Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фил дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
140.69 Кб
Скачать

24. Қайта өрлеу дәуір философиясы, жалпы сипаттама

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы деп Европада бірнеше ғасырды қамтыған, антишіркеулік, антисхоластикалық бағыттағы, адамға, оның тәндік және руханипотенциалына сенім мен оптимистік сипаттағы философиялық бағыттардың жиынтығын айтады. «Қайта өрлеу» атауы-адам тәні мен жанының сұлулығы жоғары бағаланған, дін үстемдігі болмаған антикалық рухани қазынаны қайта өрлеу мақсатынан туды. Итальяндық қайта өрлеу фил/ның дамуы үш кезеңнен тұрады: жаңа Қайта өрлеу, гүлденген не/се асқақ Қайта өрлеу, кейінгі не/се модификацияланған Қайта өрлеу. Қайта өрлеу фил/сы мен мәдениеті пайда болуының алғышарттары: феодализмнің дағдарысы; кәсіпкерлік пен сауданың дамуы; Европа мем/нің іріленуі, орталықтандырылуы; Шіркеу мен схоластиканың дағдарысы, өмірден артта қалуы. Қайта өрлеу фил/ның жалпы сипаты: антропоцентризм мен гуманизм-адамға, оның шексіз мүмкіндіктері мен қасиеттеріне сенім мен қызығушылық; Шіркеуге, шіркеу идеологиясына қарсылық;басты назарды формадан назарға ауыстырды; әлеуметтік теңдік идеясының кең таралуы. Қайта өрлеу фил/ның негізгі бағыттары: гуманистік 14-15ғғ. Өкілдері: Даньте Алигьери, Франческо Петрарка, Лоренцо Валла–орталыққа адамды қойып, оның қадір–қасиетін, ұлылығы мен құдіретін мадақтады, Шіркеу догматтарын әжуалады. Неоплатондық (15г.ортасынан-16гг)Өкілдері: Н.Кузанский, П.Мирондола,т.б. –Платон ілімін дамытып, табиғат, Космос ж/е адамды иделистік тұрғыдан қарастыруға тырысты. Натурфилософиялық (16-17гг басы)Өкілдері: Н.Коперник, Дж.Бруно, Г.Галилео–шіркеудің Құдай, Әлем,Космос туралы қағидаларын ғылыми–астрономиялық жаңалықтарға сүйене отырып әшкерелеуге тырысты. Реформациялық(16-17гг) Өкілдері: М.Лютер, Т.Мюнцер, Ж.Кальвин, Дж.Усенлиф,т.б. –Шіркеу идеологиясын ж/е діндарлардың Шіркеумен ж/е өзара қатынастарын қайта қарастыруға тырысты. Саяси (15-16гг)Өкілі: Н.макиавелли–мемлекетті басқару, әміршілер тәртібі мәселесін зерттеді. Утопиялық–социолистік (15-17ғғ) Өкілдері:Т.Мор, Томаззо, Кампанелла, т.б. –жалпы теңдік пен қоғамдық меншікке негізделген қоғам мен мемлекетті құрудың иделды–фантастикалық формаларын іздеді, насихаттады. Соңғы үшеуінің (реформация, саяси, социолистік–утопистік) зерттеу пәні қоғам, мемлекет ж/е Шіркеу мәселелері болғандықтан, оларды «Саяси–әлеуметтік бағыттар» деген атпен топтау қалыптасқан.

25.Рационализм бағыты, оның басты проблемалары

Рационализм- болмыс пен танымның негізі ақыл, ой деп сенетін фил.қ бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1) антологиялық 2) гносеологилық 3) этикалық рац.м. Онтологиялық р-м б/ша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр. Осынысымен р-м идеализмге ұқсап кеткенімен, басты айырмашылығы материяның идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның өзінде ақыл барын мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер ( Демокрит, Эпикур т.б.) – рационалистер. Гнесеологиялық рационализмнің басты идеясы – «дүниені танып білетін бірден-бір құрал – адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Сондықтан гнесеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық теологияға қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. Білім – күш девизин ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімдік тәжірибе жатыр деп сенді. Рационалистер эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері: 1) ақыл сүзгісінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды. 2) ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық аша алад, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін. Моральдық-этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр деген түсінік этикалық рационализм деп аталады. Ежелгі дүние мен қазіргі заманға дейінгі көптеген философтарды Платон, Эпикур, Демокрит, Сократ, Кантты рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализмнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Декарт, Спиноза болды. Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады. Декарттың философиядағы үлесі мынадай: 1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді; 2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды; 3.Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді; 4.Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды. Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді: 1.Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.); 2.Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.); 3.Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді; 4.Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды; 5.Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады; 6.Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады. Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады. Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Олар: 1.материалды (заттар), 2. рухани (идеялар).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]