- •1.4.Философиялық білімнің негізгі сипаттары
- •2 Философияның қызметтері.
- •3 Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.
- •5.Дүниеге көзқарас ж/е оның құрылымы.
- •6 Философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •7. Философияның мәдениет жүйесіндегі орны.
- •9.Көне Үнді философиясы:негізгі мектептері және өкілдері
- •10.Көне Қытай философиясы және оның негізгі мектептері
- •11.Антика философиясының пайда болуы, оның ерекшеліктері
- •12.Шығыс пирепатетизмі: оның негізгі өкілдері
- •13. Схоластиканың негізгі кезеңдері мен өкілдері
- •14.Платон философиясы
- •15.Аристотель философиясы
- •16. Аврелий Августинның діни-философиялық көзқарасы.
- •17.Фома Аквинскийдің діни философиялық көзқарасы
- •18. Орта ғасыр мұсылман философиясындағы ғылым мен философияның дамуы
- •20. Қайта өрлеу дәуір философиясындағы гуманизм және антропоцентризм
- •21. Конфуцийдің философиялық көзқарасы
- •22. Сократ философиясындағы адам мәселесі
- •23. Орта ғасыр философиясы, оның теологиялық сипаты
- •24. Қайта өрлеу дәуір философиясы, жалпы сипаттама
- •25.Рационализм бағыты, оның басты проблемалары
- •26. Жаңа заман философиясының орталық мәселелері
- •27.Неміс классикалық философиясы, оның философиядағы орны және рөлі
- •28.Ф. Бэкон және индуктивті әдістің негіздері
- •31.Фейербах антропологиялық материализм
- •32.Р. Декарт және дедуктивті әдістердің принциптері
- •34.Канттың сыни философиясы
- •35.Гегельдің философиялық көзқарасы
- •36.Фейербахтың антропологиялық антропологиялық материализмі
- •37.Фихте философиясының орталық қағидалары.
- •38.Позитивизм философиясының эволюциясы
- •39. «Өмір философиясы» оның негізгі өкілдері.
- •40.XiXғ. Орыс философиясы.
- •41. Орыс діни философиясы.
- •42. Қазақ философиясының негізгі идеялары.
- •43. Қазақ ағартушылық философиясы
- •45. Гегельдің диалектикалық әдісі
- •48. Мах және Авенариус, философиялық көзқарастың ерекшеліктері.
- •49. Неопозитивизмнің формалары, оның негізгі өкілдері ж/е идеялары
- •50. Экзистенциализм, оның басты проблемалары
- •51.Ницше еңбектеріне философиялық талдау жасау
- •52. Экзистенциализм идеялары: к.Ясперс, м.Хайдегер.
- •53. Экзистенциализм философиясының негізгі категориялары ж/е оның мәні.
- •54. Қазақ философиясының бастаулары: әл-Фараби, ж.Баласағұн, к.А.Яассауи философиясы
- •55. Ш.Уәлихановтың философиялық ж/е қоғамдық саяси көзқарастары.
- •56. Ағартушылық философиясы ж/е ы.Алтынсарин шығармашылығының гуманистік мәні.
- •57. А.Құнанбаевтың философиялық ойлары.
- •58. Ш.Құдайбергеновтың философиялық ойлары.
- •59. Н.А.Бердяев философиясындағы еркіндік мәселесі.
- •XiXғ. Орыс философиясы. 40
17.Фома Аквинскийдің діни философиялық көзқарасы
Фома Аквинский (1225-1274жж.) – орта ғасыр философиясының орталық фигурасы, көрнекті философ, ортодоксальды схоластиканы жүйелендіруші, томизм бағытының негізін қалаушысы. Негізгі философиялық шығармалары: «Теология сомасы», «Философия сомасы», «Інжілге түсіндірме», «аристотель еңбектеріне түсіндірме», т.б.
Ф.Аквинскийдің философиясының негізгі категориясы болып болмыс табылады. Ол бар және ол ақиқат. Соңғы шындық болып Құдай табылады және оның күші үнемі іс-әрекетте.Ф.Аквинский өз еңбектерінде Құдай болмысының бес дәлелін құрастырды:1. Егерде қозғалысты тек механикалық деп алмай толығымен алса бірінші қозғаушыға, яғни Құдайға келмеуге болмайды.2. Егерде дүниедегі барлығының себебі болса, онда бірінші себеп болуы керек, яғни Құдай.3. Дүниедегі мүмкіндіктер мен кездейсоқтықтардың көптігінің бәрі қажетті абсолютті себептілікпен басқарушы керек, яғни Құдаймен.4. Дүниедегі барлығының жоғарғы дәрежесін өлшеу үшін барлық жоғарғылардың абсолютті өлшемі болуы керек, яғни Құдай.5. Барлық дүниедегі тіршілік етушілер анық мақсаттылық дәрежесі бар, сондықтан соңғы және негізгі мақсат Құдай болуы керек.Ф.Аквинский ілімі христиан шіркеуімен жоғары бағаланды, ол құдіреттілердің қатарына кірді.
Аквинский Құдай болмысын ғана емес, бүкіл дүние, тіршіліктің болмыс мәселесін де зерттеді. Ол мән мен тіршілікті ажыратып көрсетті. Бұл католиктиердің өзекті идеяларының бірі. Құдай ақылындағы заттың немесе құбылыстың «таза идеясы», белгілі қасиеттердің жиынтығы мән деп түсіндірілді. Яғни, Құдай еркімен тіршілікке ие болған кез келген зат не құбылыс – мән деп есептелінді.ал, тіршілік ретінде заттың болмысы алынды. Аквинский қоршаған дүние уақытша,тұрақсыз, өйткені бәріне жан беріп, мәнді тіршілікке айналдырған Құдай өзі жаратқан дүниені өзі тоқтатуы мүмкін. Құдай ғана тоқтаусыз, ол мәңгі, құдіретті, тұрақты және ешбір сыртқы факторларға тәуелді емес деген көз қарасты негіздеді.
Фома Аквинскийдің философиялық көз қарастарының негізінде схоластика жүйеленді, философия мен теология екіге бөлініп, философияның теологияға тәуелділігі айқындала түсті. Теология мен схоластиканың біршама қағидалары мен тұжырымдары логикалық түрде дәлелденді.
18. Орта ғасыр мұсылман философиясындағы ғылым мен философияның дамуы
Ислам философиясы ретінде “мұсылмандық ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған ислам мәдениетінің классик. даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Ортағасырлық мұсылман философиясының дамуы екікезеңнен тұрады:
7-9 ғ.ғ араб тілді философияның тууы мен қалыптасуы.
9-15 ғ.ғ араб тілді философияның ежелгі грек философиясын қабылдауы, оның араб-грек философиясына айналуы.
Бірінші кезеңде келесідей бағыттар қалыптасты:
Мутакалимдер;
Мутазилиттер;
Суфизм.
Мутакалиттер – радикалды исламды жақтаушылар. Оның өкілдері исламның діни догмаларын негіздеп, араб-ислам схоластарының рөлін атқарды.
Мутазилиттер – ислам философиясын дамытқанмен, кейбір мәселелерді материалистік тұрғыдан түсіндірді.
Суфизм – адамның өз еркімен сыртқы дүниеден, бұ дүниелік қызықтан бас тартып, өз өмірін Құдай жолына арнауы.
9 ғасырда мұсылман философиясының жаңа 2-ші кезеңі басталды. Ол кезеңде медицина мен жаратылыстану саласындағы жаңалықтар нәтижесінде материалистік идеялардың күшеюі, сонымен қатар, ежелгі грек философиялық идеяларының енуі көрініс табады. Екінші кезеңдегі мұсылман философиясының қалыптасып дамуына көрнекті орта ғасыр ойшылдары Әбу Наср әл-Фараби, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Сина, Әбу Әли ибн Рушд үлес қосты. Олар, қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиясына өз әсерін тигізді. Мұсылман философтардың басты бұлақтары Құран Кәрим және Әз Мұхаммедтiң (с.а.у.) хадистерi болып табылады. Әбу Насыр Әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Әл-Кинди араб философиясының негізін салушы. өскен жері — Бағдат, Басрада білім алған. Зерттеушілер оның 238 трактаты болғанын айтады. Содан біздің заманға жеткені — 29. Екі бөлімнен тұратын “философиялық трактаттары” Египетте М. А. Әбу-Ридтың басшылығымен 1950, 1953 ж. жарық көрді. Еуропада латын тіліне тәржімаланды. Әл-Киндидің “Аристотель еңбектері және олардың философияны меңгерудегі қажеттілігі”, “Алғашқы философия туралы”, “Пайда болу мен жойылудың бізге түсінікті себептері туралы” және “Заттың (субстанцияның) бес мәні туралы” трактаттары ерекше бағалы.Әл-Киндидің еңбектері философияның дамуына зор ықпал жасады. Италиян ғалымы Карден оны әлемдегі үздік жиырма ойшылдың бірі деп атаған. Ол Аристотель шығармаларын араб тіліне аударып, түсініктеме жазды. Сол замандағы озық дүниетанымдық ағым — мутазилиттер көзқарасына сәйкес әлемнің пайда болуы, жаратылуы туралы құнды пікірлер айтқан. Материя, форма, қозғалыс, кеңістік, уақыт, субстанция, сан, сапа сияқты ұғымдарға терең талдау жасаған. Философияның мақсаты мен қызметі туралы нақты тұжырым жасап, оның білім саласындағы орнын анықтауға үлкен үлес қосқан. Ибн Рушд Мухаммед (1126 - 1198 ж.ж.) - Кордово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниелегі өмір туралы аңызды жоққа шығарды. Ибн Рушд философияда «Қос ақиқат» ілімінің негізін қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының негізгі мәні - философиялық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат деп саналатын кейбір құбылыстар философияда жалған болып есептелінуі мүмкін. Сол сияқты философиядағы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының негізгі мақсаты – философияны діннің шырмауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру.
Ибн – Сина – мұсылман философиясын жаңа деңгейге көтерген ойшыл, философ. Негізгі еңбектері: «Емшілік кітабы», «Білім кітабы». Ибн –Сина мұсылман теологтарының біржақтылығын, догматизмін ажуәлады. Және философияны діннен ажыатуға тырысты. Философиялық идеяларды жаратылыстану ғылымының, өзінің медициналық жаңалықтарымен негіздеугетырысты. Құдайдың бар екендігін мойындағанымен, оның құдіретінің шексіз екендігне күмін келтірді. Дүниенің барлығы материалды деп сенді.
19. Аль-Фарабидің философиялық көзқарасы
Әбу Нәсір әл Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында өмір сүрген түркі тайпасында шамамен алғанда 870 жылы дүниеге келген. Әл Фараби Арситотель филсософиясын жүйелеуші, араб мәдени ойына бейімделуші. Әл Фараби алғаш болып эманация туралы идеяны, Құдай құдіретінің толық емес екенін айтты. Аристотель космологиясын жетілдіре отырып, әл Фараби иерархиялық болмыстағы адамның рқлі мен орнын анықтауға тырысты. әл–Фараби өзінің космологиясындағы негізгі көптүрлі Аристотельден алды және оны ары қарай жалғастырды. Фарабидің пікірінше, әлемнің жоғарға, төмен, оңды–солды бөліктері өзара бір зат, нәрсе арқылы немесе күш жәрдемімен байланысады. Әлемді бір–бірін жалғап, басын қосып тұрған әлемдік күш бар. Әл Фараби философиясының негізгі зерттеу объектілерінің бірі – адам. Антика дәуірінің ойшылдары секілді әл Фараби де адам өмірінің мақсаты – бақытқа жету деп түсінеді. Адам әуелі бақыттың не екенін түсініп, оныі өзінің мақсаты ретінде анықтап алған соң ғана оған жетудің жолдарыні танып-біле алады. Әл Фарабидің пікірінше, шын бақыттың не екенін түсінуге көмектесетін – адамның ақыл-ойы. Ақыл адамға күш береді; ақыл-ойына көбірек жүгінген адам ғана жақсы мен жаманды айыра алады. Жігердің үш түрі бар, біріншісі – түйсіктен, екіншісі – елестетуден, үшіншісі – ойлау қабілетінен туындайды деп көрсеткен әл Фараби соңғысын еркін тандау деп атайды және ол адамға ғана тән, басқа жануарларда ол жоқ дейді. Әл Фараби нағыз бақыт деп білімге, ізгілікке және әдемілікке ие болу деп түсінді. Оған жету үшін адамның бойында жігердің осы үш түрінің бәрі де болуы шарт. Бірақ адамдардың бәрі бірдей бақытқа бөлене бермейді, себебі олардың ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері әр түрлі. Бақыттың не екенін, оған қалай қол жеткізуді түсінбеген адам өзінің өмірлік мақсаты етіп мүлде басқа нәрсені таңдап алуы мүмкін. Бұл жағдайда адам абсолюттік ізгілік – бақытқа емес, абсолюттік зұлымдыққа тап болатындығын ескерткен әл Фараби бақытқа бөленуге күші жетпеген адамдарды тәрбиелейтін ұстаз, басшы қажеттігін айтады.Ұстаз, басшы болу, өзінің соңынан басқаларды ерту кез-келген адамның қолынан келе бермейді, ол үшін ерекше қасиеттер керек деген әл фараби өзінің «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде ұстазға тән қасиеттерді сипаттайды. Әл Фараби осы қасиеттердің бәріне ие адамдар өте аз кездеседі дей келіп, олардың алтауы немесе бесеуі бойында бар және елестету қабілеті жағынан басқа адамдардан асып түсетін адам қала басшысы бола алады дейді. Әл Фарабидің ойынша, айналандағы адамдар бақытсыз болса, жеке бақыт баянсыз. Әл Фараби қайырымды қалаға қарсы қалаларды да сипаттайды: надан, азғын, адасқан, қажеттілік және тағы басқа қалалардың ортақ мақсаты жоқ, көздегендері бақытқа жету емес, өткінші байлық пен алдамшы рахатқа бөлену. Мұндай қалаларды алдап-арбау мен сұмдықтың неше түрі, моральдық құлдырау, нәпсіқұмарлық, мансапқорлық, билік құмарлық, надандық, діннен безушілік секілді ізгілікті адамға жат, тағылық қасиеттер жайлайды. Қала басшысы мұндай қала-мемлекетті тек күштің көмегімен басқарады, сондықтан олар әлсіз, болашағы жоқ, дамудың жоғары сатыларына жете алмайды Бір қарағанда әл Фарабидің бұл ізгілікті қаласы утопия немесе қол жет- пейтін идеалды, мінсіз қоғам секілді болып көрінуі мүмкін. Бірақ осы модельдің өзінен біздің жас мемлекетімізге пайдалы көп нәрсені байқауға болады.
