мен құқықтық тиымға негізделген мәңгі бейбітшілік кезең туралы болжам жасалды. Гегельдің ф-ғы басты үлесі: 1. Объективті идеализм теориясы. 2. Диалектика-жалпы ф-қ әдіс ретінде.

Фейербах Людвиг—Неміс материалист философы және атеисі. Фейербах Гегель диалектикасының идеалистік сипатын аша отырып, оны сынап, идеализмнен бас тартады. Фейербах философиясының негізгі мазмұны материализмді қуаттау. Адам мәселесінде Фейербах адамды жай ғана биол. тіршілік иесі деп қарады. Таным теориясында эмпризм мен сенсуализмді жақтады, агностизмге қарсы шықты.

28.Ф. Бэкон және индуктивті әдістің негіздері

Фр.Бэкон– философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаған ағылшын философы және саяси қайраткері– Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы. Ф.Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай принциптерін ұсынады: 1) табиғатты зерттеудегі объективтілік;2) ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы; 3) табиғаттан технологиялық үстемдік; 4) табиғи әлемді зерттеудің индуктивті әдісі.Фр.Бэконның философиялық идеясының – эпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау деп түсіндіреді Фр.Бэкон. Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Фр.Бэкон пікірінше, индуция әдісінің дедукциядан артықшылығы – мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюінде. И-ң кемшілігі – оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты. Адамзаттың білімнің барлық салаларында барынша көп тәжірибе жинауы – и-ң басты кемшілігі. «Танымның басты әдісі - индукиця» деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар: «өрмекші жолы» «құмырсқа жолы» «ара жолы». «Өрмекші жолы» - «таза ақылдан» рационалистік жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің, практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді. «Құмырсқа жолы» - тек қана тәжірибеге сүйеніп білім алу жолы н.е. догматтық эмперизм . «ара жолы» - танымның ең дұрыс жолы.Фр.Бэкон таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамғаның (адамзаттың) ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді. Ол себептерді Бэкон «елестер» («идолдар») деп атап, төрт түрге бөліп сипаттайды: 1.Тектік елестер; 2.Үңгір елестері; 3.Базар елестері; 4.Театр елесі. Тектік және үңгір елестері – дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын, адамдардың туа біткен адасушылықтары. «Тектік елестер» - танымның адам (танушы субъекттің) тұлғасының таным процесіне әсері, нәтижесінде адамның бұған дейінге сенім – нанымдары, қағидалары – таным нәтижесінде көрініс беретіндігі («үңгір» - адасушылық). Базар – театр елестері – жүре пайда болған адасушылықтар. Базар елестері – тілдегі, ұғымдық аппараттағы сөздерді, анықтамаларды дұрыс қолданбаудан туатын адасушылық. Театр елестері – таным процесіне сол кезеңдегі таным процесінің әсері. Қоғам алға жылжиды және тарихты құдай емес адамның өзі қозғайды — міне, Бэконның идеясы. Ал бұл тұжырымның негізін бэкондық индукция теориясы құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]