
- •1.4.Философиялық білімнің негізгі сипаттары
- •2 Философияның қызметтері.
- •3 Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.
- •5.Дүниеге көзқарас ж/е оның құрылымы.
- •6 Философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •7. Философияның мәдениет жүйесіндегі орны.
- •9.Көне Үнді философиясы:негізгі мектептері және өкілдері
- •10.Көне Қытай философиясы және оның негізгі мектептері
- •11.Антика философиясының пайда болуы, оның ерекшеліктері
- •12.Шығыс пирепатетизмі: оның негізгі өкілдері
- •13. Схоластиканың негізгі кезеңдері мен өкілдері
- •14.Платон философиясы
- •15.Аристотель философиясы
- •16. Аврелий Августинның діни-философиялық көзқарасы.
- •17.Фома Аквинскийдің діни философиялық көзқарасы
- •18. Орта ғасыр мұсылман философиясындағы ғылым мен философияның дамуы
- •20. Қайта өрлеу дәуір философиясындағы гуманизм және антропоцентризм
- •21. Конфуцийдің философиялық көзқарасы
- •22. Сократ философиясындағы адам мәселесі
- •23. Орта ғасыр философиясы, оның теологиялық сипаты
- •24. Қайта өрлеу дәуір философиясы, жалпы сипаттама
- •25.Рационализм бағыты, оның басты проблемалары
- •26. Жаңа заман философиясының орталық мәселелері
- •27.Неміс классикалық философиясы, оның философиядағы орны және рөлі
- •28.Ф. Бэкон және индуктивті әдістің негіздері
- •31.Фейербах антропологиялық материализм
- •32.Р. Декарт және дедуктивті әдістердің принциптері
- •34.Канттың сыни философиясы
- •35.Гегельдің философиялық көзқарасы
- •36.Фейербахтың антропологиялық антропологиялық материализмі
- •37.Фихте философиясының орталық қағидалары.
- •38.Позитивизм философиясының эволюциясы
- •39. «Өмір философиясы» оның негізгі өкілдері.
- •40.XiXғ. Орыс философиясы.
- •41. Орыс діни философиясы.
- •42. Қазақ философиясының негізгі идеялары.
- •43. Қазақ ағартушылық философиясы
- •45. Гегельдің диалектикалық әдісі
- •48. Мах және Авенариус, философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •49. Неопозитивизмнің формалары, оның негізгі өкілдері ж/е идеялары
- •50. Экзистенциализм, оның басты проблемалары
- •51.Ницше еңбектеріне философиялық талдау жасау
- •52. Экзистенциализм идеялары: к.Ясперс, м.Хайдегер.
- •53. Экзистенциализм философиясының негізгі категориялары ж/е оның мәні.
- •54. Қазақ философиясының бастаулары: әл-Фараби, ж.Баласағұн, к.А.Яассауи философиясы
- •55. Ш.Уәлихановтың философиялық ж/е қоғамдық саяси көзқарастары.
- •56. Ағартушылық философиясы ж/е ы.Алтынсарин шығармашылығының гуманистік мәні.
- •57. А.Құнанбаевтың философиялық ойлары.
- •58. Ш.Құдайбергеновтың философиялық ойлары.
- •59. Н.А.Бердяев философиясындағы еркіндік мәселесі.
- •XiXғ. Орыс философиясы. 40
23. Орта ғасыр философиясы, оның теологиялық сипаты
Ортағасырлық теологиялық философиясы деп Европада V-XVғасырлар арасында кең тараған, бастапқы жаратушы күш-Құдай, бүкіл дүние-құдай құдіретінің көрінісі деп сенетін, мойындайтын философиялық бағытты айтады. Теологиялық философия-б.д I-V ғасырларында Рим империясында христиандық пен антикалық философия негізінде дамып, б.д. XIII ғасырларында өзінің көркею шыңына жетті. Теологиялық философияның дамуы екі кезеңнен тұрады: 1.патристика; 2.схоластика. Патристика-(лат. «pater» - «әке» сөзінен) христиандық идеяларды көпқұдайлы мәжуси діндерден, стоялық, эпикурейлік, неоплатондық, т.б. идеялардан қорғаған «шіркеу әкелерінің» теологилық-философиялық көзқарастары. Патристика үш кезеңге бөлінеді: 1.аполетика-христиандық дүниетанымды қалыптастыру мен қорғауда рөл атқарады; Өкілдері:Квинт Сентимий, Тертуллиан; Ориген, Тит Флавий Климент. 2. Классикалық патристика-хрстиандық ілімді негіздеп ж/е жүйелеп, оның философиялық қағидаларын тұжырымдады. Өкілдері: Григорий Нисский, Әулие Августин. 3. Патристиканың соңғы кезеңі-христиандық догматиканы тұрақтандырады. Өкілдері: Боэций, Иоанн Скотт Эриугена. Теологиялық философияның ІІ кезеңі болып табылатын схоластиканың өзі де үш даму кезеңінен өтті: 1. Ерте схоластика(9-12 гасыр); өкілдері: Эригуина, Абеляр, Кентерберийлік Ансельм. 2.Гүлденген схоластика(12-13ғасырлар); Өкілдері: Ұлы Альберт, Аквиналық Фома. 3.Кейінгі схлоластика(13-14ғасырлар) өкілдері: Дунс Скотт, Уильям Оккам. Бұл кезең аралығында христиан діні қудалаудан құтылып, зайырлы билікпен бірігіп, өз ықпалын кеңейте түсті. Шіркеу рөлі күшейіп, қо,амдық өмірдің барлық салаларына ж/е ең алдымен рухани салаға ықпалын жүргізді. Осылайша ортағасырлық дінге тәуелді болған философия-«діннің қызметшісіне» айналды. Теоцентрлік христиандық дүниетаным екі идеяға құрылды:1. Христиандық фил/ның онтологиясының негізінде жатқан жарату идеясы; 2. Хрис/дық фил/дағы таным тур. ілімнің негізі болып табылатын ашылу идеясы. Хрис/дық фил/дағы барлық сұрақтар теоцентизм, креационизм, првиденциализм тұрғысынан қарастырылды. Ортағасырлық теологиялық фил/ны «схоластикалық фил/я» деп атау қабылданған.Оның мақсаты-Шіркеу догматтары мен діни ілімді фил/лық тұрғыдан негіздеу болғандықтан, схоластикалық фил/я көп ұзамай-ақ творчествалық ізденіске бағытталған ғылым емес, қатып-семген, жеміссіз мектеп-университет пәніне, «құдайтанудың себепшісіне»айналды. Схоластика-Інжілді(Библияны) қатаң нормативтік мәтін(текст), абсолютті ақиқат ретінде қарастырады. Библия сөзінің астарындағы Құдай ойын түсінуге тырысқан схоластар сансыз пікір-сайыс пен даулар жүргізіп,жүздеген фил/қ томдар жазды.
Ортағасырлық философия мен теологияның басты догматтары:
жаратылғандық догматы б/ша: Құдай дүниені жоқтан жасады; әлемдегі бірден-бір, жалғыз бастама-Құдай; Құдай мәңгі, тұрақты ж/е Құдай барлық жерде; т.с.с. Тану догматы б/ша: дүниені тану Құдайды тану арқылы ғана іске асады; Құдай адам танымынан жоғары; Құдайды ж/е Ол арқылы дүниені танудың жалғыз жолы-Інжілді талдау; т.с.с.
Ортағасырлық теологиялық фил/да фил-я қарастыратын мәселерінің негізгісі-қайырымдылық пен зұлымдық мәселесі. Қайырымдылық пен зұлымдық мәселесімен қатар басқа да сұрақтарға ортағасырлық тео/лық фмл/ның беретін жауаптары оптимистік сипатта. Антикалық фил/мен салыстырғанда ортағасырлық теологиялық фил/я материя мен идеяны, материализм мен идеализмді қарсы қоймайды. Сонымен қатар ежелгігрек философтары, мысалы, Аристотель біртұтас мән деп атаған болмысты теологиялық фил-я: 1. болмыс-экзистенция (тіршілік ету), 2. мән-эссенция(бар болуы) деп екіге жіктейді. Экзистенция нәрсенің тіршілкте бар-жоғын, тіршілік ететін-етпейтінін көрсетеді. Эссенция-сол нәрсені сипаттайды.