Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фил дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
140.69 Кб
Скачать

21. Конфуцийдің философиялық көзқарасы

Конфуций (б.з.б. 551, Цзоу, Лу патшалығы (қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйфу қаласы – 479 ж.ш., сонда) – Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы. Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнының негізін қалаушы. Конфуцийдің мектебінде төрт пән – ақлақ (мораль), тіл, саясат және әдебиет оқытылды. Конфуций ілімі ол қайтыс болғаннан кейін б.з.б. 136 ж. мемлекеттік идеологияға айналған шақта ол “он мың ұрпақтың ұстазы” деп жарияланды. Мемлекет Конфуцийді 1503 ж. қасиеттілер, әулиелер қатарына қосты. Конфуций есімі Қытайда 1911 ж. болған ұлттық-буржуазиялық революцияға дейін ресми түрде ардақталған. Конфуций өзіне тән төл ілім жасамаған деген пікір қалыптасқан, ол Ежелгі Қытайдың бес классикалық шығармасын – “Шуцзин” (тарих кітабы), “Щицзин” (әндер мен гимндер кітабы), “Лицзин” (рәсімдер туралы жазбалар), “Юэцзин” (музыка туралы кітап), “Ицзин” (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеген және оларға түсіндірмелер берген. Конфуций ілімінің өзіндік сипаты антропоцентризммен, яғни адамды ғаламдық ғимараттың кіндігі және ең жоғарғы мақсаты деп білетін көзқараспен айқындалады. Конфуций ой-пікірінің негізгі мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да ғаламат зор “5 ізгілікті” ұғындыруға арналған. Ол адам проблемасына, оның ақыл-ойына, адамгершілік кескін-келбетіне мол көңіл бөлді. Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын “сяо” тұжырымдамасы да осы қатарда. Бұл екі ұғым жасы үлкен мен орны жоғары адамдарға сый-құрмет көрсетіп отыруға, ел басына адалдыққа, т.с.с-ларға негізделген этик. және әлеуметтік қатынастар жиынтығын білдіреді. Этикалық теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген атақты сөзі кеңінен мәлім. Конфуцийдің мемлекетті “адамгершілікпен басқару” теориясы оған дейін де болған идеяға – басқарушы билігін құдіреттендіру идеясына сүйенді. Халықты салық, салғырт салумен қинамай, әдет құқығы негізінде басқаруды қош көрді. Ең бастысы – шынайы принципті әрқашан басқарушы қатаң ұстануға тиіс деп білді, сонымен бірге адамдар мен олардың игіліктеріне қамқорлық көрсету – басқарушы парызы. Адамдардың байлық пен мәртебені бәрінен жақсы көріп, кедейлік пен жасқанбаушылықты жек көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс. Билеуші үшін – кісі сеніміне ие бола білу өте қажет.

22. Сократ философиясындағы адам мәселесі

Сократ (шамамен б.з.д. 470-339 ж.ж.) – ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешкен. Одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. Сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде. Сократ этикалық реализмді жақтады:1. «кез-келген білім»-ізгілік»; 2. «кез-келген зұлымдық білімсіздіктен туады» деп түсінді. Сократ ізгілік туралы ілімді тұжырымдады. Ол ілім б/ша: адамды ізгілікті ететін-ненің ізгі,ненің зұлымдық екені туралы білім. Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың диалог түріндегі өтетін ашық әңгімелерінің тақырыптары: ізгілік, байлық, даңқ, денсаулық, сұлулық, махаббат, адамшылдық, зұлымдық, т.б. Мұндай әдіске тап болған адам алғашында қарапайым сұрақтарға оңай жауап бергенімен біртіндеп шатасып, қайшылықтың шешімін таба алмай дағдарады. Осыдан барып сұраққа жауап берушінің өз-өзінің санасына үңілуіне, бұған дейін талғамсыздық пен білімсіздіктен иланып келген, бедел санаған қағидалар мен ойлардың жалғандығы мен жасандылығына, негізсіздігіне көз жеткізуіне себепші болады. Ой тұңғиығына көңіл көзімен саяхат жасайтын мұндай артыс-тартыстан кейін соң ол адам-мәселег жан-жақты қарап, білгенін тереңдете түсуге, білмейтінін өз бетінше іздеуге үйренеді. Ал,адам өзінің рухани өміріне үңілген сайын ақылы мен парасаты жағынан байи түсетіні белгілі. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды. Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек.

Сократ ілімінің тарихи мәні:

  1. Білімді насихаттады;

  2. Адамзатты толғандырған мәңгілік сұрақтарға жауап іздеді;

  3. Маевтика әдісін ашты, пайдаланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]